Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәтін. Сөйлем. 1 - 5 жаттығулар

10 маусым 2018, Жексенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сабақ: Мәтін. Сөйлем. 1 - 5 жаттығулар
3 сынып
Сабаққа негізделген оқу мақсаты:
● Мәтін туралы біледі;
● Мәтіннің түрлерін біледі
● Мәтін мен сөйлем арасындағы байланыс туралы біледі.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтін түрін білу; сауатты көркем жазу
Оқушылардың басым бөлігі: мәтін түрлерін ажырата білу
Кейбір оқушылар: сөйлемді түсіндіріп оған бірнеше мысалдар келтіру арқылы дәлелдей білу
Тілдік мақсат: Оқушылар: мәтін туралы түсінік бере алады
Негізгі сөздер мен тіркестер: сан есім
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: 1) мәтін деген не?
2) әңгімелеу мәтіні деген не?

Талқылауға арналған тармақтар: Қайсысы сөйлем, қайсысы мәтін?
Сіз неліктен бұл мәтін екенін айта аласыз ба?
Жазылым бойынша ұсыныстар: мәтінге ат қой

Басталуы (Кіріспе)
10мин 1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесу;
б) оқушыларды түгендеу;
в) жұмыс орнының сабаққа дайындығын тексеру;
г) оқушылардың көңілін сабаққа аудару.
2. Қызығушылықты ояту: «Сөз құра» ойыны арқылы Берілген сандарды өсу ретімен қойғанда «Жазғытұры» сөзі шығады. Ол сөз туралы не білетіндерін сұрап өту
Абайдың «Жазғытұры» өлеңін хормен оқиды.

Жазғытұры ќалмайды ќыстың сызы,
Масатыдай ќұлпырар жердің жүзі.
Жан - жануар, адамзат анталаса,
Ата - анадай елжірер күннің көзі
Осы өлең жолдарын оқыту арқылы көктем мезгілін еске түсіру. Көктем мезгілінде тулған балалар бар ма?
Егер бар болса, онда бүгін оларды құттықтайтын боламыз. Және көктем мезгіліне саяхат жасайтын боламыз. Олай болса қазір сендермен
3. «Гүл таңда» ойынын ойнап өткен сабақтарды қайталаймыз.

мәтін дегеніміз не?
мәтін түрлерін ата?
сөйлем дегеніміз не?
сөйлеммен мәтіннің айырмашылығы не?

4. Үй жұмысын тексеру
28 - жаттығу
- Кәне, тексеріп өтейік.(оқушылар кезекпен оқып шығады)
- Жарайсыңдар!

Негізгі бөлім 25мин
Жаңа сабақ
1) Мұғалім түсіндірмесі
1 - жаттығу Мәтінді түсініп оқы және көшіріп жаз
Мәтін не туралы?
Мәтін екенін дәлелде
Қарамен жазылған сөздің түбірін тап
2 - жаттығу Әр бөлікті оқы. Қайсысы сөйлем, қайсысы мәтін? Өз жауабыңды дәлелдеп бер. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, мәтінді көшіріп жаз.
3 – жаттығу
Мәтінді оқы. Ол не туралы? Мәтінде неше сөйлем бар?
Мәтінге ат қой.
Мәтіндегі сөйлемдер жігін ажыратып, көшіріп жаз
Берілген сөйлемдерің хабарлы сөйлем екенін дәлелде.

Сергіту сәті
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке
4 - жаттығу Мына сызба бойынша әңгімелеу мәтінін құрастыр

Павлодар облысы, Шарбақты ауданы,
Хмельницкий жалпы білім беру орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Сагит Кулзипа

Мәтін. Сөйлем. 1 - 5 жаттығулар. жүктеу
2 659
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Липидтер
Липидтер
Липидтердің түрлерін атайды.
Қазақ тілі пәнінен карточкалар жинағы
Қазақ тілі пәнінен карточкалар жинағы
Қазақ тілі пәнінен карточкалар жинағы. 1. Ауызекі тіл дегеніміз не? 2. Мазмұндама дегеніміз не? 3. Мәтін дегеніміз не? 4. Мәтін қалай құралады?
Зеректік. Есімшенің септелуі
Зеректік. Есімшенің септелуі
Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Мәтін мазмұнын түсіндіре отырып қазіргі технология жаңалықтары туралы өз ойларын айтуға үйрету, есімшенің септелуін меңгерту
Ж. Аймауытов Қартқожа
Ж. Аймауытов Қартқожа
Көркем шығарманы талдай білуге төселеді, сын тұрғысынан ойлап, өз пікірін қорғауға дағдыланады. Шығарманың көркемдік ерекшеліктерін сипаттай алады.
Программалау тілдері
Программалау тілдері
Оқушылар программалау тілдерін біледі. Программамен жұмыс жасауды біледі
Мәтін (пайымдау)
Мәтін (пайымдау)
Мәтіннің пайымдау түрін толық меңгерту, суреттер арқылы мәтін құрастырып, пайымдай білуге баулу Баланың тілін бейнелі сөзбен байыту, сөйлеу мәдениетін дамыту, сауатты көркем жазу дағдыларын жетілдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×