Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наурыз мейрамы

02 наурыз 2018, Жұма
Категориясы: Кембридж тәсілі
Тақырыбы: Наурыз мейрамы.
Ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Тіл дамыту.
Мақсаты: *Балаларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы туралы білім бере отырып, ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы жақсы екендігін ұғындыру; Наурыз мейрамын сипаттау арқылы байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
Білімдік: қойылған сұрақтарға толық жауап беруге, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Ойындар арқылы сөздік қорын, тіл байлықтарын дамыту
Тәрбиелеушілік: Халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Алдын ала жұмыс: сергіту сәтіне, саусақ жаттығуына, тіл ұстартуға арналған жаттығуларды жаттату.
Сөздікпен жұмыс: Кереге, уық, шаңырақ, түндік, т. б.
Қажетті құрал - жабдықтар, көрнекіліктер: Слайдтар, суреттер, сандық, хат, ойынға керекті заттар, жүрекшелер, доп, үлестірмелі топшамалар, кілт, т. б.

Ұйымдастыру - іздестіру
Жаңа тақырып
Балаларға Наурыз мейрамы туралы өлең шумақ арқылы аттады.

- Балалар, бүгін біз сендермен күнделікті өмірде кездесіп жүрген ата - бабаларымыз тойлайтын Наурыз мейрамы туралы толығырақ білетін боламыз.
Слайд көрсету.
- Балалар бұрынғы заманда ата - бабаларымыз киіз үйде тұрған. Кеиіз үй көптеген бірнеше жабдықтардан тұрады атап айтып кетейік(кереге, шаңырақ, уық түндік)
Осы киіз үй жабдықтары туралы өлең шумақтары туралы өлең шумақтар айтып кетейік.
Кереге:
Ыңғайлы жоқ өзіндей,
Тез жиналар, қаласаң
Тор жол дәптер көзіндей -
Керілгенде қарасан.

Оқулықпен жұмыс.
Суреттегі Наурыз көже неден жасалатынын атау.
(су, тары, ас тұзы, айран, бидай, күріш, ет) осындай жеті түрлі тағам қосып Наурыз көжесін дайындайды.
«Өз ойыңды айт»ойыны Шарты: тәрбиеші допты балаларға лақтырады, ұтып алған бала Наурыз мейрамында дайындалатын ұлттық тағамдарды айтады.

Сөздік жұмыс.
Кереге, уық, шаңырақ, түндік.

Ойын: «Ойлан тап»
Ойын шарты: Әр дыбыстан басталатын сөз ойла. – бастапқы әріптерден құралған сөзді бір сөзбен қалай айтуға болады?

Наурыз мейрамы. жүктеу
17 066
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз
Наурыз
Халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл күйін көтеру. Көктем мезгіліндегі табиғат сұлулығын байқай білуге тәрбиелеу. Наурыз — қазақ халқының жаңа жыл екенін түсіндіру.
Наурыз келді
Наурыз келді
Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден ерекшелігін түсіндіру. Мерекелік тілектер, дәстүрлер туралы түсінік беру. Балаларды халқымыздың салт - дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Наурыздағы тілек
Наурыздағы тілек
Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамы туралы түсінік қалыптастыру, наурыздағы тілектің мән мағынасын тану
Армысың, Әз Наурыз!
Армысың, Әз Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Наурыз - жыл басы
Наурыз - жыл басы
ШҚО, Аягоз қаласы, "Д. Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп"КММ даярлық тобының тәрбиешісі Садвакасова Гульнур Турарбекқызы
Наурыз өлеңдер. Салт өлеңдер
Наурыз өлеңдер. Салт өлеңдер
Оқушыларды тұрмыс – салт жырларымен, соның ішінде наурыз өлеңдерінің түрлерімен таныстыру, т. с. жырлары туралы бiлiмдерiн бiр жүйеге келтiру; ерекшелiгi, ұлттық сипаты, түрлерi туралы оқушыға жаңа бiлiм беру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×