«Қамар сұлу» романы бойынша оқырмандар конференциясы

Тақырыбы:
«Қамар сұлу» романы бойынша оқырмандар конференциясы 8 - 10 сынып
(С. Торайғыровтың туғанына 120 жыл толуына орай)

Мақсаты: Оқырмандарға жалындаған жас ғұмырын еліне, халқының болашағына арнап, қазақ халқының күйінің тұмшалаған қараңғылығына налып, білімді, сауатты, жан - жақты оқыған, жаңашыл қоғамның өмірін аңсап, армандап кеткен дара ақын С. Торайғыровтың шығармаларын насихаттау,
«Қамар сұлу» романын оқып, талдай отырып, оқырмандардың қоғамға деген көзқарасын айқындау, бағыт - бағдар беру. Кітапты оқуға деген қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру.
Көрнекілігі: Ақынның суретін, ақынның еңбектерінен, ақын туралы жазылған естеліктерден кітап көрмесін ұйымдастыру, медиа кабинетте компьютер арқылы слайдтар жасап көрсетіліп тұру.

І. Кіріспе бөлім
С. Торайғыров - дара ақын
/кітапханашы Г. А. Садыкова/

ІІ Негізгі бөлім
1. Ақынның өмірі мен шығармашылығы.
2. Жазушының «Қамар сұлу» романына шолу.
3. Романдағы басты кейіпкерлерге мінездеме.
4. Жағымсыз кейіпкерлердің бейнесін ашу.
5. Романдағы көтеріліп отырған әлеуметтік мәселелерге тоқталу.
6. Роман кейіпкерлерін қазіргі заманмен байланыстыра салыстыру.
7. Менің қиялымдағы - «Қамар бейнесі» атты тақырыпта ой бөлісу.
8. Романның қазақ әдебиетіндегі алатын орны және тарихи маңызы.
9. Қорытынды.

Құрметті оқырман қауым!
Өздеріңізге таныс қазақ халқының ХХ - ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, демократ ақын - жазушысы С. Торайғыровтың туғанына биылғы жылы 120 жыл толмақ.
Ел басына күн туған алапат кезеңдерде С. Торайғыровта қазақ зиялыларының қатарынан табылған. Ұлттық сананы оятуға жалын ата үн қосты. Жалындаған жас ғұмырын еліне, халқының болашағына арнап, қазақ халқының тұмшаланған қараңғылығына налып, білімді, сауатты, жан - жақты оқыған, жаңашыл қоғамның өмірін аңсап, армандап кеткен дара жазушы. Ақынның өмір жолы, шығармашылығы жайындағы Сакадиева Мадина 9 «А» сынып оқушысы баяндап береді.
Бүгін біз өздеріңізбен жазушының еңбектерінің бірі - «Қамар сұлу» романы қоғам шындығын көрсететін, әйелдер теңсіздігі, махаббат мәселесін көтерген туынды.
Қазір бізге «Қамар сұлу» романына шолуды 10 «А» сынып оқушысы Мұхаметкаримов Еламан әңгімелеп береді.
Ендігі сөзді романның басты кейіпкері - «Қамар сұлуға» тоқталып өтеміз.
Қамар елге сыйлы, ақылды ару, білімі бар, ауылындағы бозбалалардың көзіне түсіп жүрген қыз, ол жайында 9 «А» сынып оқушысы Нұрғазиева Динара айтады.
Келесі жағымды кейіпкеріміз - Ахметке тоқталамыз. Ахмет - кедей шаруа ортасынан шыққан, оқыған жігіт. Оның бойында ақындық, сөзге шешендік, сыпайылық, достарына қадірлі азамат болған.
Бұл жайында 9 «А» сынып оқушысы Болатханова Әсемгүл әңгімелеп береді.
Енді романда діттеген әке мен бала проблемасы өз кезеңіндегі қоғамдық - әлеуметтік өткір мәселелер ауқымында көрсетілген. Халықтың ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті нұсқаларында еріксіз ұзатылатын қызға жаны ашитын жалғыз адам әдетте шеше ғана болатын да, әке көбінесе қатал мінездерімен көзге түсетін. Қазақ аулындағы әке атаулының бәрі қатал еместігін, оның ішінде қызының тағдырына қабырғасы қайыспайтын, мейірімді әке барын, бірақ олардың заман әділетсіздігінен аса алмайтын С. Торайғыров романында Омар бейнесі арқылы шынайы көрсете алған.
Осы Омар бейнесін 9 «А» сынып оқушысы Өзіхан Аяулым тарқатады.
Шығарманың соңында Омар қатал заманның соққысынан еңсесі түскен, ессіз адамның бейнесінде көрінеді.
Келесі романдағы жағымсыз кейіпкерлердің бейнесін ашу.
Тағдырдың талқысына түскен Қамардың бағына, мал - мүлкіне, ақшасына, дәулетіне, атақ - даңқына мастанған Жорға Нұрым тап болады. Шығармада ол жағымсыз кейіпкер ретінде суреттеледі, бұл жайында Бекен Данияр, Әділет айтып береді.
Әйелі өлгеннен кейін, төсек жаңғырту мақсатында Жорға Нұрым енді ғана гүлдеп келе жатқан Қамарды алғысы келеді. Оның бұл қылығы - ақылсыздық. Өйткені Қамардан басқа ел ішіндегі өзіне тең келер адам таппағаны ма?
Жағымсыз кейіпкерлердің бірі - Қалтай қажы мен Оспан би - Нұрымның жемтіктес достары. Оларға да дөрекілік, зорлық - зомбылық, зұлымдық, жексұрындық мінез - құлық тән. Бұл жайында 10 «А» сынып оқушысы Ибраев Еркебұлан әңгімелеп береді.
Келесі романдағы көтеріліп отырған әлеуметтік мәселелерге 10 «А» сынып оқушысы Сейтқазина Балнұр тоқталады.

