Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Ақкөжек

04 сәуір 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бала бақша
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Жапсыру
Тақырыбы: Ақкөжек
Мақсаты: Табиғаттағы маусымдық өзгерістер жайлы білімдерін жетілдіру. Шығармашылық жұмыстарға қызығушылықтарын арттыру, ой қиялын іс - жүзінде көрсете білуге үйрету. Жан - жануарларға қамқор болуға, ұқыптылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеу. Желіммен жұмыс жасай білу дағдыларын бекіту.
Тапсырмалар:
1. Бағдарламалық тапсырмаларды өз бетінше орындауға дағдыландыру.
Табиғаттағы маусымдық өзгерістер жайлы білімдерін жетілдіру.
Әдіс - тәсілі: ТРИЗ, тәй - тәй технологиясы, сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету,
2. Мезгілге сай мақал сөздің мазмұнын біліп, орынды қолдана білуге үйрету. Ертегі арқылы тіл байлығын, сөздік қорын дамыту.
3. Ойын тапсырмалар арқылы ( көңілді шеңбер) ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: 4 түрлі ( қызыл, жасыл, сары, көк) карточка(жыл мезгілдеріне сай, өзгерістері бар суреттер, көжек шаблондары, көңілді шеңбер, морфологиялық кесте, слайд арқылы суреттер, ролик.
Билингивалды компонент: қоян - заяц, көжек - кролик, күз - осень.

Мотивациялық қозғаушы
Ұйымдастыру
Балалар біздің топқа көптеген апайлар қонаққа келіп отыр екен. Әдепті елдің баласы алдыменен не істейді?
- Дұрыс айтасыңдар. Олай болса балалар әдептілігімізді көрсетіп келген қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Жарайсыңдар балалар рахмет.
Көңіл күйлерің қандай?

Іздену ұйымдастырушы
Сондай тамаша көңіл күймен балалар, мен сендермен ойын ойнағы келіп тұр. Ойнаймыз ба?
Экранға назар аударайық.
Балалар мына суретте ненің бейнесі жасырылған деп ойлайсыңдар?
Бұл не болуы мүмкін.?
Неге құс деп ойладыңдар?
Жоқ, ойланыңдар...
Ептеп суреттің бір қиындысын ашу суретті.
Оның құлағы ұзын.
Дұрыс таптыңдар балалар.
Балалар қоян бізге не айтқысы келіп тұр.
Оны білу үшін балалар мына сөзді жалғастыру керек екен.
- Қоян қыста ақ - жазда
- Қоянның құйрығы қысқа, құлағы -
- Қоянның артқы аяғы ұзын - алдыңғы аяғы -
Қоян сөйлей жөнеледі.

Сәлеметсіңдер ме балалар!
- Кеше біздің ормандағы қояндар төбешігінде, жиналыс болды. Онда қояндардың бір тобы, күз мезгілі аяқталып қалды, күн суытты, үстімізге ақ тон киетін кез келді десе, бір тобы жоқ әлі қыс мезгіліне ерте, күз мезгілі аяқталған жоқ дейді.
Біз бір шешімге келе алмадық.
Сіздер бізге дұрыс шешім қабылдауға көмектесе аласыздар ма? Үсті басым су - су боды. Менің көжектерімде тоңып қалған сияқты. Сіздерден сұрайтынымыз нақтылап, зерттеп, анықтап дәлелмен айтып беріңіздерші.
- Балалар бұл сұрақ біз үшін де қызық болып тұр.
Қояндарға көмек береміз бе балалар.
Ол үшін алдымен қазір жылдың қай мезгіл екенін біліп алайық. Сонымен қатар қоян туралы не білеміз ортаға салайық..
Қазір қай мезгіл екен?
Күз мезгілінде неше ай бар?
Балалар сендер қалай ойлайсыңдар, ауа - райын қалай білуге болады?
Өте жақсы балалар, дұрыс айтасыңдар.
Морфологиялық кесте арқылы мезгілдің ауа - райының белгілерін атап қойып шығайық. (Балалармен жеке жұмыс)

Қоян қандай жануар екен өзі?
Дұрыс айтасыңдар. Олар қайда мекендейді.
Қоянның неше құлағы бар екен?
Ал аяғы ше?
Басқа жануарлардан аяғының қандай ерекшелігі бар екен?
Ол қоянға жақсы ма, жаман ба?
Неге жақсы деп ойлайсыңдар?
Ал жаман жағы бар деп ойлайсыңдар ма?
Иә, дұрыс айтасыңдар оларда үй болмайды. Екен. Төбешіктерде, ағаштардың түбінде өмір сүреді екен.
Олар өсімдіктермен, күзде қардың астында қалған бидай дақылдарымен қоректенеді екен.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілінде неше ай бар? Балалар қалай ойлайсыңдар ауа – райын қалай білуге болады?
Теледидардан ауа - райын атады және термометр арқылы білуге болады. Ал енді маған кім айтып береді? Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады екен.
- Балалар мезгілге сай мынадай ырымдар бар екен.
- Күз мезгілінде өрмеші шылаулары көп болса, онда қыс мезгілі жылы болады екен.
- егер орманда жаңғақ көп болып, саңырауқұлақтар аз болса, күн аязды болады екен.-
Құмырсқаның илеуі көп болса, қыс мезгілі жайлы болады екен.
Ал қаздар топталып жылы жаққа ұшса, қар жауады деген ырымдар бар екен.

Енді балалар осы жауаптарымызды негізге ала отырып, қояндарға көмек беру үшін дамытушы орталықтармен жұмыс жасаймыз.
Бүгін біз үшін балалар үш орталық ашық тұр.
Орталықтағы жұмыстарды түсіндіру.
Әдебиет орталығы: «Қоянның үйшігі ертегісінің мазмұнымен танысып, қуыршақ театры арқылы рөлге бөліп ойнау.

Күз мезгіліне байланысты мақал жаттаймыз
- Нөсер алдында найзағай ойнайды.
- Күн дүркіресе көп дүркірер.
- Жауынменен жер көгерер, батаменен ел көгерер.
-«Жел дауылды шақырады.
Бұлт жауынды шақырады.»

Өнер орталығы: Балалар бұл орталықта қоянның көжектерінің сұр тонын ақ тонға айналдыратын ғажайып зат бар. Ол мақта
Мақтаның түсі қандай? Сұрақтар қоя отырып, жасалу жолдарын көрсету. Мақтаны қоянның кескіндемесіне ұқыпты таза, әдемілеп жапсырудың әдіс - тәсілін түсіндіріп жапсырту. Осылай көжектерге күз мезгілінің аяқталып, қыс мезгілінің таяп қалғанын дәлелдеп, тоңып қалмау үшін ақ тон кигізіп, ормандағы қояндарға жібереміз

Үстел - үсті орталығы:
1. 4 түрлі ( қызыл, жасыл, сары, көк) карточка(жыл мезгілдеріне сай, өзгерістері бар суреттер бар).
Жыл мезгілдерін маусымдық ерекшелігімен реттілігімен қойып (мезгілдің белгілері, мезгілге сай киімдер) әңгімелеу.
Орманда қояннан басқада жануарлар мекендейтінін айтып, «көңілді шеңбер» ойыны ТРИЗ әдісі арқылы жабайы жануарлардың мекенін, немен қоректенетінін білетін боламыз.
Мысалы ондағы аңдардың суреттері арқылы жұмбақ жасыру.
1.«Құлағы қалқиған,
Елеңдеп қорқып тұрады».
Ол қандай жануар,
Ол немен қоректенеді екен?
Қайда мекендейді?
т. б
2.«Өзі қу жүрген жері айқай шу»
Ол не?
Түлкінің азығы не?
Ол қайда мекендейді екен?
Оның адамға қандай пайдасы бар?
3.«Отырғанда шоқиып, құманға ұқсап кетеді?
Ол не?
4.»Қорбаң, қорбаң етеді, Орман оның мекені» Ол не?
т. б

Балаларды сылдырмақпен ортаға жинап, сергіту жасату.
Сергіту жаттығуы
Ұзын құлақ сұр қоян,
естіп қалып ыбдырды.
Ойлы - қырлы жерермен,
Ытқып - ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын салып көзінің,
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.

