Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

«Happy time» game lesson

05 сәуір 2016, Сейсенбі
Категориясы: Ағылшын тілі
Happy time game lesson
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өтілген зат есім, сын есім және оның шырайлары тақырыптарындағы жаңа сөздерді меңгеруін, грамматикалық білімдерін тексеру.
Дамытушылық: Талдау, салыстыру қабілеттерін дамыту; сенсорлық қабілеттерін артуына жағдай жасау; сабақтағы өз әрекетін және сыныптастарының әрекетін өз бетімен бағалау білігін дамыту. Оқушылардың тыңдау және мазмұндау, топпен жұмыс жасау біліктіліктерін арттыру.
Тәрбиелілік: Шет тілін оқуға деген оң қарым – қатынасын қалыптастыру үшін жағдай туғызу; сыныптастарының жетістіктеріне қуану және ықтимал сәтсіздіктеріне қайғыру сезімдерін қалыптастыру. Оқушыларды ізденімпаздыққа, өз бетінше еңбектенуге, білімдерін тереңдете түсулеріне тәрбиелеу.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету: АКТ, суреттер
Пәнаралық байланыс: қазақ / орыс тілдері, музыка.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, іздену, топтық жұмыс
Сабақтың түрі: Жүйелеу (қайталау) сабағы, Сайыс сабақ.
Сабақтың өткізілу формасы: топтық жұмыс

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру сәті
Мұғалім балалармен амандасады:
- Good afternoon, children!
- Good afternoon, teacher!
- Sit down, please.
- Who is absent?
- What day of the week?
- What date is it today?
- O. K.

II. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
- Балалар, өткен сабақтарда біз дауысты, дауыссыз дыбыстар, зат есім және оның түрлері, сын есімнің шырайлары, етістік туралы білдік.. Бүгінгі сабақта біз сол өтілген тақырыптарды қайталау арқылы сіздердің білімдеріңізді тексереміз. Бүгінгі сабақ сайыс сабақ.
III. Сабақ 5 кезеңнен тұрады:

I. Answer the questions
II. Guess the riddles
III. Polyglot
IV. Bingo
V. As many as you can

Ең бірінші сыныбымызды 2 топқа бөліп алайық. Бірінші топ «Champions», екінші топ «Winners». Әр топ қарсылас топқа тілектерін айтады.

I stage: Answer the questions.
Бұл кезеңде әр топқа 8 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 жұлдызша беріледі.

1 group.
1. What month is it now?
2. What holiday is on the 22nd of March?
3. What is the capital of Kazakhstan?
4. The 3rd letter of the English alphabet?
5. How many vowels in English alphabet?
6. Translate into Kazakh “May I go out?”
7. Translate into English «Тез»?
8. Translate into Kazakh “ Mother”?

2 group.
1. What holiday is on the 16th of December? Independence Day
2. Translate into English «Кіруге бола ма?»
3. What is the capital of Great Britain?
4. How many consonants in English alphabet?
5. The last letter of the Enlish alphabet?
6. Translate into Kazakh «little»?
7. Translate into English «Үй»?
8. Translate into English «Сенбі»?

II stage. Guess the riddles.

Бұл кезеңде қазақ тілінде жұмбақтар беріледі. Оқушылар жұмбақты шешіп, орыс және ағылшын тілдеріне аударады. Әр дұрыс жауапқа 1 жұлдызша беріледі.

1. Қалқиған ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады (қоян - заяц - rabbit)

2. Жазу жазып жалықпаған,
Жаза - жаза арықтаған. (бор - мел - chalk)

3. Қол созсаң, ақ күміс,
Алақанға толады.
Ашып - жұмсаң, із - түссіз
Лезде жоқ болады? (қар - снег - snow)

4. Жеп көріп ем өзін мен,
Жас шығарды көзімнен (пияз - лук - onion)

5. Жаңбыр жауып басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Қызыл, сары, жасылды,
Көкте бір зат асылды? (кемпірқосақ - радуга - rainbow)

6. Қабат - қабат қаттама
Ақылың болса аттама (кітап - книга - book)
7. Айдалада ақ отау,
Аузы, мұрны жоқ отау. (жұмыртқа - яйцо - egg).

IV. Сергіту сәті.
Head, shoulders, knees and toes,
Knees and toes, knees and toes,
Head, shoulders, knees and toes,
Eyes, ears, mouth and nose

III. Polyglot

10 red - Find common noun: Arman - Astana - the Earth - a book (a book)
10 blue - Find proper noun: a man - family - December - a horse (December)
10 yellow - Find uncountable noun: a girl, milk, a table, city (milk)

20 red - Find countable noun: rain, love, girl, milk (girl)
20 blue - Find singular form of noun: ladies, watches, places, baby (baby)
20 yellow - Find plural form of noun “ wolf”: wolfes, wolves, wolf, wolfs (wolves)

30 red - Find relative adjective: big, tall, historical, green (green)
30 blue - Give comparative form of adjective “ sad”? (Sadder)
30 yellow - Give comparison of adjective “ interesting” (More interesting - the most interesting)

IV - stage. Bingo

Бұл кезеңде оқушыларға бинго ойнатылады. Сұрақтарға толық жауап берген топқа жұлдызша беріледі

1. The name of the fruit
2. The name of the month
3. A part of the body
4. The name of school subject
5. The famous Kazakh writer
6. The antonym of the word good
8. The room where we sleep
9. A colour

V - stage. As many as you can.

Бұл кезеңде әр топқа 3 етістік беріледі, оқушылар осы етістіктерді алма - кезек бір - біріне іс - әрекет арқылы көрсетеді. Қарсы топ қандай етістік екенін табу керек.
1 - group: drink, sing, listen
2 - group: eat, open, close

V. Сабақты қорытындылау.
- Your work today was brilliant! I see that now you can tell about your day.
Tell me, please about your feelings at this lesson. Good!

The lesson is over and you will point your stars.

VIII. Үйге тапсырма беру.
Revision nouns, adjectives, verbs.

V. Бағалау.
Excellent - Good - Bad -

Ақтөбе облысы, Шалқаp ауданы, Шалқар қаласы,
Шалқар аудандық «Оқушылар сарайы»ММ - нің
«Көңілді ағылшын» үйірмесінің жетекшісі
Мусина Ботагөз Бектемірқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 048
0
2 дауыс
Оқи отырыңыз
Сан есім
Сан есім
Сан есім туралы берілген білімді еске түсіру, сөйлем ішінен сан есімді таба білу, сөз таптарын ажырату.
Days of the week (Апта күндері)
Days of the week (Апта күндері)
to teach pupils how to make up sentences in Present simple and speak about their everyday habits
Зат есім
Зат есім
Балалар, бүгін МОРФОЛОГИЯ патшалығына ЗАТ ЕСІМ еліне барамыз. Ол жерде барлық заттың атауын білдіретін сөздердің басын қосып, олардың қалай айтылып, қай жерде жүретініне басшылық жасап, жөн сілтеп, жол көрсетіп, ақыл айтып отырған ақылшы хан болыпты.
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есім жекеше, көпше түрде айтылады. Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: биші, аға, тау, өзен. Кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз: бишілер, ағалар, таулар,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.