Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұзафар Әлімбаев - балалар ақыны

24 наурыз 2020, Сейсенбі
Категориясы: Кітапхана
Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 97 жылдығына орай өткізілген
«М. Әлімбаев - балалар ақыны» атты ертеңгілігінің жоспары

1. М. Әлімбаевтың өмірбаяны. Мұзафар Әлімбаев 29 қазанда 1923 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданы Маралды ауылыда туған. Екінші дүние жүзілік соғысқа қатысқан.
Тұңғыш өлеңі «Қызыл ту» газетінде 1939 жылы және соғыс жылдарында майдан газеттерінде көптеген өлеңдері жарияланды.
1948 - 58 жылдары «Пионер» қазіргі (Ақ желкен) журналында соң «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі кейін бас редактордың орынбасары болып қызмет атқарды. 1958 - 1986 жылдары «Балдырған» журналының бас редакторы болды. 1965 жылы ҚазҰУ - ды бітірген.
1952 жылы «Қарағанды жырлары» деген алғашқы жинағы жарық көрді. М. Әлімбаевтың 300 - дей өлеңіне ән жазылған, бірнеше ән кітаптары шыққан.
1953 жылы «Менің ойыншығым», 1959 жылы «Отпен ойнама», 1962 жылы «Орақ - олақ», 1977 жылы шыққан «Шынақсаң шымыр боларсың» деген кітаптары
қазақ балалар әдебиетіне қосылған елулі үлес болды.
М. Әлімбаевтың мақал - мәтелдерді жинау, зерттеу, басқа халықтар мақалдарын қазақ тіліне аудару жұмыстарымен де айналысып келеді: «666 мақал мен мәтел» 1960 жылы, 1963 жылы «Мақал - сөздің мәйегі», 1967 жылы «Өрнекті сөз - ортақ қазына», 1970 жылы «Мақалнама», 1982 жылы«Маржан сөз», 1998 жылы «Нақылдар». 1996 жылы «Батамен ел көгерер», 1994 жылы «Халық - ғажап тәлімгер», 1996 жылы «Нақылдың төркіннамасы» деген жинақтар мен зерттеу еңбектері жарық көрген.
Сын - зерттеу саласында «Қалам қайраты» 1976 жылы, «Көңіл күнделігінен» 1980 жылы, «Өмір, өнер, өнерпаз» 1990 жылы, «Толқыннан толқын туады» 1992 жылы, «Көргендерім көңілде» 1992 жылы шыққан еңбектері бар.
Әлем әдебиеттерінің кейбір үздік шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Мұзафар Әлімбаевтың өлеңдері 38 тілге аударылды.
1978 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, 1994 жылы Қазақстанның халық жазушысы деген атаққа ие болған.
1993 жылы Ы. Алтынсарин атындағы медальдің иегері, 1995 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

1984 жылы Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының, 1992 жылы жазушылар одағы «Алаш» сыйлығының, 1996 жылы Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты болды.

1 - оқушы
Тумайды жұртын ақын жылатуға,
Туады жүректерді нұрлантуға,
Өлеңін орамал ғып өтеді олар
Көз жасын адамзаттың құрғатуға.
Шығады шың басына шығады өнер,
Шын ақын екі туып, бір - ақ өлер.
Алдында әр заманның, әр ұрпақтың
Құламай тіккен туы тұра берер.

1949 жылы М. Әлімбаев өзімен қызметтес Мұхамет ағасының үйіне барғанда ол кісінің кішкентай қызы қуыршақтарына Әлімбаевтың өлеңдерін айтып беріп ойнап отырғанын көреді. Бала бақшаға барып жүрген бүлдіршіндердің жұмбақтарын айтқанын есіткенде «Балаларға арнап жазсам бірдеңе шығады екен ғой» деген үміт оты жанады.
«Менің ойыншықтарым», «Аязда», «Шынықсаң шымыр боларсың» деген өлеңдерін оқиды.
2 - оқушы

Аударып кітап - дала көне бетін,
Жаяды жаңа бетін - кереметін.
Абайдың жырларындай оқи берсең,
Рақатқа жаның батып кенелетін, деп Мұзафар атамыздың өзі айтқандай өлеңдерін оқимыз. «Ізгі тілек» өлеңі оқылады.
3 - оқушы.
М. Әлімбаевтың адамның немесе хайуанаттың адалдығын, арамдығын, батырлығын, бостығын, достығын немесе қастығын суреттейтін мысалдарына
кезек берейік.
(Бетперделер киіп, рөлдерге бөліп оқиды.)
Мысалдар: «Қағаз бен өшіргіш», «Көгершін мен аққу». «Кірпі мен кактус».
4 - оқушы.
Ойға баттым,
Қиял тербеп,
Бойды қызу
Өлең кернеп,
Қалам кетті жорғалап.
Ақ қағазға
Салдым өрнек,
Ойдан өлең
Құйылды кеп,
Сияменен сорғалап.
Ақын атамыз қазақтың бір туар ұл - қыздары туралы естеліктер жазып, көптеген өлеңдер шығарған.
Ақын - жазушыларға, күйшілерге, батырларға арнаған өлеңдері оқылады.
«Әл - Фарабиге арыз», «Мәншүк апай», «Тамұқ отын қақ жарып», «Әліби Жанкелдин», «Алшынбай мен Шөженің диалогы» атты өлеңі оқылады.
Ә. Жангелдин атындағы №52 жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
кітапханашы мұғалім: Сармантаева Батпа Абдиллаевна

Толық нұсқасын жүктеу
40 728
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ балалар әдебиетінің жазушылары
Қазақ балалар әдебиетінің жазушылары
Балалардың ойлау әрекетінің әр түрлі біліктілігін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту, ауызекі сөйлеуге, ауызша да, жазбаша да тіл мәдениеттерін дамыту.
Мұзафар Әлімбаев
Мұзафар Әлімбаев
Әже! Әже! Жатпашы! Ауыр ойға батпашы. ... Дәрі жасап берейін, Бәрін жасап берейін. Ауыртпаймын әжемді, Ауырмайсың, әже, енді!
Жолбарыс пен түлкі \Тәжік ертегісі желісімен\
Жолбарыс пен түлкі \Тәжік ертегісі желісімен\
Жолбарыс пен түлкі \Тәжік ертегісі желісімен\. Ертегі туралы түсініктерін кеңейту. Ой өрісін дамыту, адам бойындағы сезімдерді тануға, байқауға, оқушы қиялын дамытуға жол ашу. Өтірік пен шынның, әділдік пен зұлымдықтың, мақтаныш пен
Өтебай Тұрманжановтың өлеңдері, қысқаша өмірбаяны
Өтебай Тұрманжановтың өлеңдері, қысқаша өмірбаяны
Өтебай Тұрманжанов 1905 жылы 15 желтоқсанда Бөген ауданындағы "Жалғызағаш" ауылында туған. Ташкентте N14 жетім балалар үйінде тәрбиеленді.
Көктем келді. М. Әлімбаев
Көктем келді. М. Әлімбаев
Бастауыш сынып мұғалімі Чалбасова Жанар Мырзатайқызы
Әбіш Кекілбайұлы
Әбіш Кекілбайұлы
Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×