Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілері

02 ақпан 2018, Жұма
Категориясы: Кембридж тәсілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5. 1В Натурал сандардың бөлінгіштігі
5 сынып
Тақырыбы: 5. 1. 2. 5 Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілері
Оқу мақсаты 5. 1. 2. 5 Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілерін қолдану
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар: Натурал сандарды оқып, жаза алады; Санның бөлгішін, еселігін таба алады, жұп және тақ цифрларды, жұп және тақ сандар ұғымын біледі, сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілерін біледі
Оқушылардың басым бөлігі: сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілерін есеп шығаруда қолдана алады
Кейбір оқушылар: 10 - ға бөлінетін сандардың 2 - ге де, 5 - ке де бөлінетіндігін біледі; қосылғыштардың, көбейткіштердің жазылулары бойынша 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілерін пайдаланып, мәнін таба біледі
Ойлау деңгейлері
Білу
Түсіну
Қолдану
Жинақтау
Бағалау критерийлері
Оқушы:
*Қандай цифрлар жұп цифрлар екенін біледі;
* Қандай цифрлар тақ цифрлар екенін біледі;
*Жұп сандар мен тақ сандарды ажырата алады, мысал келтіре алады;
*Бөлінгіштік белгісінің ережесін біледі
*2 - ге қандай сандар бөлінетінін біледі;
*5 - ке қандай сандар бөлінетінін біледі;
*10 - ға қандай сандар бөлінетінін біледі;
* Ауызша есептеу жүргізе алады және есептеудің дұрыстығын тексере алады.

Тілдік мақсаттар: Оқушылар:
санның цифрлар арқылы жазылатынын біледі, жұп және тақ сандарды оқып, тани алады, санның бөлгіштері мен еселіктері, сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілерін біледі
Лексика мен терминология: Жұп цифр, тақ цифр, жұп сан, тақ сан
- егер сан... цифрымен аяқталса, онда ол... бөлінеді;
Құндылықтарды дарыту: Оқушы ынтымақтастық ортада, ұйымдаса отырып жұмыс жасайды, өзгенің көзқарасына құрметпен қарауға үйренеді, басқалардың пікірлерін тыңдауға, өз пікірін ашық айтуға дағдыланады
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, жаратылыстану
АКТ қолдану дағдылары: Интербелсенді тақта, слайд, постер
Бастапқы білім Натурал сандар, нөл саны, натурал санның бөлгіштері, натурал санның еселіктері, жай сан, құрама сан

Сабақтың басы
Топқа бөлу: оқушылар 2, 5, 10 сандардың біреуін таңдау арқылы топқа бөлінеді.
№1.«Сен маған - мен саған» ойыны арқылы үй тапсырмасы тексеріледі
Өтілген сабақпен жаңа сабақты байланыстыру сұрақтары: (4 мин)
1. Натурал санның бөлгіші дегеніміз не?
2. Қандай сандар еселік сандар деп аталады?
3. 22 санының бөлгіштерін атаңыз?
4. 5 санына еселік сандарды атаңыз.
5. 254, 540, 321, 80, 610 сандарының қайсысы 10 - ға бөлінеді?

Сарыжаз орта мектебі
Көзімбаева Жамал Әубәкірқызы

Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілері. жүктеу
Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілері. слайдты жүктеу
3 701
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып Геометрия 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері
Натурал санның бөлгіші мен еселігін табу анықтамаларын біледі.
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. Жай және құрама сандар
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. Жай және құрама сандар
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін табуда есе арттыру мен есе кеміту арқылы берілетін санның еселігі мен бөлгішін табуға болатындығының сырын ашып түсінеді.
Натурал сандардың 9-ға және 3-ке бөлінгіштік белгілері
Натурал сандардың 9-ға және 3-ке бөлінгіштік белгілері
Оқушыларды берілген санның цифрларының қосындысына қарап, оның 3ке, 9 - ға бөлінетіндігін ажырата білуге үйрету; натурал сандардың 3 - ке, 9 - ға бөлінгіштік белгісінің тұжырымдамасын айта білуге дағдыландыру; 3 - ке және 9 - ға бөлінетін көп
13- ке бөлінгіштік белгісі
13- ке бөлінгіштік белгісі
Орал қаласы, А. Тайманов атындағы №34 мектеп – гимназиясы Г. С. Исмагулова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×