Білімділер поралы

Ұзындықты өлшеу

Сабақ тақырыбы: Ұзындықты өлшеу
Математика 1 - сынып
Оқу мақсаты: 1. 1. 3. 1. ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық); өлшеуге арналған әдістерді, құралдарды таңдау; өлшеу.

1. 1. 3. 2. (см/кг/л) өлшем бірліктерін қолдану арқылы шамаларды өлшеу;
Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі:
Кейбір оқушылар:
Ресурстар: оқушылардың әрқайсысына берілетін сызғыш; қатты қағаздан жасалған ұзындықтары 1 см және 10 см екі өлшеуіш жолақ; қалың қағаздың 1 парағы; қайшы.
Тірек сөздер өлшеуіш; сантиметр.
Сабақтың мақсаты: Стандартты емес өлшеуіштермен өлшеудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру; оқушыларды ұзындықтың өлшем бірліктері арқылы бақылау, салыстыру жолдарымен таныстыру.

Стандартты емес өлшеуіштермен өлшеудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру; оқушыларды ұзындықтың өлшем бірліктері арқылы бақылау, са - лыстыру жолдарымен таныстыру.

Сабақта ұзындықтың өлшем бірлігі — сантиметр ұғымы енгізіледі. Практикалық іс - әрекеттер негізінде оқушылардың кесінділерді сызғышпен өлшеу дағ - дысы қалыптасады, сонымен қатар ұзындықты өлшеудің нәтижесін сантиметр арқылы көрсете білетін болады. Ұзындықтың стандарт өлшем бірлігі стандартты емес өлшем бірлік — өлшеуіш арқылы түсіндіріледі. Өлшеуіш — бұл қандай да бір заттың ұзындығын табу үшін алынған белгілі бір ұзындыққа ие, заттың ұзындығын, көлемін және массасын өлшеуге арналған құрал.

Өлшеуіш ұғымын, айталық, адамның бойын оның табанының ұзындығымен өлшеу арқылы түсіндіруге болады.

Бұл жағдайда табанның ізі — бой өлшеуіш ретінде алынады. Оқушыларға адамдар ерте кезден бастап - ақ ортақ өлшем бірліктерді енгізгенін түсіндіріңіз. Бүгін ұзындықтың стандартты өлшем бірлігі — сантиметрмен танысатынын хабарлаңыз. Екі түрлі жолақты көрсетіңіз: олардың біреуінің ұзындығы 1 см, ал екіншісінікі — 10 см және оларды “кішкентай өлшеуіш” және “қалың қағаздан жасалған жолақ” деп атаңыз. Жолақтың үстіне кішкентай өлшеуіш жолақты салып, жұппен өлшеуді ұсыныңыз. Оқу - шылар жолақтың ұзындығының 10 өлшеуіш екенін анықтаулары тиіс. Содан кейін кішкентай өлшеуіштің те ұзындығы болатынын айтыңыз және оның ұзындығы — 1 см екенін хабарлаңыз. Сонымен “Қалың қағаздан жасалған жолақтың ұзындығы 10 см” деп айтуға болатынын ескертіңіз. Содан кейін ұзын - дықты өлшейтін құралдың болатынын және оның біреуін сызғыш деп атайтынын айтыңыз да, сызғыш - тың өзін көрсетіңіз.
Осыдан кейін оларға мынадай сұрақтар қойыңыз:
— Сызғыш неге ұқсас? (Оқушылардың жауабы.)
— Онда нелер бейнеленген? (Цифрлар мен кішкентай бөлік сызықтар.)
— Сызғыш сандық сәулеге ұқсай ма? (Сызғыштағы үлкен бөліктердің арасы бірдей.)
Бір бөлік пен екінші бөліктің арасы 1 см екенін айтыңыз. Сонымен қатар “1 сантиметр” деген сөзді қысқаша “1 см” деп жазуға болатынын ескертіңіз. Оқушыларға кесінділерді сызғыштың көмегімен қалай өлшеуге болатынын көрсетіңіз. Олардың назарын өлшеу кезінде кесіндінің бір ұшын 0 санына дәл келтірудің маңызды екенін және екінші ұшы сол кесіндінің ұзындығын сантиметрмен көрсететін санға дәл келетінін айтып пысықтаңыз.
Мұғалімнің есімі: Рисжанова Э. А.
Ұзындықты өлшеу. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 177
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 177
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика