Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесі

10 ақпан 2018, Сенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесі
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары): әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау (5. Т/Ж2)
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:
• Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.
Оқушылардың басым бөлігі:
• Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.
Кейбір оқушылар:
• Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
Бағалау критерийі: Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік
Жаңа білім
Ресурстар: Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.
Алдыңғы тақырып: «Менің атым Қожа» хикаятын мазмұндау

Басталуы 5 минут
Топқа бөлу 2 минут
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Арман қуған баламыз
Ақылды бала боламыз
Білімменен нәр алып
Түбінде адам боламыз!
Жалғайтын достастырып бар елменен
Адамгершіліктен тұрады ғой әлем деген
Бүгінгі бізге жақын достарменен
Сабағымыз басталсын сәлемменен
3 минут Амандасу тренингі
Үш тілде амандасу
Балалар, адамгершілікке қандай қасиеттер жатады?
Достық
Білімділік
Жомарттық
Қонақжайлылық
Мейірімділік (Қолдарыңызға берілген қағаз бойынша топқа бөліне қойыңыздар)

Ортасы 20 минут Білу және түсіну 10 минут «Сұрақ – жауап»

1. Бердібек Соқпақбаев туралы не білесіңдер?
2. «Менің атым - Қожа» фильмінің режессері кім?
3. Шығарманыі басты кейіпкері кім?
4. Прототип деген кім?
5Лагерьге жолдама бермегені үшін Майқанова апайды ренжіткен Қожаның ісіне қалай қарайсың?
6. Оқулық алу үшін мұғалімді алдағаны дұрыс па?
7.“Бір секундқа кідіріп, мұрнымды көкке шүйіріп, маңғаздана қалдым да, қолымды кеудеме қойып, тәжім еттім. Мұным балалардың құрметіне сыпайыгершілікпен қайтарылған жауап болды да шықты. Балалар ду күліп жіберді.” Қожа қандай бала?
8.“Қысқы кешті” жаттамаған Жантас не істеді? Онысын қалай бағалайсың?
9“Қысқы кешті” жаттамаған Қожа қандай күйде болды?
10.- Қара Көже мынаның не екенін білесің бе? Біз лагерьге баратын болдық. Ал сен көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдың. Осы сөздерімен Жантастың қандай сипаты көрінеді?

11.– Мама! Сен жылап жатырмысың? Маматай қойшы! Ең соңғы рет кешірші! Ант етемін! – деп, Қожа мамасының тізесін құшақтай жығылған қалпында жылап жіберді. Қожа қандай бала?
12. Қожаның құпия кеңес ашып, түзу жолға түсемін деп, өзіне - өзі серт беруі оның қандай бала екендігін көрсетеді?
Қолдану 8 минут Топтарға тапсырма:
(Мәтін бөліктерін тарату)
Не туралы екенін айту
Жоспар құру
Кейіпкерлерге мінездеме
І топ Жантасқа мінездеме береді
ІІ топ Сұлтанға мінездеме береді
ІІІ топ Майқановаға мінездеме береді
ІV топ Қожаға мінездеме береді
V топ Анасына мінездеме береді

Ақтөбе қаласы,
Ш. Құдайбердіұлы атындағы№66 ЖББОМ
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Шатаева Орынгул Сапаргалиевна

Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесі. жүктеу
14 014
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 2. 1. 1. 1 - тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
100 - ге дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну; 100 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау.
М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы
М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы
Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау
«Қобыланды батыр» жыры. Кейіпкерлер бейнесі
«Қобыланды батыр» жыры. Кейіпкерлер бейнесі
Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама - қарсы суреттеулерді табу.
Есептер шығару
Есептер шығару
Санаудың ірі бірлігі – жүздікті құрастыру; 1000 - ға дейін жүздіктермен санау, жазу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×