Білімділер поралы

Көп таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға жазбаша бөлу тәсілдері

Математика 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Көп таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға жазбаша бөлу тәсілдері.
Қалдықпен бөлу.
Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат - міндеттері:
а) ақпараттық құзіреттілік: Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлуді дұрыс орындауды қалыптастыру, сәйкес қалдықпен бөлуді орындау.
ә) коммуникативтік құзіреттілік: Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу біліктерін арттыру.
б) проблеманы шешу құзіреттілігі: Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлуді дұрыс орындауға, сәйкес қалықпен бөлуді орындауға машықтандыру.
Сабақтың типі: аралас
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: білім беруді ізгілендіру, тірек сигналдары арқылы оқыту, дамыта оқыту
Сабақтың әдісі: көрнекілік, практикалық, түсіндірмелі - иллюстративті
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері
Оқыту құралдары: оқулық, кестелер

І. Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу, түгендеу;
оқу - құралдарының дайындығын, кезекшінің жұмысын тексеру;
сабақтың мақсат - міндеттерін таныстыру;
бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту, назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Good morning, good morning
Good morning to you
Good morning dear Teacher
We are glad to see you!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Дәптерлерін жинап алады.

ІІІ. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық.
1 тапсырма. «Ауызша санау»
Әрбір торкөз 4 апельсин деп санасаңдар, әрбір себетте неше апельсин бар?

2 тапсырма
«Иә - жоқ» математикалық диктант
• 29 бен 3 - тің нәтижесі 87 - ге тең.
• 5 санын 19 есе арттырдық, 85 деген сан пайда болды.
• 17 мен 5 - тің қосындысын 4 есе арттырдық, 98 деген сан шықты.
• 56 - ның жетіден бір бөлігін 12 есе арттырдық, 96 саны шықты.
• Бірінші көбейткіш 25 - тің бестен бір бөлігіне, екінші көбейткіш 11 - ге тең. Сонда нәтиже 55 - ке тең.
• 12 мен 8 - дің көбейтіндісі 100 - ден кем.
• 57 мен 37 - нің айырмасын 4 есе арттырдық. 90 саны пайда болды.
• Бөлінгіш 72 - ге, бөлгіш 20 мен 11 - дің айырмасына тең. Сонда бөлінгіш 9 - ға тең болады.
• Бірінші көбейткіш 37 мен 4 сандарының қосындысына, екінші көбейткіш 2 - ге тең. Көбейтіндінің мәні 82 - ге тең болады.
3 тапсырма
«Үндемес» ойыны.
Ауызша есептеу арқылы мәнін тауып, қолданылған амалдарды үш тілде атап айту.
800 + 600 - 1 200 • 8 - 900 + 6 • 10 - 60
66: 22 • 15 - 8 • 5 + 15 • 7 - 20: 2
640: 8 + 5 + 2: 3 •10+ 6 + 4: 2•3
- Қандай амалдар қолданылды?
Оқушылардың білмегендерін мұғалім өзі айтып өтеді.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар!
Көп таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға жазбаша бөлу тәсілдері. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 176
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 176
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика