Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сыныптағы танысу. Сөйлем

23 қазан 2018, Сейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сауат ашу 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сыныптағы танысу. Сөйлем.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1. 1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну
1. 7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1. 1. 1. 1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну.
Сабақтың мақсаттары: Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері: Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір - біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары: Аудиожазба, таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік: Менің сыныбым - мой класс - my class

Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру (5 минут)
Бала, бала, балапан
Қане, қайсы, алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай - былай ойнат.
Бала, бала, балапан
Қане, қайсы, алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай - былай ойнат.
– Балалар, бір - біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың ортасы
№1 Бүгін бір - біріңмен танысасыңдар. Өздерің сияқты оқушылардың танысқан кезінде не айтқанын тыңда.
№2 Көңілді танысу. Әр шардағы суреттің көмегімен балалардың атын тауып көр.
Дәптермен жұмыс

Сергіту сәті 1 минут
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Мұғалім: Салманова Тұмар Рахымбайқызы
Сыныптағы танысу. Сөйлем. жүктеу
Сыныптағы танысу. Сөйлем. жүктеу
587
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Сыныптағы танысу. Сөйлем.
Сыныптағы танысу. Сөйлем.
тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну.
Ас - адамның арқауы. Дыбыстар мен әріптер
Ас - адамның арқауы. Дыбыстар мен әріптер
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту.
Өзім туралы. Сәлем саған мектебім! Сөйлеу.
Өзім туралы. Сәлем саған мектебім! Сөйлеу.
Сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдайды. Анық сөйлеу арқылы, тақырыпты талқылайды.
Кел, танысайық! Осы менің туған елім! Сөйлем
Кел, танысайық! Осы менің туған елім! Сөйлем
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Өзім туралы. Сәлем саған мектебім! Сөйлеу.
Өзім туралы. Сәлем саған мектебім! Сөйлеу.
Сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдайды. Анық сөйлеу арқылы, тақырыпты талқылайды.
Бізді қоршаған әлем. Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі
Бізді қоршаған әлем. Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі
Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.