Білімділер поралы

Зат есімнің жекеше және көпше түрі

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрі
2 сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаттары
2. 1. 4. 1 - тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
2. 2. 6. 1 - мұғалімнің көмегімен белгілі бір тақырыпта жазылған мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын (жанры, мәтін түрі) табу
2. 3. 6. 1 - бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу
Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийі: Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Ресурстар: Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс: Музыка, әдебиеттік оқу.

Басталуы 5 минут
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Шаттық шеңбері.
« Аялы алақан» тренингі. Оқушылар бір - біріне алғыс айтады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Топқа бөлу: Жануарлар суреттері арқылы 4 - топқа бөлінеді.
Оқушыларға бағалау парақшасы беріледі.

Жаңа білім 10 минут
Білу және түсіну
Өткенді пысықтау: « Суретшінің қатесін тап»
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады
Суреттердің астындағы сөздерді салыстырып, содан өзің қорытынды жасап көр.
Оқушыларға видеоролик көрсетіледі.

«Өрмекші торы» әдісі бойынша өткенді пысықтау. Жалпыға арналған тапсырма:
- Зат есім дегеніміз не?
- Кім? Не? деген сұрақтар қай уақытта қойылады?
- Жалқы есім дегеніміз не? Мысал келтір.
- Жалпы есім дегеніміз не? Мысал келтір
- Зат есімнің жекеше түрі мен көпше түрі деген не?
- Көптік жалғауларды ата.

49 - жаттығу. Өлеңді оқиды. ( Әр топтан бір оқушы).
 Көгершін қандай құс?
 Оны неліктен «Бейбітшілік» құсы деп атайды?
Балалар суретті сипаттайды.

Мұғалімнің аты-жөні: Ескараева Г. У.

Зат есімнің жекеше және көпше түрі. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Аяулы ана - асылым!
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адамдық диханшысы
  • Асель28
    Жазған: Асель28
  • Акниет Нурым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Мейрамгали Акниет
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 193
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 192
Роботтар: 2
Ахметова Сулушаш Заркешовна
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика