Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қысқа мерзімді жоспарлар

08 ақпан 2018, Бейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Математика
Əдістемелік нұсқау
Жалпы білім беретін мектептің
2 - сынып мұғалімдеріне арналған əдістемелік нұсқау

Алғы сөз
Құрметті əріптестер!
Сіздер ҚР білімінің мазмұнын жаңарту шеңберінде оқулықтар мен бағдарламаларды сынау жөніндегі жұмысты (жаңартылған МЖБС жəне бастапқы оқыту бағдарламасы бойынша) жалғастырып жатырсыздар.
Жаңа білім беру стандарты мен бағдарлама математиканы қоршаған ортаны түсіну жəне зерттеу тəсілі ретінде қабылдауды дамытады. Осындай көзқарас математиканы үйрету емес, математика арқылы оқыту идеясын іске асырады, яғни оқушыға дүниені математикалық білім, біліктер жəне іс - қимыл тəсілдері арқылы тануға мүмкіндік береді.
Осындай көзқарас оқушының математикалық білім алуға, жаңа түпнұсқалық шешімдерді іздеуге қызығушылығын дамытады.
Бағдарлама когнитивтік дағдыларды (түсіну, түсіндіру, талдау, синтез, жіктеу, қолдану жəне көрсету); коммуникативтік жəне əлеуметтік дағдыларды; сондай - ақ өзін - өзі басқару жəне өзін - өзі реттеу дағдыларын дамытуды көздейді.
Сонымен қатар бағдарлама тұлғалық қасиеттерді (білімпаздық, мақсатқа ұмтылу, жауапкершілік жəне т. б.) дамытады.
Қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерін үйрету арқылы, оның ішінде математиканы оқыту кезінде үштілділік саясатын іске асыру жаңа стандарттар мен бағдарламалардың ерекшелігі болып табылады.
2 - сыныпқа арналған «Математика» ОƏК ерекшеліктеріне тоқталамыз. ОƏК - нің құрамы: Оқулық (4 бөлім). oЖұмыс дəптері (4 бөлім). Мұғалімге арналған əдістемелік нұсқау.
Құрамында жаттығу, жиналмалы полотно, сабақтарға арналған тұсаукесер материалдары, ойын - тұсаукесерлер, үлестірмелі материалдары баркомпакт - диск.
Оқулық сабақтар бойынша құрылған. Оның пішіні мен безендірілуі оқушылардың жас ерекшеліктеріне сəйкес келеді.
Тақырыптардың əрқайсысын зерделеудің алдында мақсаттар картасы берілген. Ол мұғалімге, оқушыға жəне ата - анаға тақырыпты меңгерудің негізгі міндеттері мен нəтижесін түсінуге, формативтік бағалауды жүргізуге жəне жиынтық бағалауға дайындалуға мүмкіндік береді.
Жаңа бағдарламаларға сəйкес оқулықта математикалық тақырыптардың ғана емес, лексикалық тақырыптардың да (олардың барлығы 2 - сыныпта барлық оқу пəндерін зерделеу кезінде толассыз болып табылады) бар екені анық көрінеді. Лексикалық бөлімдердің тақырыптары тиісті түстермен бөлектенген. Лексикалық тақырыптардың болуы мұғалімге сабақты бір тақырыппен біріктіруге мүмкіндік береді. Бұдан басқа лексикалық тақырып қоршаған орта заттары мен құбылыстарын математика арқылы зерттеуге ықпал етеді, бұл материал өмір мен пəнаралық байланысты іске асырады.

