Кіріктірілген білім беру салалары: «Денсаулық», «Таным»
Бөлімдері: дене шынықтыру, математика
Тақырыбы: Ханталапай
Мақсаты: Асық ойынын жаңғырту, асық ойыны арқылы тез есептеуге дағдыландыру. Математикаға қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекіліктері: асықтар, қоржын, слайд
Билингвальды компонент: асық – альчик
Мотивациялық - қозғаушылық
Ғажайып сәт
Тазша баланың кіруі
- Ассалаумағалейкум, балалар
- Балалар, мен сендерге бүгін қызықты ойын әкелдім. Ойнағыларың келе ме?
Менің қоржынымда не бар екенің білесіңдер ме? Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын. Шешімі қоржындағы жұмбақ зат.
Ұйымдастырушылық - ізденістік
Жұмбақ.
Ренжісе бүк түседі
Қуанса шік түседі
Басқаратын барлығын
Алтын сақа деседі. - Бұл не?
- Ия, балалар бүгін біз асықпен ойнаймыз.
Асық ойыны қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Ұсақ малдың (қой, ешкі) асықты жілігінен алынған жұмыр сүйек. Иіргенде түскен алпына қарай асық - алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арналған арнайы қорғасын құйылып жасалғаны - сақа аталады. Ойнай бiлген адамға асықтың пайдасы орасан зор. Асық ойыны адамды мергендiкке, ептiлiкке баулиды. Бұған қоса аяқ - қолдың қимылын жақсартып, денсаулыққа көп пайдасын тигiзедi.
Асық ойындары көп, біздер балалар «ханталапай» мен «шық етерде» ойының ойнаймыз.
Шеңбер болып ортаға отырамыз, мен ортаға асықтар шашамын.
- Ханталапай ау, ханталапай, ортаға келіндер балақай.
1 тапсырма
Ал балалар енді кімде неше асық бар екенің білейін.
Екі, үш, бес саны жазылған белгіні көрсету. Балалар, кімде қанша асық бар? Ортаға асық санына қарай алға шығып тұрындар.
2 тапсырма
Дидактикалық ойын «Жұбыңды тап»
Ойының шарты: Сан құрамына қарай жұптасу.
3 тапсырма
«Шық етерде»
Ойын шарты. Түзеу сызыққа қатар тігілген асықтарды алыстан кезектесіп ату. Асық санына қарай реттілікпен тұру.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Кері санау.
Ханталапай жүктеу