Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Мамандықтың бәрі жақсы

10 сәуір 2016, Жексенбі
Категориясы: Бала бақша
Оқу іс - әрекетін ұйымдастырудың технологиялық картасы
/МАД класы\
Білім беру саласы: Қатынас
Білім бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»
Мақсаты: 1. Балалардың мамандықтар туралы білімдерін толықтыру.
2. Берілген сұрақтарға толық жауап беруін, сурет бойынша сөйлеуге дағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту.
3. Болашақта мамандық таңдауға ықпал ету арқылы, үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, суреттер.
Әдіс - тәсіл: Слайд көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.

Сабақтың барысы
Мотивациялық қозғаушылық
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Бір, екі, үш,
Класс іші тып - тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.

ІІ. Шаттық шеңбері
Жан - жағына нұр шашып
Арайлап жарқын таң атса.
Жүрегім жыли бастайды.
Кездескенде достарым
Құшағын маған кең ашса
Жүрегім жыли бастайды.
- Балалар осы жақсы көңіл күймен оқу іс - әрекетімізді бастаймыз.

Ұйымдастыршылық ізденістік
ІІІ. Жаңа сабақ барысы.
Кіріспе
Мамандықтар туралы сурет бойынша әңгімелету. Мамандықтар туралы өз білетін тақпақтарын сұрау.
Жұмбақтар шешу.
Зымыранды ерттеген,
Ай – жұлдызды зерттеген. (Ғарышкер)
Ғарышкер – ғарышта аспан денелерін зерттейтін адам.
Мектептің жүрегі,
Білімнің тірегі. (Мұғалім)
Мұғалім - әріп үйретіп, білім нәрімен сусындататын абзал адам.
Сауықтырар сырқатты,
Жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)
Дәрігер - ақ халатты абзал жан, адам баласының арашасы емдейді шипасын тигізеді.
Осы сөздерді бір атаумен қалай атаймыз? Осы сөздердің ортақ атауы - МАМАНДЫҚ.
Сабақтың тақырыбын айтып, мақсатты айқындау.
Тағы қандай маман иелерін білеміз?
Мамандықтың түрлері көп: Дәрігер, мұғалім, құрылысшы, шаштараз, жүргізуші, аспазшы т. б көптеген мамандықтар бар. Мамандықтың жаманы жоқ, тек оны дұрыс таңдай білу керек. Қалаған мамандық тың иесі болу үшін еңбексүйгіштік пен білімділік қажет, үлкен өнер мен зор шеберлікті қажет етеді.
Міне, мамандық иесінің өзіндік ерекшелігі, әр маманның өзіне тиесілі жұмыстарымен шеберліктерімен ерекшеленеді.
Слайдтан мамандық иелерін көрсету арқылы балалардан сұрақ - жауап жұмысы.

IY. Дәптермен жеке жұмыс
«Мамандық құралын тап»
Мақсаты: Ойлау қабілетін дамытуға байланысты ойын. Балалар суреттегі мамандық иесіне тиесілі құралын қарындашпен сызу арқылы табады.

Ү. Жұптық жұмыс
«Құрастыру» ойыны
Алдарыңа берілген бөлшектелген парақта сурет бейнеленген. Сол суретті құрастырғанда бір мамандық иесі шығады.

ҮІІ Топтық жұмыс
Мақсаты: Ойын барысында балаларда бір - бірімен қарым - қатынасты нығайту сыпайылықты, инабаттылықты, адамгершілік сезімдері ояту.
Үш түрлі сурет тасталады. Балалар өз қалауларымен сурет таңдап алады. Осылайша топқа бөлінеді. Осы суретте берілген мамандық иесі бойынша қимылды ойын ойнайды. «Аспазшы»,«Футболшы», «Биші».

Рефлексиялық түзетушілік
21 - 1. Ата - анаң қайда жұмыс жасайды?
2. Өскенде кім болғың келеді?
Балалар біз бүгін мамандықтар туралы мағлұмат алдық. Топтарға бөлініп, ойын арқылы әртүрлі мамандықтың іс әрекетін көрсете отырып сендер өздерің еңбек жасадыңдар. Мінеки, қандай еңбек болсын бәрінің өз мамандығы болады.
- Қалай ойлайсыңдар, мамандықтардың бәрі қажет пе?
Бүгінгі іс - әрекетімізге жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
«Болайықшы осындай» әнімен оқу іс - әрекетімізді аяқтаймыз.

Күткен нәтиже:
Білу керек: мамандықтар туралы түсінік алуы, мамандықтың еңбек екендігін, еңбек ету арқылы халыққа пайда келетінін білуі керек.
Болу керек: мамандықты таңдай білуі, оған деген сүйіспеншілігі болуы керек
Істей білу керек: ойын ойнай алады.

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Кемерши ауылы
Қ. Жазықов атындағы орта мектептің мұғалімі
Нарынбай Ғалия Ығылманқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 105
0
19 дауыс
Оқи отырыңыз
Отан сүйер ұланбыз
Отан сүйер ұланбыз
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Кемерши селосы, Қ. Жазықов атындағы орта мектеп бастауыш класс мұғалімі Құлманова Злиха Санаққызы
Астанаға ақ бата. Дихан Әбілов
Астанаға ақ бата. Дихан Әбілов
Халқымыздың асыл сөзі – бата туралы білетіндерін дамыту. Бата сөздерінің мағынасын, идеясын ашуға мүмкіндік жасау. Бата сөздерді жинақтауға, асыл сөздерді түсінуге, мәнерлі айтуға жаттығу.
Болашақ мамандық
Болашақ мамандық
Болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау
1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Айгөлек" ясли бақшасы балабақша әдіскері Талапкер Асылай Мұхамбетқызы
Күй сандықты ашамыз
Күй сандықты ашамыз
БҚО, Ақсай қаласы №3 МДБҰ Жоғары санатты музыка жетекшісі Нуралиева Галия Аленовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.