С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы өз кезінде жаңашылдығымен көрінеді.
Роман әйел теңсіздігі тақырыбына арналып жазылған. Сұлулығына ақылы сай, оқыған, сауатты Қамардың өз теңі Ахметке қосыла алмай, қауға сақалды, тоң мойын, надан, Қамардан жасы үлкен Жорға Нұрымға сатылып, қор болғанын, сол замандағы қыздардың теңіне қосыла алмай, малға сатылғаны өмір шыңдығы екендігін жазушы С. Торайғыров ашына жырлайды. С. Торайғыровтың оқыған, сауатты адамның қашан да надандыққа қарсы тұратын ойын көреміз. Омар тұндыр киімі жоқ кедей емес, шаруасы, жайлы, байлығы бар адам. Ол байлыққа қызықпайды, малқұмар емес. Қызын ол малға бола сатқысы келмейді, оған қарсы тұрады. Автор оның мақсатына жетпей, сәтсіздікке ұшырауының өзі заман шыңдығынан аса алмауынан деп шарасыз әке ретінде көрсетеді. Әке мен бала проблемасын тек бір үй ішілік қарым - қатынас тұрғысында түсінбей, бұл жағдайдың әлеуметтік мән - маңызы жоғары мәселе екенін байқатты.
Адамдардың тұрмыс қайшылықтарының ортасында жүріп, отбасына, қоршаған әлеуметтік ортаға деген көзқарастары қарастырылған көркем шығарма деп түйіндейік.
Енді өзіміз талдап отырған роман кейіпкерлерін қазіргі заманмен салыстырып көрейікші. Бұл жайында 9 «А» сынып оқушысы Қалихан Елназ айтып береді.
Енді балалар өздеріңізге үйге берілген тапсырма Менің қиялымдағы «Қамар сұлу» бейнесіне тоқталайық.
10 «А» сынып оқушысы: Төкен А
10 «А» сынып оқушысы: Төкен М
9 «А» сынып оқушысы: Қайырылғазы А
9 «А» сынып оқушысы Бектасова А
Келесі сөзді романның қазақ әдебиетінде алатын орны туралы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне сөз берейік. Б. К. Усембаева, Б. И. Ченчербаева
Қорытындылау мақсатында:
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып күн болам!
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда кім болам!- деп жырлап өткен біртуар ақын туралы Ж. Аймауытов: «Сұлтанмахмұт жас ақындардың бір күшті ақыны еді. Өнер, білім сәулесін аңсап, құлаш ұрып, кедейлік, жоқшылық, зарын шегіп, жауыз тұрмыспен жанталасып, алысып, жеңе алмай мерт болды. Тірі жүрсе, өзі айтқандай, қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болғандай, от - жалындай зулаған болат, қайрат, құрыш - жігердің, кекті жүректің ақыны еді» - дегендей, С. Торайғыровтың өмірімен шығармалары ғасырдан ғасырға оқырмандарын тауып, жалғасын таба берсін демекпіз.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың биылғы жылғы Жолдауы «Қазақстан 2050» Стратегиясында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» деген ұстанымын мақсатқа ала отырып, сіздерді осындай еліміздің елеулі азаматтары болып, 50 елдің қатарына кіру үшін өз үлестеріңізді қосады деген сенімдеміз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары
  • Жер бізге өз күшін береді

    Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті.«Балдәурен» балабақшасының әдіскер – психологы Кадирова Зүлфия Бақытқалиқызы
  • Бауырсақ кетті домалап

    Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті «Балдәурен» балабақшасының музыка жетекшісі Болатбаева Самал
  • Білім күні

    Ақтөбе облысы, Темір ауданы, "Балдәурен" балабақшасының музыка жетекшісі Болатбаева Самал Болатбайқызы
  • «Су асты әлемі», «Аквариумдегі балықтар»

    Атырау қаласы, №20 «Алтын балық» мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балабақшаның бейнелеу өнері маманы Тәжімова Гүлнар Теміржанқызы
  • «Ғарыш», «Зымыран»

    Атырау қаласы, №20 «Алтын балық» мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балабақшаның бейнелеу өнері маманы Тәжімова Гүлнар Теміржанқызы
  • Организмнің ішкі ортасы және оның маңызы

    Сабақтың мақсаты: 1. Организмнің ішкі ортасы және оның маңызымен таныстыру. 2. Оқушылардың организмнің ішкі ортасы саласы бойынша білімдерін толықтыру
  • Көктемгі күн

    Ақтөбе қаласы, №21 "Кәусар бұлақ" мектепке дейінгі гимназиясының музыка жетекшісі Жуматова Ж.Я.
  • Дыбыс және әріптер

    Степногорск қаласы, №1 Ақсу орта мектебінің бастауыш сынып мұғалім Шапейқызы Жайнағалам
Әкімшілікпен хабарласу
Эл.почта: kum2017@yandex.ru

Жеке хабарлама жіберу

Жарнама беру
Өз пікіріңді білдір
Қандай бәйге ұйымдастырғанын қалайсыз?
Үздік ашық сабақ
Үздік презентация
Үздік тәрбие сағаты
Үздік видеосабақ
Үздік ғылыми жұмыс
Сайтта кім бар
Барлығы: 37
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 37
Роботтар: 2
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика