Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ө. Тұрманжанов Қарлығаш

28 ақпан 2019, Бейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сабақ тақырыбы: Ө. Тұрманжанов Қарлығаш
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Шығарманың мазмұнын түсіну, өзара топта талдау, өз сөздерімен мазмұндау, мәтінді бөліктерге бөліп, бөлімдер бойынша шығармашылық тапсырмалар орындау.

Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын құру, қызығушылықты ояту. Релаксация
«Құстар сайрауы», «Жыландар ордасы» видеобаянды тамашалау.
1 тапсырма
Саралау әдісі «Жіктеу» тәсілі бойынша оқушыларды «Қарлығаш», «Жылан», «Дәуіт», «Балапан» тобына бөлу (сурет арқылы)
1 - тапсырма Үй тапсырмасы бойынша «Бес сұрақ» әдісімен пысықтау сұрақтары:
1. Жаралы торғай өлеңі не туралы?
2. Торғай қандай жағдайда болды?
3. Торғай неге мұңайып отырды?
4. Торғай кімдерден қиянат көрді екен?
5. Табиғатқа, құстарға қандай қамқорлық керек?
ҚБ: Биржа әдісі бойынша «теңгемен» бағаланады.

Сабақтың тақырыбын, критериймен таныстыру
Бүгін Ө. Тұрманжановтың Қарлығаш тақырыбында берілген мәтінімен танысамыз. Мақсатымызға жету үшін төмендегі бағалау критерилерімен жұмыс жасаймыз.

Бағалау критерийлері:
1. Мәтінді мәнерлеп түсініп оқиды.
2. Мәтіннің мазмұнын бөліктерге бөліп шумақтар бойынша мазмұндайды.
3. Мәтіндегі негізгі кейіпкерлерді табады, ойды ашады.
4. Кейіпкерлердің сыртқы келбетін сипаттап, мінез - құлқы мен іс – әрекетіне баға береді.
5. Құстардың пайдасы туралы дереккөздерін пайдаланып айтады.
6. Мәтін бойынша топта түрлі шығармашылық тапсырмалар орындайды.

Тілдік жұмыс
Қарлығаш - ласточка - swallow,
жылан - змея - snake,
дәуіт - богомол - mantis

2 - тапсырма
Саралау әдісі «Тапсырма» тәсілін инсерт әдісі бойынша орындайды.
Жаңа білімді меңгерту кезеңінде үш топқа шумақтар бөлініп беріледі, мәтінді түсініп оқиды, негізгі ойды анықтайды, мәтінді өзара топта талқылайды, түсіндіреді, мәтіннің мазмұнын мазмұндап айтады.
1 - топ 1, 2, 3, 4 - шумақтар
2 - топ 5, 6, 7шумақтар
3 - топ 8, 9, 10 шумақтар
4 - топ 11, 12, 13, 14шумақтар

Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, негізгі ойды, кейіпкерлерді анықтайды.
Көптеген оқушылар: мәтінді талдай отырып кейіпкерлерге өз көзқарастарын білдіріп әңгімелейді.
Кейбір оқушылар: мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтайды.
Дискриптор: Мәтінді түсініп оқиды, негізгі ойды анықтайды.
Мәтіннің мазмұнын әңгімелейді.
Кері байланыс: мадақтау әдісімен бағаланады.(Жарайсың, жақсы, әліде толықтырулар қажет)
ҚБ: «Биржа» әдісімен бағаланады.
3 - тапсырма
Белсенді оқыту «Зерделеу және зертеу»тәсілі
«Қарлығаш»тобына презентация - таныстырылым жазып қорғайды. Мәтін бойынша өздеріне берілген 4 шумақ өлеңді қолданып қарлығаш құсына сипаттама жасайды.
Постерда, ватманға қарлығаштың ұясы қандай? Қандай құс? Т. б. сұрақтарға жауап.
«Жылан» тобы
шумақ өлеңді қолданып жыланға қатысты сын есімдерді тауып жазады, жыланды салады.
Шұбар жылан, құмар жылан, сұмырай жылан, сұр жылан, қу жылан, суық жылан.
«Дәуіт» тобы
шумақ бойынша қарлығашқа, жыланға, дәуітке байланысты күрделі етістіктерді сөз тіркесімен тауып жазу
Қарлығаш – тірлік етті, бірлік етті, әкеп қойды, сыбанғандай, қуанғандай, көшіріп ұшып кетті, көңіліне жұбанғандай.

Дәуітке қатысты - сыланып тұрды, шұқып көзін ойды.

Жыланға қатысты - жерді қауіп, құлап түсті, сұлап түсті, жылан жетті, бұлап түсті, қалды өліп, кетті көміп өз түбіне өзі жетті.
«Балапан» тобы
Кейіпкерлерге синквейн (бес жолды өлең) құрастырады
Барлық оқушылар: қарлығашқа сипаттама береді, ұясын салады, балапан санын анықтап, кейіпкерлерге мінездеме береді.
Көптеген оқушылар: Сын есімді, етістікті таба алады.
Кейбір оқушылар: Сын есімді, етістікті сөз тіркесімен бірге табады, жануарлар туралы дерек көздерін қолданып сипаттама бере алады.
Дескриптор:
1 Қарлығашқа сипаттама жасады.
2Өлеңнен сын есімдерді таба алды.
3 Өлеңнен етістіктерді кейіпкерлерге қатысты таба алады.
4. синквейн құрап жазады
ҚБ: «Биржа» әдісімен бағаланады.

Сергіту сәті
«Галлерея аралау»
« Қос қарлығаш» әні орындалып тұрады

«КЕЗБЕ ТІЛШІ» әдісімен:
- Галлереядан қандай әсер алдың?
- Өзіңе қандай жаңалық аштың?
Деген сияқты сұрақтар қойып, ой бөлісу

4 тапсырма
Саралау әдісі «Қорытынды» тәсілі барлық оқушыларға бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болғандықтан, оқушылардың әлсіз және мықты жақтарына көңіл бөлу.

Ұжымдық 5 - тапсырма
Мақал - мәтел тізбегінен тақырыпқа қатысты мақалдарды тауып талдау жасау
1. Бірлік болмай тірлік болмайды.
2. Батыр бір өледі, қорқақ мың өледі.
3. Ана - бала үшін жанын отқа тастайды.
4. Шырылдаған торғай да балапанын қорғайды.
5. Өжет адам өлімді жеңеді.
6. Адам көркі шүберек, ағаш көркі жапырақ.

Дескриптор
1 Мақалды талдайды, ойын айтады.

Эссе жазу әдісі. Жұптық жұмыс.
«Қарлығаш» тобы
Дәуітке алғыс айтып Алғыс хат жазады.
«Жылан» тобы Авторға хат жазады
«Қарлығаш» тобы Жарнама шығарады.
«Балапан» тобы
Ержүрек кейпкерді мақтау қағазымен, медальмен марапаттайды.
Қол еңбегін жасайды.
6 - тапсырма
Белсенді оқыту «Қорытынды шығару» тәсілі.
Мақсаты: Сабақта жұмыс барысында шолу жасап қорытындысын
шығару, оқушылардың не үйренгенін түйіндеу.
Есте сақтап ал!
1. Қарлығаш -- киелі құс.
2. Үйге жылан кірсе өлтірмей басына ақ құйып шығар.
3. Дәуіт үйге кірсе, пәле - жала есіктен кетіп, құт - береке төбеден келеді.
4. Қарлығаш төмендеп ұшса жаңбыр жауады.
5. Ордалы жыланға тиіспе!
6. Әлсізге көмек бер!
7. Құстың жұмыртқасын жарма, ұясын бұзба!
8. Табиғатты, жануарларды, көлдерді, өзендерді, құстарды қорға!
9. Қайырымды, мейірімді бола біл!

Дескрипторы:
Тыйым сөздерді тыңдайды, талдайды, түсінеді.
ҚБ: «От шашу» әдісімен бағаланады.
Өлеңді мәнерлеп оқу, оқиға желісіне сурет салу, оқиға мазмұнына сай бес мақал жазып, жаттап келу.
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен рефлексия

Алматы қаласы
№198 жалпы білім беретін мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Байдилдаева Макпал Шамгалиевна
Үздік ұстаз бәйгесіне
Қатысатын категория: бастауыш сынып
Ө. Тұрманжанов Қарлығаш жүктеу
Ө. Тұрманжанов Қарлығаш слайд жүктеу
2 637
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қарлығаш пен дәуіт
Қарлығаш пен дәуіт
Қарлығаш жардың қуысына ұя салып, балапан шығарыпты. Анасы азық әкелуге кеткенде, балапандары шыдамсыздана күтумен болады екен.
Ө Тұрманжанов Жаралы торғай
Ө Тұрманжанов Жаралы торғай
Өлеңді мәнерлеп түсініп оқуға машықтандыру. Өлеңдегі өзекті, түйінді ойды ашуға жағдай жасау.
Ө. Тұрманжанов Қарлығаш
Ө. Тұрманжанов Қарлығаш
Шығарманың мазмұны не жайында екенін түсіну және қарапайым сұрақтарға жауап береді. Өлеңді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, мәнерлеп оқу.
Ө. Тұрманжанов Қарлығаш
Ө. Тұрманжанов Қарлығаш
ойлау дағдыларын қалыптастыра отырып, өлеңді мәнерлеп оқуға өз сөздерімен әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге машықтандыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Өтебай Тұрманжанов «Қарлығаш»
Өтебай Тұрманжанов «Қарлығаш»
Табиғаттың адам өміріне, жан -жануарларға қажеттілігі туралы ғылыми түсінік беру, қоршаған ортаны сақтауға тәрбиелеу.
Құстар
Құстар
Топтағы тәрбиеленушілердің сөздік қорын дамыту, дыбыстарды айта білуге үйрету. Құстар туралы түсінік беру, оларға деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×