Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Қалқаман-Мамыр" поэмасындағы Мамыр бейнесі

15 желтоқсан 2013, Жексенбі
Категориясы: Кітапхана
«Қалқаман - Мамыр» поэмасындағы Мамыр бейнесі.
I Кіріспе бөлім
Шығыс елі – шолпан сұлулары жырына бай ел.
II Негізгі бөлім
1. Ғашықтық жырдың кең жайылған бір түрі – «Қалқаман - Мамыр» поэмасы
2. Мамыр – әрі сұлу, әрі есті, еркекшора
III Қорытынды бөлім

«Қалқаман - Мамыр» поэмасы – жастардың мөлдір махаббатының дәлелі.
Қазақ халқы – негізінен, сөз өнеріне, өлең - дастандарға көп мән берген халық. Сонау V - VI ғасырлардан - ақ дамыған сөз өнері шығыс түркі тілдес елдерге қанатын кең жайып, жыр - толғаулар, өлең - дастандар ауыздан - ауызға халық жадында сақталған. Осындай халық ауыз әдебиетінің жыр - дастандары, батырлық жырлар, ғашықтық, не тұрмыс - салт жырлары болсын Шығыс елдерінің сөз өнерінде тереңірек қалыптасқан. Әсіресе, ғашықтық жырлар, лиро - эпостық жырлар халық жырларын ұрпаққа таныстырған жыршылар арқылы қазақ қауымында ғасырлар бойы сақталып келеді. «Ләйлі - Мәжнүн», «Жүсіп - Зылиха», «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу», «Қалқаман - Мамыр» сияқты лиро - эпостық жырлардың ең негізгі тақырыптары сүйіспеншілік, махаббатқа адалдық, мөлдір махаббатқа жету жолындағы ізгі істер, халықтың тұрмыс - салты, тіршілігі, дәстүрі, таза махаббат жолындағы қайғы - қасірет, күйініш - сүйініші болып табылады.

Осындай ғашықтық жырдың кең жайылған бір түрі – «Қалқаман - Мамыр» поэмасы. Бұл ескі қазақ өмірін суреттеу арқылы трагедиялық тағдырлар туралы сыр шертетін бұл поэма Ш. Құдайбердіұлының атын бүкіл қазақ даласына жария етті. Бұл поэма қай халық болса да сүйіп тыңдайтын, қайғылы - қасіретті, трагедиялы поэма болғандықтан екі жас өз мақсаттарына жетуге ұмтылды. Менің ойымша, қос ғашық өздерінің ең негізгі мақсаты таза махаббатқа жетті. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезеңіндегі халықтың хал - ахуалы, тұрмыс - тіршілігі де анық көрсетілген.
«Ей, Мамыр, адамды Алла жаратыпты,
Хауа ананы адамға қаратыпты.
Бірін еркек, біреуін әйел қылып,
Екеуінен көп жанды таратыпты.
Құдай неге қылмаған адамды тақ,
Балаларын өзінен өстіріп - ақ.
Хауа ананы жаратуда мақсұты не?
Сол арасын білуге ақылым шақ.». Қалқаманның айтқан сөздерінен - ақ бұл поэманың, біріншіден, сырға толы екенін байқап отырмыз. Әрине, поэма тақырыбы махаббат, сүйіспеншілік болса сырлы жыр болмауы мүмкін емес.
«Қалқаман - Мамыр» поэмасындағы Мамыр бейнесі де, әрине, айрықша маңызды. Мамыр – сүйкімді, сұлу, өр мінезді өжет қыз.
«Сол байдың он бес жасар қызы Мамыр
Әрі сұлу, әрі есті, еркекшора»,- деп эпитет арқылы поэмада берілген бұл тармақтар аса бір сұлулықты көрсетеді. Қыз балаға тән қасиет – сұлулық. Ал Мамыр қандай сұлу болғанымен ер мінезді қыз болған. Бұл поэмада Мамыр өзінің нағыз қазақ елінің қызы екенін дәл, анық көрсетеді. Сөз өнерін құрметтеген қазақтың сұлу қыздары да сөз өнерінің мәнін түсінгені, қадірлегені көрініп - ақ тұр.
«Ауылымның күнбатысы қалың қамыс,
Бүрсігүннен арғы күн болады алыс.
Жас кісіде бар болса жігер - намыс,
Болып кетіп жүрмесін жатпен таныс.» деген Мамырдың бұл шумақтары сөз өнеріне деген аса құрметтілігін көрсетеді. Дәстүрге берік, әрқашан үлкеннің айтқанын екі етпейтін Мамырдың елінен қашуы – таңғаларлық іс. Әрине, бұл Қалқаманға деген таза махаббат, адал сүйіспеншілігінен өрбіген іс. Мамырдың сұлулығы толықтырып отыратын қасиет – ақылдылық, сабырлылық. Сұлу Мамырды сұлуландырып көрсету үшін ақын адамгершілік, сезім, махаббат, әділет – дүниедегі ең қымбат, ең асыл нәрселер деп атап көрсетеді. Қазақ халқына тән ұстамдылық, инабаттылық, сабырлылықты Мамыр өз бойына жинақтай білген. Өз басын қатерге тігіп еліне қайтып келуі осы адамгершілік қасиеттерге толық ие екенін көрсетеді.
«Көкенай, қарғамаймын, сөзіме бақ,
Ісім жөн, бір құдайға көңілім хақ.
Мойныңа менің қаным халал болсын,
Болма енді Қалқаманның қанына ортақ.»,- деп сүйген жарының амандығын тілеп, өлер алдында жұртынан Қалқаманға әділетті болуын сұрайды. Таза махаббат үшін күрескен Мамырдың өлімінің өзі – әділетсіздікке айтқан лағынеті, қарсылыққа шыққан күресі деп ұғынамыз.
Қорытындылай келе, мен «Қалқаман – Мамыр» поэмасының қазіргі жастарға мөлдір махаббатты қалыптастыруға, бір - біріне деген таза сүйіспеншілікті орнатуға көмектесетінін айтқым келеді. Әрине, сол кездегі жастар мен қазіргі заманғы жастардың заманын салыстыруға келмейді. Қазіргі жастар өз махаббаттарын қайғы - қасіретсіз, сүйініш - күйінішсіз елестете алады. Бірақ ертедегі замандағы махаббаттың ұлылығы сонша, ғашықтар махаббат үшін жанын қиған. Ал бұл – қазіргі жастар үшін үлкен ұлағат. Сөз соңында мен: «Әрқашанда махаббатты қадірлей білейік!», дегім келеді.

