Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Белгісіз азайтқышты табуға арналған есептер.

23 желтоқсан 2017, Сенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қысқа мерзімді жоспар
Математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Белгісіз азайтқышты табуға арналған есептер.
Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары 1. 4. 1. 2 Сандар мен шамалар арасында қатынастарды =, ≠, >, < таңбаларын қолдану арқылы көрсету.
1. 4. 1. 5 Сандық өрнектердің мәнін есептеуді жазуда «+»,«-» «=» таңбаларын қолдану.
1. 4. 1. 9 Қосынды мен қалдықты табуға берілген есептерді талдау және шығару, санды деректер бойынша және оған кері есеп құрастыру.
1. 4. 1. 10 Берілген саннан бірнеше бірлік артық немесе кем санды табуға берілген есептерді талдау, шығару және кері есеп құрастыра білу.
1. 4. 1. 6 6 + □= 10, 10 - □ =4 өрнектерде белгісіз санды □ таңбамен белгілеуді қолдану.
1. 4. 1. 8 Есептерді шешу үшін тірек схемаларын таңдау.
Табыс критерийлері Барлық оқушылар білуге тиісті: есептерді шешу үшін тірек схемаларын пайдалануды біледі;
Оқушылардың көпшілігі: есептерді шешу үшін тірек схемаларын пайдаланып, есепті шығара алады;
Кейбір оқушылар: есептерді шешу үшін тірек схемаларын таңдап, кері есеп құрастырып шығарады, оны түсіндіре алады.

Басы (0 - 5мин.)
Ширату.
Санамақ айту.
1, 2, 3 ал қанекей ұш,
4, 5, 6, 7 мынау ауыл шеті,
8, 9, 10 ал қанекей қон.
Асықпа да саспа,
Бірден қайта баста.

Ортасы (5 - 40 мин.)
Тура және кері санау.
Толық ондықтармен тура және кері санау.
Ауызша есептеулер (электронды оқулықтан)
10 - ға дейінгі сандарды қосу және азайту.
Ой қозғау сұрақтары:
- Есеп дегеніміз не?
- Есептің құрамдас бөліктерін ата.
- Енді үш топқа бөлініп, топ ережесін сақтай отырып, есептің құрамдас бөліктерін сәйкестендіреміз.
- Алдымен топ ережесін құрып алайық.
Топ ережесі:
1. Топ мүшелері ұйымшыл болуы керек.
2. Тәртіп сақтау керек.
3. Тапсырманы мұқият орындау.
4. Уақытқа бағыну. 3 мин
(Т) Есептің құрамдас бөліктерін еске түсіру мақсатында сәйкестендір тапсырмасын орындатамын.
Оларда барлығы неше машина бар? ---------------- Шешуі
4+3=7 (машина) --------------------------------------------- Шарты
Болатта 4 машина, Арматта 3 машина бар. -------- Сұрағы
7 машина ----------------------------------------------------- Жауабы

Әр топ өз жұмысын ұсынады. Қалған топтар оларды бақылап, бағалайды.
(Қошемет көрсету)
- Балалар, сендер есептің құрамдас бөліктерін ажырата білесіңдер екен.
- Бүгінгі сабағымызда тірек сызбаларды пайдаланып, есептер шығаруды үйренеміз.
(Т) Есептің мәтіні мен сызбасы дайын ұсынылады. Топ мүшелері тек шешуі мен жауабын қағаз беттеріне жазады. Қағаздағы есепті алған оқушылар оны шеше бастайды. Топтардың қалай жұмыс істеп жатқанын бақылап жүремін. Оқушылардың есептердің сызбасын қалай талдау жасағанына және қалай шығарғанына назар аударамын. Үш топтың жұмысын талдап, берілген есептер өзара кері есептер екенін қорытындылаймын. Жұмыс соңында оқушылар: «Қосу амалымен берілген есепке кері есеп азайту амалымен орындалады және керісінше болады» деген қорытындыға келеді.
Оқушыларға мынадай сұрақтар қоямыз:
– Бірінші есепті қандай амалмен орындадыңдар? Неге? (қосу амалымен)
– Бірінші есепте бүтін белгісіз. (бүтінді табу үшін, белгілі бөліктерді қосады)
– Екінші есепті қандай амалмен шығардыңдар? Үшіншіні ше? (Азайту амалымен. Екі кері есепте де бөлік белгісіз. Белгісіз бөлікті табу үшін, бүтіннен белгілі бөлікті азайтамыз.)
Шешуі:
1. 6+4=10 машина (Оларда барлығы 10 машина бар)
2. 10 - 4=6 машина (Арманда 6 машина бар)
3. 10 - 6=4 машина (Ермекте 4 машина бар)

(Ө) Бос орынға тиісті санды қой.
90 -□=70
100 -□=50
40 -□=10
90 -□=40
80 -□=50
60 -□=30
70 -□=20
50 -□=10
Тақтадағы дұрыс жауаппен тексеріп, бірін - бірі бағалау.

Шаған ЖОББМ
Мұғалім: Мухамбетжанова С. О.
2 134
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Есептер шығару
Есептер шығару
Шамалар арасындағы қатысты табуға арналған есептерді шығарады.
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер
Санның немесе шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды немесе шаманы табуға арналған есептерді құрастыру және шығару;
Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығару. Зат сатып аламын
Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығару. Зат сатып аламын
3 санының және шаманың үлесін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есеп құрастыру және шығару.
Белгісіз азайтқышы бар теңдеу
Белгісіз азайтқышы бар теңдеу
Қосу мен азайту арасындағы байланыстар негізінде теңдік құру үшін әріпті өрнектер түрінде көрсету және қолдану.
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер. Тақырып аясында берілген есептерді шығара алады, яғни теориялық алған білімін практикада қолдана алады.
Ерітіндіге (концентрацияға) берілген есептерді шешу.
Ерітіндіге (концентрацияға) берілген есептерді шешу.
Ерітіндіге берілген есептерді шығарудағы білімдерін тереңдетеді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×