Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күрделі сөздерден өткенді қайталау

19 сәуір 2018, Бейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сабақтың тақырыбы: Күрделі сөздерден өткенді қайталау
Сабақ негізделген оқу мақсаты: Оқушыларға күрделі сөздер жайлы ұғындыру. Күрделі сөздің мағынасына қарай төртке бөлінетінін, жасалу жолын түсіндіру.
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар істей алады: Төменгі сыныпта күрделі сөздерден өткен материалдарын еске түсіріп, сөздерге талдау жасап, сөйлем құрап, білімдерін кеңейтіп, түрлерімен танысады.
Оқушылардың көпшілігі істей алады: Оқушының тіл байлығы артады, шығармашылық қабілеттері шыңдалады, сөйлеу мәнері, азаматтық бейнесі қалыптасады.
Кейбір оқушылар істей алады: Оқушылар өз беттерімен ой түйеді, ізденеді, ойын ашық айтады. Әр түрлі әдістер арқылы белсенділік, көшбасшылық қабілеттері айқындалады. Сыни ойлау дағдылары дамиды.
Алдыңғы меңгерілген білім: Сөз тұлғасын біледі. Күрделі сөздерді мағынасына қарай ажырата алады.

І. Ұйымдастыру кезеңі 3 мин
Топқа біріктіру
Сәлемдесу. Сынып ішінде түстер үйлесімділігіне байланысты
жағымды атмосфера қалыптастыру. Күрделі сөздерді таңдау арқылы топқа біріктіру.
Сыныпты 4 топқа біріктіру. 1 - топ «Біріккен сөздер» тобы, 2 - топ «Қос сөздер» тобы, 3 - топ «Қысқарған сөздер» тобы, 4 - топ «Тіркесті сөздер» тобы
Сабақ мақсатын анықтау жетістік критерийімен таныстыру.
1. Күрделі сөздер туралы білетін боламын.
2. Күрделі сөздердің мағынасына қарай бөлінетінін түсіне аламын.
3. Сөйлем ішінен талдай аламын және таба аламын.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау 1 мин
- Балалар өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?

ІІІ. «Ойлы сұрақ - ұтымды жауап» әдісі
Оқушылардың үйге берілген тапсырма бойынша білімдерін жинақтау мақсатында әр топқа сұрақтар қойылады, сұраққа ойланбастан жауап беру керек.
І топ: Кім жылдам? (ауызша)
Төмендегі сөздердің қайсысы дара, қайсысы күрделі сөздер екенін ажыратып айтыңдар.
Арқар, арқан, арқар мүйіз, аспан, аспаз, аспан көк, асқазан, асығып - аптығу, астан - кестен, дәнекер, жолсерік, жылы ұшырау, көркемөнерпаз, қара бүлдірген, қара күрең, қара торы, жомарт, дәреже
ІІ топ:
Төмендегі сөздердің қайсысы қос сөздер? Қайталама ма әлде қосарлама ма? Ауызба – ауыз, жөн - жөнімен, құрт – құмырсқа, киім - кешек, ата - ана, кескін - келбет, зу - зу, алуан - алуан, оқи - оқи, жүре - жүре.
ІІІ топ:
Төмендегі сөздердің қайсысы біріккен сөздер? Шекара, отандық, Екібастұз, көлбақа, жезтырнақ, аумалы - төкпелі, мәдениет сарайы, алтын сағат, шаңсорғыш.
ІV топ: Төмендегі сөздерден қысқарған сөздерді табыңдар?
Кеңшардан қаладағы элеваторға астық тасып жатқан кез.
ҚБТУ – ға талапкерлер көп жиналды. Олар 20 км – ден астам жүрді.
Сұрақтарға ұтымды жауап берген оқушылар мадақтау арқылы бағаланады.

№ 158 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Кетепова Жаухар

Күрделі сөздерден өткенді қайталау. жүктеу
2 125
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есімнің мағыналық түрлерін біледі, сөйлем ішінен таба алады.
Жұбан Молдағалиев «Ар - ұят туралы» өлеңі
Жұбан Молдағалиев «Ар - ұят туралы» өлеңі
Қазақтың ұлы ақыны Жұбан Молдағалиевтің өмірі туралы мәлімет беру, ақынның өмірбаянына тоқталу, бұрынғы білімдерін тереңдету. Өлеңнің идеясымен таныстырып, ақын мұратын ұғындыру.
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Қазақтың ұлы ғалым - зерттеуші, этнограф, жазушы Шоқан Уәлиханов туралы мәлімет беру, ақынның өмірбаянына тоқталу, бұрынғы білімдерін тереңдету.
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім. Сын есімнің дара және күрделі түрлерін ажырата білу;
Құрылымы күрделі теңдеу
Құрылымы күрделі теңдеу
Берілген есеп мысалдардың орындалу жолдарын біледі Қалдықпен берілген есепті шығарады, күрделі теңдеуді шығара алады.
Күрделі функция
Күрделі функция
Күрделі функция ұғымын, күрделі функцияны табу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×