Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сүйікті көкөнісім - картоп

26 желтоқсан 2017, Сейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сабақтың тақырыбы: Сүйікті көкөнісім - картоп.
Сабақтың мақсаты: көкөністер, картоп туралы мәліметпен кеңінен танысу, септіктер туралы білімдерін жинақтау
Сабақтың міндеттері:
1. Тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын дамыту. Грамматикалық құрылымдарды дұрыс қолдана отырып, тілдесе білуге үйрету.
2. Сызба арқылы өз ойын жеткізе білуге үйрету. Оқушылардың сауаттылығын арттыру
3. Топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Тәртіптілікке баулу.
Күтілетін нәтиже: А - сөздерді аудара алады;
В - Оқушы сөйлемдерді толықтай алады, талдау жасай алады, көкөністер мен жеміс сөздерінің жазылуын біледі;
С - тақырыпты қорытындылай алып, диалог құра алады.

Ұйымдастырушылық кезең 3 минут
Амандасу.
Оқушыларды түгендеу.
Үй тапсырмасын тексеру: мақалдарды жатқа айту
Оқушыларға суреттер таратылады. Картоп, сәбіз, қызылша.
Бағалау парақтарын тарату.

Қызығушылықты ояту. 2 минут
Бүгінгі сабақ не туралы болмақ?
Көкөністер туралы не білесіздер? Инсерт әдісін қолданайық.

Жаңа материалды түсіндіру.
Мәтінмен жұмыс 8 минут
Балалар, сіздерге мәтін ұсынылып отыр, аудармасын тауып, топ арасында алмасу керек. Жаңа сөздер: алғашқы, егеді, кездеседі, құрамы, ақуыз.

Талдау. 7 минут
Оқулық бойынша тапсырмалар орындау:
58 - бет. №1,№3, №6 тапсырмалар: толықтыру, сұраққа жауап беру, сөздерді аудару.

Жинақтау. 10 минут
Әрбір топ суреттегі көкөніс туралы диалог құру немесе көрініс көрсету керек. Басқа топтар бағалайды.

Талдаңыз. 5 минут
Септік жалғауын қосыңыз.
Сүт, сәбіз, қызылша, картоп, ет, пияз, алма, қаймақ, палау, жеміс, май.

Қорытындылау кезеңі. 4 минут
Логиканы тексеру: Сөздердің дұрыс бұрыстығын анықтау керек:

Үй тапсырмасын беру кезеңі 1 минут
Картоп жайлы қызықты мәлімет баяндама жазу. 58 - бет №4 - тапсырма, диалог, төрт тілдесім болу керек.

Бағалау 2 минут
Сабаққа қатысты ұсыныстарын мен пікірлеріңді жазыңыздар.

Бағалауға кірісейік. Бағалау парақшалары бойынша ұпай санау.

Павлодар қаласының
№17 ЖОББСОБМ қазақ тілі мұғалімі
Кожамжарова Гүлсара Серікқызы

Сүйікті көкөнісім - картоп. жүктеу
1 975
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Күз туралы білімдерін толықтыру, көкөністер мен жемістерді сипаттай білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін, көркемдік талғамын дамыту, сөздік қорын молайту. Адамдар еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көңілді көкөністер
Көңілді көкөністер
Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністерді ажыратады. Дауысты дыбыстарды ажыратып жазады
Деңгейлік жұмыс. Көкөністер
Деңгейлік жұмыс. Көкөністер
Деңгейлік жұмыс оқушыны өз оқуын табандылықпен жалғастыруды, оқудың ұзақ кезеңіне ықыласты болуды және оқытудың мақсаттары мен міндеттерін сын тұрғысынан ойлауды, өздігінен оқуға, ізденуге, топпен, жұппен жұмыс жасауға машықтандырады.
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздер мен жаңа сөздердің мағынасын түсіну. Сөз көлемі мен сөздік қорды молайту. Олардың адам денсаулығына пайдалы екендігін ұғыну.
Көкөністі таны және оның атын ата
Көкөністі таны және оның атын ата
Көкөніс тақырыбы бойынша сөздік қорын байытып, сөйлеу барысында қолдану; көкөністерді ұстап көріп, анықтау; тілдің грамматикасын дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру. Ой жүгіртуін, тілді ұға білуін, көріп есте сақтауын, кіші және жалпы моторикасын
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×