Білімділер поралы

Денсаулық – зор байлық

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық – зор байлық
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау.
Мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және талқылау.
Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау.

Басы 5 мин
Ұйымдастыру.
Психологиялық ахуал туғызу.
«Шаттық шеңбері» тренингі арқылы оқушылар сәлемдеседі, бір - біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік білдіреді: «Бүгінгі күнің сәтті болсын!», «Жақсы баға алуыңа тілектеспін!», «Жүзіңнен күлкі кетпесін!», т. б.

Үй тапсырмасын тексеру.
(МК) (Ө) «Кофе араластырғыш таяқшалар» әдісімен сұрақтарға жауап береді.
Бағалау: «Үш шапалақ»

Қызығушылығын ояту.
- Ал, балалар интербелсенді тақтаға назар аударайық.
Балалар, бұл суретте не бейнеленген, қандай жұмбақ ой жатыр?
(МК) Оқушылар сурет арқылы сабақтың тақырыбын, мақсаттарын анықтайды.
«Салат» әдісімен оқушылар 3 топқа бөлінеді. Жемістер алдын ала оқушының партасында жатады.
(алма, алмұрт, банан)

Ортасы
Сөздікпен жұмыс.
Жаңа сөздермен мұғалім таныстырады, оқушы тағы өзі оқып, таныс емес сөздерді сөздік дәптеріне жазып алады.
«Денсаулық»бейнефильмі.
«Миға шабуыл» стратегиясы арқылы оқушыларға сұрақ.
- Денсаулық дегеніміз не?
- Балалар адамның денсаулығы мықты болу үшін не
істеуіміз керек? Қалай ойлайсыңдар?

Мәтінмен жұмыс.
Оқушылар мәтіннен тірек сөздерді анықтайды. Мәтін мазмұнына болжам жасайды, тыңдап болған соң салыстырады.
Денсаулық - адам өміріндегі ең үлкен байлық. Денсаулықтың арқасында адам еңбек етеді, жетістікке жетеді және бақытты өмір сүреді. Денсаулық - адамның өмірге қанағаттанып, өз ағзасының жағдайын жақсы сезінеді. Денсаулықты сақтау, оны нығайту әрбір адамның өзіне ғана байланысты. Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, спортпен айналысуға көп қөңіл бөлу қажет.
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.

Мәтін бойынша «Саралау» әдісі арқылы тапсырмалар.
Тапсырма. Мәтіннен кестедегі ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс екенін белгілеңдер.

Астана қаласы
№14 мектеп - гимназиясы
мұғалімнің аты - жөні: Капанова Марьям Есентаевна
Денсаулық – зор байлық жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Мейрамгали Акниет
  • ramuk_b
    Жазған: ramuk_b
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 174
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 174
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика