Сабақтың тақырыбы: Сүйікті көкөнісім - картоп.
Сабақтың мақсаты: көкөністер, картоп туралы мәліметпен кеңінен танысу, септіктер туралы білімдерін жинақтау
Сабақтың міндеттері:
1. Тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын дамыту. Грамматикалық құрылымдарды дұрыс қолдана отырып, тілдесе білуге үйрету.
2. Сызба арқылы өз ойын жеткізе білуге үйрету. Оқушылардың сауаттылығын арттыру
3. Топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Тәртіптілікке баулу.
Күтілетін нәтиже: А - сөздерді аудара алады;
В - Оқушы сөйлемдерді толықтай алады, талдау жасай алады, көкөністер мен жеміс сөздерінің жазылуын біледі;
С - тақырыпты қорытындылай алып, диалог құра алады.
Ұйымдастырушылық кезең 3 минут
Амандасу.
Оқушыларды түгендеу.
Үй тапсырмасын тексеру: мақалдарды жатқа айту
Оқушыларға суреттер таратылады. Картоп, сәбіз, қызылша.
Бағалау парақтарын тарату.
Қызығушылықты ояту. 2 минут
Бүгінгі сабақ не туралы болмақ?
Көкөністер туралы не білесіздер? Инсерт әдісін қолданайық.
Жаңа материалды түсіндіру.
Мәтінмен жұмыс 8 минут
Балалар, сіздерге мәтін ұсынылып отыр, аудармасын тауып, топ арасында алмасу керек. Жаңа сөздер: алғашқы, егеді, кездеседі, құрамы, ақуыз.
Талдау. 7 минут
Оқулық бойынша тапсырмалар орындау:
58 - бет. №1,№3, №6 тапсырмалар: толықтыру, сұраққа жауап беру, сөздерді аудару.
Жинақтау. 10 минут
Әрбір топ суреттегі көкөніс туралы диалог құру немесе көрініс көрсету керек. Басқа топтар бағалайды.
Талдаңыз. 5 минут
Септік жалғауын қосыңыз.
Сүт, сәбіз, қызылша, картоп, ет, пияз, алма, қаймақ, палау, жеміс, май.
Қорытындылау кезеңі. 4 минут
Логиканы тексеру: Сөздердің дұрыс бұрыстығын анықтау керек:
Үй тапсырмасын беру кезеңі 1 минут
Картоп жайлы қызықты мәлімет баяндама жазу. 58 - бет №4 - тапсырма, диалог, төрт тілдесім болу керек.
Бағалау 2 минут
Сабаққа қатысты ұсыныстарын мен пікірлеріңді жазыңыздар.
Бағалауға кірісейік. Бағалау парақшалары бойынша ұпай санау.
Павлодар қаласының
№17 ЖОББСОБМ қазақ тілі мұғалімі
Кожамжарова Гүлсара СерікқызыСүйікті көкөнісім - картоп. жүктеу