Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алғаш рет оқуға келген күнім.

17 тамыз 2018, Жұма
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сабақтың тақырыбы: Алғаш рет оқуға келген күнім.
А. Байтұрсынұлы.
Мен қалай оқуға бардым?
2 сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 2. 1. 3. 1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу.
2. 2. 1. 2 - шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу.
2. 3. 2. 1*- мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер, жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар құрастыру.
Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:
Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийі: Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Ресурстар: Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс: Музыка, қазақ тілі.

Басталуы
5 минут Бағалау парақшасымен таныстыру
Топтарға бөлу.
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Аялы алақан»
Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.
Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)

Жаңа білім 10 минут
Білу және түсіну
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.
«Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі
Берілген жаңа тақырыпты түсіндіру үшін сыныптан өз еркімен бір оқушы Көшбасшы ретінде өзін ұсынады. Көшбасшының қалауынша мәтінмен жұмыс жүргізу.
Ахмет Байтұрсынов – көрнекті ғалым, дарынды ақын, қоғам қайраткері. Ол Қостанай обылысы, Торғай атындағы, Сартүбек деген жерде туған. «Қазақ» деген атпен газет шығарды. Арай әріпі негізінде балаларға арналған тұңғыш қазақ «Әліппесін» жазды. (толығырақ компьютерден)

Ортасы 10 минут
Қолдану
Дәптермен жұмыс.
Мен қалай оқуға бардым?
Менің Әбіш деген құрдасым бар еді. Әкесі оны оқуға берді. Бір күні ойнайын деп бардым. Әбіш кітап оқып отыр екен. Тыңдасам, кітабында жұмбақ, мақал, өлең, басқа да жақсы сөздер көп екен.
Оқу үйренсем, мен де сондай оқыр едім деп, ойға қалдым. Үйде қайтып келдім. Оқуға барамын дедім. Әкем мен анам бұл ойымды ұнатты. Ертеңіне әкем мені оқуға апарып берді.
Талдау
«Ыстық орындық» орындық әдісі
(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.
Жаттығудың сипаттамасы:

Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.
Сен оқуға қалай бардың?

Алғаш рет оқуға келген күнім. жүктеу
2 934
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 2. 1. 1. 1 - тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
Шығармашылық жұмыс. Көркем еңбек
Шығармашылық жұмыс. Көркем еңбек
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 5. 1. 5. 2 - Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау 5. 1. 6. 4 - Таңдаған тәсілдерінің қасиеттерін ескере отырып, көркемөнер материалдарын, техникаларын пайдалану және эксперимент жүргізу
Ұлттық сәндік натюрморт
Ұлттық сәндік натюрморт
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 5. 1. 6. 4 - Таңдаған тәсілдерінің қасиеттерін ескере отырып, көркемөнер материалдарын, техникаларын пайдалану және эксперимент жүргізу 5. 2. 3. 3 - Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың
Натюрморт өнері
Натюрморт өнері
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 5. 1. 5. 2 - Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау
Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдары. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдары. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 5. 1. 2. 1 - Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу 5. 1. 3. 1 - Шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс
Сиқырлы дәрі жасаймын. Жұрнақ пен жалғау.
Сиқырлы дәрі жасаймын. Жұрнақ пен жалғау.
Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×