Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құжаттардың бланкілеріне және құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар

28 ақпан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Кітапхана
Сабақтың тақырыбы: Құжаттардың бланкілеріне және құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларды құжаттардың бланкілеріне және құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптармен таныстыру
Дамытушылық. Қазіргі уақытта құжаттардың бланкілері және құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды айтып, сабақты дамыта жеткізу.
Тәрбиелік. оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, кәсіби біліктілікке, еңбексүйгіш қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнектілігі: Мультимедиялық подиум, үлестірмелі қағаз, үлгілер.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен амандасу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Оқушылардың назарларын жаңа сабаққа аудару;
ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау.
1. Құжаттың күні деректемесінің ресімделу тәртібі.
2. Адресат деректемесінің рәсімделуінің қандай тәсілдерін білесіңдер?
3. Қол қою деректемесі қандай элементтерден тұрады және оны рәсімдеу тәсілдері қандай?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Бланкiлер 6. 38 - 90 мемлекеттік стандарт талаптары бойынша көлемi А4 (297х210 мм) А5 (210)(148 мм) қағазда және 9327 мемлекеттiк, стандарттың (6, 7 - қосымшалар) көрсетiлген талаптарына сай баспаханалық немесе басқаша тәсiлмен жасалады.
Бланкiлердiң 2 түрi: хаттарға арналған бланкi және құжаттардың басқа түрлерiне арналған (8, 10 - қосымшалар) жалпы бланкi белгiленедi. Құжаттардың нақты бiр түрлерi (бұйрықтар, хаттамалар және т. б.) бiр жылда 200 - ден асатын мөлшерде жасалатын болса олардың бланкiлерiн жасауға рұқсат етiледi.
Мұндай бланкiлердi жасау кезiнде жалпы бланкi құжат түрiнiң атауымен (16 - қосымша) толықтырылады.
Бланкiлердiң жиектерiнде:
сол жағынан - 30 мм,
жоғары жағынан - кемiнде 10 мм,
оң және төменгi жағынан - кемiнде 8 мм. ашық орын болуы қажет.
Бланкiнiң әртүрлi реквизиттердi бұрыштамалап немесе көлденең ұзыны бойына орналастыру негізінде жасалады. Тақырып бөлiгiндегi реквизиттер парақтың үстiңгi орталығында реквизиттің әрқайсысының басталатын және аяқталатын жері парақтың шеттерiнен тең қашықтықта болады) немесе бiр шетiнде реквизиттiң әрбiр жолы парақтың сол жақ шетiнен басталады) орналастырылады.
Мемлекеттiк елтаңбаның бейнесi* реквизиттер бiр бұрышынан орналастырылған құжаттарда бланкiнiң жоғарғы жақ басында ұйымдардың атауы жазылған жолдардың ортасында, ал реквизиттер ұзын бағытта орналастырылған бланкiлерде парақтың, жоғарғы жағынан ашық жердегi орталықта орналастырылады. Бейненiң диаметрi 20 мм аспауы керек.

Мемлекеттiк елтаңба бейнесiнiң орналасу, соның iшiнде бланкiлерде орналасу тәртiбi, сондай - ақ елтаңба бейнесiн пайдалану құқы берiлген ұйымдар арнайы құқтық актiлер арқылы белгiленедi.
Ұйымның, жоғары тұрған органдардың, сондай - ақ құрылымдық бөлiмшелердiң атаулары (толық, қысқартылып немесе аббревиатура түрiнде жазылған) тиiстi хұқылық актілерде белгiленген атауларға сәйкес болуға тиiс.
Құрылымдық бөлiмшенiң атауын баспаханалық әдiспен де, машинаға басу әдiсiмен де жазуға рұқсат етiледi.
Ұйымның эмблемасы ретiнде белгiленген ретпен тiркелген тауарлық белгi (қызмет көрсету белгiсi) пайдаланылуға тиіс.
Хаттардың бланкiлерiнде мына реквизиттер көрсетiледi: "Байланыс кәсiпорнының индексi, почталық және телеграфтiк мекенжайы, телефон нөмiрi, телетайп нөмiрi, телефакс нөмiрi, банкідегi есеп айырысу шотының нөмiрi", "мерзiмi", "индекс", "келiп түскен құжаттың индексi мен күніне жасалған сiлтеме", қолхаттың коды", "ұйымның коды".

Жалпы бланкiлерде мына реквизиттер көрсетiледi:
"мерзiмi", "индекс", "жасалған немесе басып шығарылған жерi", "ұйымның коды".
Бланкiнiң ашық жиектерi мен жекелеген реквизиттерiне жасалатын шектеу белгiлерi бланкiге бұрыштамалар немесе басқа да белгiлер түрiнде енгiзiледi. Бланкiлерде оларды тiгуге арналған тесiктер жасауға және бүктеуге арналған орынын белгiлеуге рұқсат етiледi.
Бланкiнiң реквизиттерi: министрлiктiң немесе ведомствоның атауы, ұйымның атауы, почта және телеграфтың мекен - жайы, құжат түрiнiң атауы, оның жасалған немесе басып шығарылған орыны екi тiлде берiлуге тиiс. Реквизиттер парақтың ұзына бойына орналастырылған болса олар сол жағынан мемлекеттiк тiлде, оң жағынан ұлтаралық қатынас тiлiнде, ал реквизиттер бұрышталған түрiнде орналастырылған болса, жоғарғы түсті мемлекеттiк тiлде, төменгi жағында ұлтаралық қатынас тiлiнде жазылады.

ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау.
1. Елтаңба бейнесі барлық ұйымдардың бланкілерінде бейнелене ме?
2. Бланктерде арнайы бланк деректемелерінің орналасу тәртіптерінің ережелері.
3. Жалпы бланк деректемелеріне сипаттама беріңіздер.
4. Жалпы бланкiлерде қандай реквизиттер көрсетiледi?
5. Хаттардың бланкiлерiнде қандай реквизиттер көрсетiледi?
Ү: Оқушыларды бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма: 36 - 44 бет
14 504
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
5 сыныпқа арналған «Стандартты бағдарламалар» топтамасына арналған қысқа мерзімді жоспарлар
5 сыныпқа арналған «Стандартты бағдарламалар» топтамасына арналған қысқа мерзімді жоспарлар
Информатикадан 5 сыныпқа арналған «Стандартты бағдарламалар» топтамасына арналған қысқа мерзімді жоспарлар
Құжаттау
Құжаттау
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылы, № 17 кәсіптік лицейінің математика, информатика және арнаулы пән мұғалімі Ақшабақова Кульзипа Амирхановна
Құжаттардың мәтініне қойылатын талаптар
Құжаттардың мәтініне қойылатын талаптар
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылы, № 17 кәсіптік лицей математика, информатика және арнаулы пән мұғалімі Ақшабақова Кульзипа Амирхановна
Құжаттарды дайындау және ресімдеудің жалпы ережелері
Құжаттарды дайындау және ресімдеудің жалпы ережелері
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы, № 17 кәсіптік лицей Математика, информатика және арнаулы пән мұғалімі Ақшабақова Кульзипа Амирхановна
Құжаттардың міндетті деректемелері және оларды рәсімдеу
Құжаттардың міндетті деректемелері және оларды рәсімдеу
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы, № 17 кәсіптік лицей Математика, информатика және арнаулы пән мұғалімі Ақшабақова Кульзипа Амирхановна
Құжаттамамен қамтамасыздандырудың автоматтандырылған жүйесі
Құжаттамамен қамтамасыздандырудың автоматтандырылған жүйесі
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылындағы кәсіптік мектеп мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×