Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шамалар

02 шілде 2019, Сейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қысқа мерзімді сабақ жоспары:
Математика
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: **шамаларды ажырату: уақыт; оларды өлшеуге қажетті әдістерді, құралдарды таңдау; өлшеу
**өлшем бірліктерін қолдану арқылы шаманы өлшеу: сағат
Бағалау критерийі: -- Уақыт өлшемдерінің арақатынасын анықтайды.
- Уақытты өлшеу бірліктері мен құралдарын ажыратады және өлшемдер жасайды.
Пәнаралық байланыс: Сауат ашу, дүниетану,
Құндылықтарды дарыту: Бір - бірін сыйлауға, білімділікке, АКТ - ны қолдану: Ноудбук, электронды киіз үй

Басы:
0 - 6 минут.
Ширату.
Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, жылдың төрт мезгілін айтқыза отырып топтарға бөлемін. Топтарға жыл мезгілдерінің суреттерін таратып беремін. Топтағы оқушылар өз тобының атына қатысты жыл мезгіліне сәйкес келетін ай аттары мен ойнайтын ойындарын топтастырып жазулары тиіс. Ай аттары жазылған кеспеқағаздарды таратамын. Әр топ өзінің жылына сәйкес келетін ай атауларын рет – ретімен орналастырып қойып шығады. Мысалы:
Күз айлары – қыркүйек, қазан, қараша.
Қыс айлары – желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Көктем айлары – наурыз, сәуір, мамыр.
Жаз айлары – маусым, шілде, тамыз.
Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, ай аттарын хормен айтқызамын.
- Ай дегеніміз не?
- Ай – 30 немесе 31тәулік (ақпанда – 28 немесе 29) бірдей ұзақтықты құрайтын уақыт аралығы екендігін хабарлаймын.
- Күнтізбе – күндердің апта және ай бойынша жазылуы. Ары қарай оқулықта берілген иллюстрация бойынша сұрақтарға жауап беруді ұсынамын.
- Бүгін қай күн және қай ай?
- Келесі қай ай болады?
- Өзің туған айды ата.
- Барлық айлардың аттарын оқы.
- Қыс, көктем, жаз, күз айларын ата.
Көкейкестілік.
Күнтізбе бойынша анықта.

Тапсырманы топта орындатамын. Күнтізбені пайдалана отырып, сәуір айында кездесетін демалыс күндерінің санын анықтатамын. Тапсырма нәтижесін топтар арасында жүргіземін. Әр топ өз жауаптары жазылған парақшаларын тақтаға ілінеді. Әр топ өз жауаптарын өзге топтардың жауаптарымен салыстырып, қорытынды жасайды.
Жауабы: а) 9 күн, б) 8 күн.

Жұптық жұмыс:
Шығарып көр.
Оқушылар айлардың атауы мен ретін атап, айлармен санаулары тиіс.
Дескриптор:
1. Ай аттарын жұпта қайталайды.
2. Жасырынған ай атын табады.

1. Арман 1 – ші қыркүйек күні Жаңа жылға жылға дейін қанша ай қалғанын білмекші болды. Оған көмектесіп көрейік
Жауабы: 4 айдан соң.
2. Қаңтардан кейін 5 ай өтті. Қазір қай ай болды?
Жауабы: шілде.
3. Асхаттың туған күні тамыздың 4 - і. Тамыз нешінші ай?
Жауабы: 8 ай

Абай атындағы №2 қазақ орта мектебі
Мұғалімнің аты - жөні: Г. Шарипова
Шамалар. жүктеу
1 202
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұзындықты қалай өлшейміз?
Ұзындықты қалай өлшейміз?
ұзындық өлшеуге арналған әдістерді, құралдарды таңдау; өлшемдер жүргізу.
Қысқы математикалық ойындар
Қысқы математикалық ойындар
Шамаларды ажырата білу: ұзындық /масса/ көлем (сыйымдылық); оларды өлшеу үшін өлшемі мен құрал - саймандарды таңдау, өлшеу жүргізу;
Ұзындықты өлшеу
Ұзындықты өлшеу
Стандартты емес өлшеуіштермен өлшеудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру; оқушыларды ұзындықтың өлшем бірліктері арқылы бақылау, салыстыру жолдарымен таныстыру.
Физикалық шамалар. Шамаларды өлшеу. Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі
Физикалық шамалар. Шамаларды өлшеу. Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі
Физикалық шаманы өлшеу туралы, физикалық шаманың мәні туралы түсініктің қалыптасуы, бөліктің құнын анықтауды үйрену.
Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері.
Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері.
Шамалар мəндерін: ұзындық (см, дм, м)/ масса(кг, ц)/ көлем (сыйымдылық) (л)/ уақыт(сағ, мин, ай, жыл) өлшем бірліктерін салыстыру жəне амалдар орындау
Минут
Минут
Шамаларды ажырату: уақыт; оларды өлшеуге қажетті әдістерді, құралдарды таңдау, өлшеу Өлшем бірліктерін қолдану арқылы шаманы өлшеу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×