Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлттық ойын туралы не білемін? Э дыбысы мен әрпі

28 ақпан 2019, Бейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сауат ашу 1 сынып
Тақырыбы: Ұлттық ойын туралы не білемін? Э дыбысы мен әрпі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Әріпті тану, ажырату және дыбыспен сәйкестендіру.
Тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну.
Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау.

Басы
- Сәлеметсіңдер ме, балалар қалдарың қалай?
- Қазір қай сабақ?
- Көңіл күйлерің қалай? Көңіл күйлеріңді бас бармақпен көрсетіңдер. Дәл осы сабақта көңіл күйлерің одан да жақсы көтеріледі деген үміттемін.
- Ендеше, шаттық шеңберіне келіп тұрыңдар.
- Бір бірлеріңе допты лақтыру арқылы бүгінгі сабаққа сәттілік тілеңдер. Мысалы, бүгін сабақта белсенді бол.
- Балалар біз бүгінгі сабақта «ұлттық ойын» бағдарламасына баруымыз қажет. Бағдарламаға мына билетсіз кіргізбейді. (Стикер тарату)
- Кетуге дайынбыз ба. Кету үшін мына көліктердің қайсысын таңдайсыңдар? -- Автобус ба? велосипед пе? әлде трамвай ма? Бәрімізге орын жететін әрі жылдам жүретін көлікті таңдайық. (Автобус)
- Ендеше осы сөзді кім буынға бөліп береді. Автобус сендерді алып кетпес бұрын мына тапсырманы берді. «Суретті жұмбақ» ойыны.(алдыңғы білім).
- Сендер, жауап беріп, белсенді болып отырсаңдар қызыл жұлдызшалар беремін. Сабақ соңында жұлдызшаларды санаймыз.
- Автобустың тапсырмасын орындадық.
- Міне, «Ұлттық ойын» бағдарламасына қош келдіңдер көрермендер. Бүгінгі бағдарламамыздың қонағы «Э» дыбысы мен әрпі. Қонағымызды шақыру үшін «э - э - э» деп бәріміз бірге айтайық.
- Дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырады ма? Ұшырамаса, яғни қандай дауысты ма, дауыссыз ба? Э дыбысы бір өзі тұрып та буын құрай алады. Осыны естеріңнен шығармаңдар. Мысалы э - фир.
- Сендерге бүгінгі қонағымыз туралы әжелерің айтып беремін дейді..
- Балалар, тақтадағы сөздерді бірге оқиық. (Сөздерді түсіндіру)
- Енді, бір - бірлеп оқып, буынға бөліп беріңдер.
- Балалар, «э» әрпін сөздің қай бөлігінен көріп тұрсыңдар.
- Балалар, біз бүгін ұлттық ойындарымызды бағдарлама барысында ойнаймыз, ал қазір ұлттық биімізді билейік.

Мектеп: №25 Ақтөбе тірек мектебі (РО)
Мұғалімнің аты: Надирбаева Жаңылсын
Ұлттық ойын туралы не білемін? Э дыбысы мен әрпі жүктеу
1 966
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сыныптағы танысу. Сөйлем.
Сыныптағы танысу. Сөйлем.
тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну.
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Сауат ашу. Ә дыбысы мен әрпі.
Салт - дәстүр және ауыз әдебиеті. Ұлттық кейіпкер туралы не білемін? Я дыбысы мен әрпі
Салт - дәстүр және ауыз әдебиеті. Ұлттық кейіпкер туралы не білемін? Я дыбысы мен әрпі
әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру. дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (я, ю, е дыбыстары - қосарлы дыбыстар) және дұрыс оқу.
Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі
Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі
Д дыбысы мен әрпі. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі.
Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі.
Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі.
Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі.
Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×