Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қысқа мерзімді жоспар (тарих 5 - сынып)

25 сәуір 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қысқа мерзімді жоспар
Тарих 5 - сынып
Жылына 68 с, аптасына 2 c.

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе сабақ
Зерттеу сұрағы: Қазақстанның ежелгі тарихында не оқытылады?
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Ежелгі Қазақстан тарихына жалпы шолу
Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийі: Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзыреттілік

Ежелгі Қазақстан
Ресурстар: Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс: Музыка, қазақ тілі.
Алдыңғы оқу: Қазақстан тарихы туралы түсінік

Басталуы 5 минут
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Топтарға бөлу.
Киімдер бейнеленген карточкалар ұсыну. Оқушылар таңдаған киімдерге сай топтарға бөлінеді.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут
«Балалық шақтан қызықты оқиға»
Мақсаты: эмпатияны дамыту.
Нұсқаулық: «Сіздердің алдыңызда қорапша тұр. Сол қорапшадан билет суыруларыңыз қажет. Ол билеттерде «Балалық шақ», «Балалық шақтан қызықты оқиға» билеті түссе, сол мұғалім өзінің балалық шақтан бастан өткізген қызықты оқиғасын айтып береді.
Талдау:
Өздеріңізді қалай сезінудесіз?

Жаңа білім 10 минут
Білу және түсіну
Тарих - бұл адам қоғамының өткені мен осы уақыты туралы, нақты формадағы, кеңістік - уақыттық өлшемдегі қоғамдық өмірдің дамуының заңдылықтары туралы ғылым. Тарихтың мазмұны - бұл адам өмірінің құбылыстарындағы көрінетін тарихи процесс, тарихи ескерткіштер мен деректерде сақталған мәліметтер болып табылады. Бұл құбылыстар әртүрлі, яғни шаруашылықтың дамуына, елдің ішкі және сыртқы қоғамдық өміріне, халықаралық қатынстарына, тарихи тұлғалардың қызметіне қатысты болып келеді.

Тарих - ғылым бір - біріне сәйкес көп жақты, ол тарихи білімнің жеке салаларынан қалыптасады, дәлірек айтқанда: экономикалық, саяси, әлеуметтік, азаматтық, әскери, мемлекет пен құқық, дін т. с. с. Тарихи ғылымдарға халықтардың тұрмыс - салтын зерттейтін этнография, және ежелгі дәуірдің заттай деректер - еңбек құралы, үй жиһаздары, әшекей заттар, қоныстар, молалар т. б. зерттейтін археологияның да қатысы бар.
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
Зерттеу сұрағы: Қазақстанның ежелгі тарихында не оқытылады?
«Жариялау» әдісі
(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 минут) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді).

Кіріспе сабақ. Қазақстанның ежелгі тарихында не оқытылады? жүктеу
Алғашқы адамдардың өмірі. жүктеу
Қазақстан территориясындағы тас дәуірінің тұрақтары. жүктеу
Адамдардың шаруашылық өміріндегі өзгерістер және еңбек құралдарының жетілдірілуі. жүктеу
Ботай мәдениеті. жүктеу
Қазақстан территориясында металлургияның пайда болуы. жүктеу
Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері. жүктеу
Қазақстанның жартастарға салынған ежелгі суреттері. жүктеу
8 619
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 2. 1. 1. 1 - тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
Шығармашылық жұмыс. Көркем еңбек
Шығармашылық жұмыс. Көркем еңбек
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 5. 1. 5. 2 - Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау 5. 1. 6. 4 - Таңдаған тәсілдерінің қасиеттерін ескере отырып, көркемөнер материалдарын, техникаларын пайдалану және эксперимент жүргізу
Ұлттық сәндік натюрморт
Ұлттық сәндік натюрморт
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 5. 1. 6. 4 - Таңдаған тәсілдерінің қасиеттерін ескере отырып, көркемөнер материалдарын, техникаларын пайдалану және эксперимент жүргізу 5. 2. 3. 3 - Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың
Натюрморт өнері
Натюрморт өнері
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 5. 1. 5. 2 - Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау
Сиқырлы дәрі жасаймын. Жұрнақ пен жалғау.
Сиқырлы дәрі жасаймын. Жұрнақ пен жалғау.
Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Есептер шығару
Есептер шығару
Санаудың ірі бірлігі – жүздікті құрастыру; 1000 - ға дейін жүздіктермен санау, жазу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×