«Батыр Баян» поэмасындағы Баян бейнесі.
Баян батыр – шынымен, өз заманының абыройын асқақтап тұрған Абылай дәуірінің перзенті. Ол алғырлығы, тапқырлығымен Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген. Абылай хан бір сөзінде: «Өз батырларымның арасында Малайсары мен Баян батыр бәрінен жоғары тұр. Малайсарының байлығы, мінезі жағынан, ал Баян батыр ақылы мен ержүректілігі жағынан,» - деген екен. Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасындағы мына жолдарда:
«Ол күндер аз қазақ пен қалың қалмақ,
Қыран мен қара құстай алысқан шақ.
Баласы алты алаштың Абылайдың,
Астына ақ туының табысқан шақ.
Қазақтың батырлары бәрі қыран,
Сонда да бір батыр жоқ Баяндай тап,» - дей отырып, Абылайдың ақ туының астына жиналған еш батыр Баянға ең келмейтінін айтады.
Баян – тарихи тұлға. Ол жайлы мәлімет аз болғанымен, халық арасында Баянның беделі аса оғары болған. Ол қазақ - жоңғар шайқастарында асқан ерлік көрсетіп, «Батыр Баян» атанған. Тәтіқара толғауында былай дейді:
«Бөкейді айт Сағыр менен Дулаттағы,
Дәріпселі, Маңдайды айт Қыпшақтағы.
Өзге батыр қайтса да, бір қайтпайтын,
Сары менен Баянды айт Уақтағы.» Осы бір жолдардан Баянды қайтпас қайсар, қатал мінезінен байқаймыз. Батыр Баян - халық қамқоршысы болған, туған жері, елі үшін жан аямай күресіп, ерлік көрсеткен, ерекше күштің, алыптылықтың иесі бола тұра, жақсылыққа жаны құмар, ізгі жанды, жауына қанша қатал болса да, ел - жұртына соншалықты адал жан. Поэмада айтылғандай, Баян қызға ғашық болып, жанымен қалап тұрса да, сұлудың көңіліне қарап, осы істі күшіне тапсырмауы – батырдың нағыз жігітке тән адамгершілік қасиеті. Баян сияқты батырларымыздың тастап кеткен туған жерін қадірлемеу – ата - бабаның, батырларымыздың еңбегін құрметтемеуіміз болады.
71 574
0
  • 60
1 дауыс


Жаңалықтар
Шәкәрім «Қалқаман – Мамыр» поэмасы
Шәкәрім «Қалқаман – Мамыр» поэмасы
Поэмаға әдеби талдау жасау, әдебиет теориясы бойынша кейіпкер туралы түсініктерін кеңейте отырып, Қалқаман, Көкенай әрекетіне екі түрлі көзқарасты баға беру.
Шәкәрімнің «Қалқаман – Мамыр» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі
Шәкәрімнің «Қалқаман – Мамыр» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі
Поэманы мәнерлеп оқу, талдау арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениеті мен ой жүйелілігін дамыту; Жас ұрпақты шыншылдыққа, адалдыққа, адамгершілікке, уәдеге беріктікке тәрбиелеу.
Лиро - эпостық жырлар «Қыз Жібек» жырынан үзінді
Лиро - эпостық жырлар «Қыз Жібек» жырынан үзінді
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Матниязова Айнур
Лиро - эпостық жырлар
Лиро - эпостық жырлар
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Кошбаева Алтынгүл
Шәкерім Құдайбердіұлы «Қалқаман –Мамыр» поэмасы
Шәкерім Құдайбердіұлы «Қалқаман –Мамыр» поэмасы
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Жаңажол орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бидалова Айгүл Кәрімқызы
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлы Қарақалпақстан Республикасы, Мойнақ ауданы, Достық ауылы №18 қазақ орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы Шарапиев Ерлан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×