Математика 4 - сынып
Сандарды, шамалар мәндерін және есептерді салыстыру
Жалпы мақсаты: Сандарды разрядтарға жіктеу арқылы салыстыру. Тура және жанама түрде тұжырымдалған есептерді шығаруға машықтандыру.
Оқыту нәтижелері: Сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеп салыстыруды біледі. Тура және жанама түрде тұжырымдалған есептерді шығара алады.
Оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер: «Ой қозғау», «Постер», «Миға шабуыл»,«Конверт - сұрақ», «Бес саусақ».
Негізгі дереккөздер, құрал - жабдықтар: АКТ, А3, постер, маркер, бағалау парақшасы.
Ұйымдастыру кезеңі
«Шаттық шеңбері» ұйымдастырылып, бір - біріне сәттілік тілеуді ұсынамын.
Екі топқа ойыншық түстері арқылы топқа бөлінеді.
Бағалау парақшасын беремін.
Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
Білу. Түсіну.
«Ой қозғау»
Мынадай сандарды ата:
1. Екінші кластың 40 бірлігі және бірінші кластың 860 бірлігі бар;
2. Екінші кластың 6 бірлігі және бірінші кластың 300 бірлігі бар;
3. Екінші кластың 9 бірлігі және бірінші кластың 320 бірлігі бар;
4. Екінші кластың 50 бірлігі және бірінші кластың 126 бірлігі бар.
Қолдану
«Постер»
1 - топ №1. 2 - топ №2 Сандарды жаз. Сол сандардың әрқайсысын разрядтық қосылғыштарға жікте. Қандай қорытынды жасауға болады?
Павлодар облысы,
Ертіс ауданы, Ынтымақ ауылы
Бастауыш сынып мұғалімі
Абайльдинова А. К.Сандарды, шамалар мәндерін және есептерді салыстыру. жүктеу