Балалар орыс тілінде қоян - зяц деп аталады.
Қане қайталап көрейік.
Көжек - кролик, күз - осень.
Өте жақсы балалар.
ЖАРАЙСЫҢДАР.
Балалар екінші айналым жасап, өз қалауларымен орталықтармен жұмыс жасап, белгі бойынша ортаға жиналады.

Рефлекцивті коорекциялау
Қорытынды:
- Балалар бізге бүгін кім келді?
Балаларға күз мезгіліндегі өзгерістері бар күз мезгілінің басталып, жапырақтар сарғайып жерге түсіп жатқаны, күз мезгілінің аяқталып, күн қатты суытып аязданып, құстардың жылы жаққа ұшып бара жатқан суреттері) Құстар жылы жаққа топталып ұшса қар жауады деген ырымға сүйену. карточкаларды таратып, сурет бойынша әңгімелеп, ғажайып сандықшаға салып, қояндарға дәлел ретінде жіберетінін айту.
Сұрақ - жауап.
Күз мезгілінде қандай табиғат құбылыстары болады екен?
Күз туралы қандай мақал білесіңдер?
Сендерге қай орталық пен жұмыс жасаған көбірек ұнады?
- кімнің жауабы ұнады?
- кімнің жауабы ерекше болды?
Өнер орталығындағы балалардың жұмысын көрсетіп, мақтап, мадақтау.
Балалар сендер бүгін, ормандағы қояндарға өз білімдеріңмен, еңбектеріңмен көмек бердіңдер. Көмек сұрап келген қоянның көжегіне ақ тон кигізіп бердіңдер. Әрқашан да бір - бірімізге қамқор болып жүйрік. Мен сендерді мақтан тұтамын
Осымен оқу іс - әрекетіміз аяқталды. Хош сау болыңыздар.!

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Ормандағы қоянмен бірге тұратын аңдардың тіршілігін, желіммен жұмыс жасау дағдыларын
Түсінігі қалыптасты: Жан - жануарларға қамқор болуға
Айта алады: Табиғаттағы маусымдық өзгерістерді.

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы,
Аққұм ауылы КМҚК№7 «Шұғыла» бөбекжайы I санат тәрбиешісі
Саламатова Күлайым Бақбергенқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 332
1
2 дауыс
Оқи отырыңыз
Тиінге қонаққа барамыз
Тиінге қонаққа барамыз
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Жауқазын" ясли бақшасы Балабақшаның тәрбиешісі Избасова Гүлдана Серікқалиқызы
Жыл мезгілдері. Е. Елубаев
Жыл мезгілдері. Е. Елубаев
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Күйкен орта мектебі» ММ бастауыш сынып мұғалімі Енсегенова Света Саясатовна
Еліктеу сөздің түрлері. Еліктеуіш сөздер
Еліктеу сөздің түрлері. Еліктеуіш сөздер
Еліктеу сөздің түрлерін түсіндіре отырып, еліктеуіш сөздер туралы тапсырмалар беру арқылы білімдерін кеңейту, күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Жылы және салқын түстер. Жылы түсте натюрморт орындау
Жылы және салқын түстер. Жылы түсте натюрморт орындау
Табиғат қоршаған ортадағы сұлулық бояу нақышымен қымбат. Олардың көркі ең алдымен түрлі - түстің реңіне байланысты айқындалады. Табиғатта кездесетін түстер негізінен үш түске бөлінетінін білеміз.
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ж
Ж Қонақ 4 мам 2016 09:47
0
Жаңа технологиямен дайындалған оқу іс - әрекеті. Сәттілік тілеймін