Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Төрт түлік

08 маусым 2018, Жұма
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қазақ тілі 5 сынып
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі.
Сабақ тақырыбы: Төрт түлік
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.
Көптеген оқушылар: Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.
Кейбір оқушылар: Білімді сыныптастарына түсіндіріп, оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
Жетістік критерийлері Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік мақсаттар: хат, жарнама, хабарландыру

Құндылықтарды дамыту
Пәнаралық байланыстар: Музыка, қазақ тілі.
Бастапқы білім: №1 Бақылау жұмысы

Сабақтың басы Топқа бөлу 2 минут
Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын. Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
3 минут
«Төрт түлік» туралы сұрақтар қою

Сабақтың ортасы Білу және түсіну 10 минут
І. Төрт түлік туралы не айтаcыңдар?
1. Қой - төрт түліктің ұсағы. Күзгі терісінен - тон, қысқы терісінен тұлып тігеді. Жүнінен киіз басады. Жіп иіріп, қолғап, шұлық тоқиды. Қойдың сүті қою, жағымды болады.
2. Сиыр ірі қараға жатады. Оны көбіне - көп сүті үшін ұстайды. Сиырдың сүтінен қаймақ, май, айран, құрт, сүзбе, ірімшік дайындайды.
3. Жылқы - төрт түліктің бірі. Саусаң - қымызы сусын, мінсең - көлік. Суыққа төзімді. Оның майы салқында тоңазымайды. Еті де, қымызы да ем.
4. Түйе – түлік басы. Түйе – көштің көлігі. Оған көбінесе жүк артады. Сүтінен шұбат, қымыран дайындайды. Жүнінен жылы киім тоқиды.

Қолдану 8 минут «Интервью» әдісі
Төрт түлік пірлері туралы не білесіңдер?
Тыйым сөздер.
* Қой қырқатын қырықтықты бос қайтармайды, жүнге орап береді.
* Қой қоздап жатқанда біреуге мал сыйламайды, сатпайды.
* Мал айдап келе жатқан адамға "айдар көбейсін" дейді, ал малшыға "бағар көбейсін" дейді
* Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды.
* Мал сүйегін пешке салма.
* Қойдың жүнін, мүйізін отқа жақпайды.
* Ақты төкпе
Малды теппе
* Малға теріс мінбе
* Малдың басынан ұрма
Мақал – мәтел мәйегі:
1. Мал өсірсең қой өсір
Өнімі оның көл көсір
2. Малды баға биі, бабын таба біл

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы,
Қарасу ауылы, № 74 жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Момынова Динара

Төрт түлік. жүктеу
1 799
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз және оның мағынасы. Боксшы
Сөз және оның мағынасы. Боксшы
Ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Сөз және оның мағынасы»
«Қобыланды батыр» жыры. Кейіпкерлер бейнесі
«Қобыланды батыр» жыры. Кейіпкерлер бейнесі
Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама - қарсы суреттеулерді табу.
Электролиттік диссоциация теория тұрғысынан электролиттің қасиеттері
Электролиттік диссоциация теория тұрғысынан электролиттің қасиеттері
Химиялық формула, теңдеу құру, есеп шығару біліктіліктерін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге, өз білімін бағалап тексеруге баулу.
Сандар сыры
Сандар сыры
Ондықтар, жүздіктерді құрастыру; 1000 - ға дейін жүздіктермен санау, жазу
Орхон - Енисей ескерткіштері. «Күлтегін» жыры
Орхон - Енисей ескерткіштері. «Күлтегін» жыры
Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×