Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөз дәлдігі – ойдың айқындылығы

13 қаңтар 2019, Жексенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қазақ тілі
Сабақтың атауы: Сөз дәлдігі – ойдың айқындылығы
Мақсаты: Сөз дәлдігі – ойдың айқындылығы туралы түсінік
Көрнекілігі: Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Топқа бөлу: Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
«Мейірімділік» тренингі.
- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
- сурет салады
- өз ойларын ортаға қорғайды

Үй тапсырмасын сұрау
Қызығушылықты ояту аза сөйлеу – ой айқындылығының белгісі. Шешендікті қадірлеген халық «Адам аласынан сөз аласы жаман, от шаласынан сөз шаласы жаман» дегенде ана тілінің байлығын бағаламай, туған тілінде таза сөйлей алмаған адамдардың қойыртпақ тіліне қарап қынжылып айтса керек.

Ойдың айқындылығы сөз қолданыстағы дәлдікпен тығыз байланысты. Сөз қолданыстағы дәлдік сөйлеушінің тақырыпты қаншалықты меңгергенімен, ойлау жүйесінің тереңдігімен, кез келген әдеби тілінің байлығы мен нормасын жетік білуімен өлшенеді. Сөз мағыналарын жақсы білген адам сөзді орнымен жұмсай алады. Сөйлеуші сөздердің табиғи мүмкіншіліктерін тура мағынасын, көп мағыналылығын, синонимдік, антонимдік, омонимдік қасиеттерін кең түрде пайдаланумен бірге, сөздерді ауыспалы мағынада, тұрақты тіркестер мен мақал - мәтелдерді қыбын тауып қолдана білгені жөн.

Әрбір қолданыста әр түрлі мағынаға ие болатын көп мағыналы сөздерді өз орнында ұтымды қолдана алса, ой мен ұғым дәлдігіне жетеді. Мысалы, дүние деген сөздің қанша мағынасы бар болса, сонша рет қолданысқа түседі: бүкіл әлем, жер жүзі; өмір, тіршілік; мал, мүлік, көңіл - күй одағайы, т. б. немесе мағынасы бір - біріне жуық, мәндес сөздер болғанымен, синонимдер көп жағдайда бірінің орнына бірі жүре алмайды.

Ал бір - біріне кереғар, қарама - қарсы мағынадағы антоним сөздер – ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің оңтайлы құрамы болып есептеледі.

Кез келген тілде дыбысталуы бірдей, бірақ басқа - басқа мағыналарды білдіретін сөздер қаншама! Ондай сөздерді омонимдер деп атайды. Омонимдерді орнымен қолдану сөйлеуде қателік жіберуден сақтандырады.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні мақал - мәтелдер мен фразеологизмдер дәлдікпен қолданғанда, ойдың айқындалғанымен қоса, сөйлеудің көркемділік деңгейін көтереді.
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Сөз дәлдігі – ойдың айқындылығы жүктеу
11 531
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөздің дәлдігі – ойдың айқындылығы
Сөздің дәлдігі – ойдың айқындылығы
Өзін - өзі дамыту, топпен жұмыс істеу және топ жұмысының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу, өзгелердің жауабын көңіл бөліп оларды талдау.
Сөздің дәлдігі – ойдың айқындылығы
Сөздің дәлдігі – ойдың айқындылығы
Сөз қолданыстағы дәлдік туралы ұғымдарын қалыптастыру арқылы сөйлей білудің шеберлік екендігін ұғындыру. Шешен сөйлеудің мәнерін игеруге ынталандыру. Ой белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, ой бөлісе
Оқушыларға және ұстаздарға арналған тренинг сабақтар
Оқушыларға және ұстаздарға арналған тренинг сабақтар
Атырау қаласы, № 23 орта мектебінің психологы Садуова Гүлназ Серікқызы
Сөз дәлдігі
Сөз дәлдігі
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, № 5 Шонжы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Махпирова Милеза Абдыхуджаевна
Шешендік және сөз мәдениеті тарауын қайталау, қорытындылау
Шешендік және сөз мәдениеті тарауын қайталау, қорытындылау
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласы № 3 жалпы орта білім беретін мектеп КММ қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Жұмаханова Отангүл Бейсекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×