№ Сабақтың тақырыбы / лексикалық тақырып
1А бөлімі – Екі таңбалы сандар
1. 1 - сабақ.
0 - ден 10 - ға дейінгі сандар. 11ден 20 - ға дейінгі сандар. Толық ондықтар. 100. /Мен лагерьде демалдым
2. 2 - сабақ. 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар./ Менің мектебім
3. 3 - сабақ. Екі таңбалы сандардың ондық құрамы./Менің сыныптас достарым
4. 4 - сабақ. Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамы. /Менің досым
5. 5 - сабақ. 1А бөлімі бойынша жиынтық жұмыс.
1В бөлім - Сандармен амалдар орындау
6. 6 - сабақ. Ондықтан аттап қосу
/ Менің қызығушылығым
7. 7 - сабақ. Ондықтан аттап азайту / Менің
қызығушылығым
8. 8 - сабақ. 11 санының
құрамы. /Менің сүйікті ойындарым
9. 9 - сабақ. Бекіту/Менің сүйікті ойындарым
10. 10 - сабақ. 12 санының
құрамы. /Менің сүйікті ойындарым
11. 11 - сабақ. Бекіту. / Менің сүйікті істерім
12. 12 - сабақ. 13 санының құрамы./ Менің сүйікті істерім
13. 13 - сабақ. 14 санының құрамы./ Менің сүйікті үй жануарларым.
14. 14 - сабақ. 15, 16 сандарының құрамы. /Мен үлкендерге көмектемесін
15. 15 - сабақ. 17, 18 сандарының құрамы. /Анама көмектесемін
16. 16 - сабақ. 20 көлеміндегі сандарды қосу жəне азайту кестесі. /Мен санағанды
жақсы көремін
17. 17 - сабақ. Бекіту. /Менсанағанды жақсы көремін
18. 18 - сабақ. 100 көлемінде ауызша қосу жəне азайту.
/Үй жұмыстары
19. 19 - сабақ. 100 көлемінде ауызша қосу жəне азайту./Оқудағы отбасының рөлі
20. 20 - сабақ. 100 көлемінде ауызша қосу жəне азайту./Отбасымен бірге демалыс
21. 21 - сабақ. 100 көлемінде ауызша қосу жəне азайту./Мен топта жұмыс жасаймын
22. 22 - сабақ. 100 көлемінде ауызша қосу жəне азайту./Бірге жұмыс жасаймыз
23. 23 - сабақ. Қосудың
ауыстырымдылық жəне терімділік қасиеттері./Менің сөмкем
24. 24 - сабақ. Бір жəне екі амалмен орындалатын есептер./Мен мектепке баратын жол
25. 25 - сабақ. Бір жəне екі амалмен орындалатын есептер./Жұппен жұмыс жасаймыз
26. 26 - сабақ. 1В
Бөлімі бойынша жиынтық жұмыс
1С бөлім – Шамалар жəне олардың өлшеу бірліктері
27. 27 - сабақ. Өлшеу құралдары. /Достармен бірге жасаған жұмыс
28. 28 - сабақ. Метр. /Мен өсіп келемін
29. 29 - сабақ. Центнер. /Мен өлшеймін жəне таразыға
тартамын
30. 30 - сабақ. Шамалармен амалдар орындау./Мен өлшеймін жəне таразыға тартамын
31. 31 - сабақ. 1Сбөлімі бойынша жиынтық жұмыс
32. 32 - сабақ. Тоқсандық жиынтық жұмыс.

Қысқа мерзімді жоспарлар. жүктеу
3 600
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. Шынықсаң – шымыр боласың
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. Шынықсаң – шымыр боласың
Көбейту жəне бөлу – өзара кері амалдар екенін түсіну, көбейту жəне бөлу амалдарының компоненттері арасындағы байланысты анықтау.
Мен – үлгілі баламын. Р дыбысы мен əрпі
Мен – үлгілі баламын. Р дыбысы мен əрпі
Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау
Модуль идеяларын тізбектелген сабақтар топтамасына енгізгенін негіздеуі жəне енгізу тиімділігін бағалау
Модуль идеяларын тізбектелген сабақтар топтамасына енгізгенін негіздеуі жəне енгізу тиімділігін бағалау
Модуль идеяларын тізбектелген сабақтар топтамасына енгізгенін негіздеуі жəне енгізу тиімділігін бағалау
Аспапта ойнауға үйретудің негізгі əдістері
Аспапта ойнауға үйретудің негізгі əдістері
Оқытудың тəсілі - əдіс элементі, оның құралдас бөлімі, əдісті тарату жолы. Мұғалім баяншының жұмысында қолданатын тəсілдер нұсқауға, ередеге бағыштау, ойнау бврысында ескертпелер, аспапта жекеленген дағдыларды, тағы басқаларды ойнау, əндету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×