Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Үй құстары

11 сәуір 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бала бақша
Ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті
Тақырыбы: «Үй құстары»
Мақсаты: Балалардың үй құстары туралы түсініктерін кеңейту, таным үрдістерін, қол моторикаларын дамыту. Өз ойларын дәлелдей білуге дағдыландыру. Үй құстарына деген сүйіспеншіліктерін, қамқорлық сезімдерін ояту. Жаңа Сөздерді меңгерте отырып, сөздік қорларын молайту.
Міндеті: Өз ойын нақты және түсінікті етіп жеткізе білуге дағдыландыру. Үй құстарына деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу.
Білім беру саласы: Қатынас. Таным. Шығармашылық.
Қолданылатын көрнекі - құралдар: Суретті сөздіктер, балапан, тауық, үй құстарының суреттері, Интер. тақта.

Барысы:
Балаларды тілек шеңберіне тұрғызамын. Бір - бірлеп айтады:
- Күн, сәуле шашқаның үшін рақмет!
- Таза ауаға рақмет!
- Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін рақмет!
- Ағаш көлеңкең үшін рақмет!
- Жер саған жомарттығың үшін рақмет!
- Табиғат, сұлулығың үшін рақмет!
Ұстаздар, бізге келгендеріңіз үшін рақмет!
«Ғажайып сәт»:
(Ұядағы жұмыртқаны көрсетіп):
- Қараңдаршы, балалар, бұл не?
- Жұмыртқа
- Жұмыртқаның пішіні қандай?
- Сопақша, дөңгелек.
- Түсі ше?
- Ақ
- Жұмыртқаның ішінде не болады, білесіңдер ме?
- Балапан
- Өте дұрыс балалар, қане ендеше жұмыртқаның ішіндегі балапанға
жылы лебізімізді айтайықшы. Мен бастайын ендеше: (Жұмыртқаны қолыма алып) Денің сау болсын!
Нұрасыл: Үлкен болып өс!
Аманқызы Інжу: Жолың болсын!
Нұртілек: Тентек болма.
Ару: Қанатың мықты болсын!
«Суретпен жұмыс»:
Балаларға слайд арқылы үй құстарының суретін көрсету. Балалар суреттерге қарап мұқият әңгімелеп береді.
Сұрақ - жауап:
- Қандай құстарды көріп тұрсыңдар?
- Үй құстарын бір - бірлеп атайды.
- Балалар, бұлардың барлығын бір сөзбен « үй құстары» деп атайды.
Өйткені олар ұй маңында өсірілетіндіктен және адамдар оларға өз қолдарымен жем, су беретіндіктен солай атаймыз.
- Сонымен олар қалай қоректенеді?
- Біздер оларға жем шашып, су береміз
- Дұрыс айттыңдар. Ендеше мен сендерге Ұ. Есдәулетовтың «Шұбар
тауық өлеңін оқып берейін, оқып болған соң, не туралы екенін айтып бересіңдер. (Өлеңді мәнерлеп оқып беремін).
Шұбар тауық мүлдем
Жолатпайды барса.
Ұясында жүрген
Балапаны қанша?

Балапанын тауық,
Қызғанады жаман
Қанатымен жауып,
Санатпайды маған.
Шұбар тауық туралы сұрақтар қоямын. Балалар жауап береді. Балапандарды санатамын.
- Балалар, мына суретте көріп тұрған құс қандай құс? Оның баласын қалай атайды?
- Тауық. Балапан
- Ия, балалар, тауық - балапанның анасы, оның бізге берер пайдасы көп. Жұмыртқасы, еті - тамақ, мамығын жастыққа пайдаланамыз. Олар екіге бөлінеді, Әтеш ж\е мекиен. Әтештің басында айдары болады, ал қауырсыны түрлі - тісті екен.
- Үй құстарына тауықтан басқа да қандай құстар жатады?
- Қаз, үйрек, күркетауық.
- Өте дұрыс, енді ойын ойнайық

Дидактикалық ойын: «Ұй құстары». Үн таспадан үй құстарының дауысын тыңдатып, қандай құс екенін таптырамын. Балалар табады, олардың жүрісін салады.

Сергіту сәті: - Балалар, қане балапанымыздың көңілін көтерейік, онымен бірге «Шөжелерім» биін билейік. Барлығымыз бірге билейміз. «Шөжелерім» саусақ ойынын ойнату.
Шеп - шеп, шеп - шеп, шөжелерім, сары алтындай балапаным.
Тез жетіңдер, жем беремін, дәнге толы алақаным.
- Балалар енді орнымызға отырып, алдымыздағы қағазда тауықтың
жартылай салынған суреті тұр, соны аяқтап бітірейік. Балалар суретті салып бітіреді.

Жұмбақ жасырамын:
Басында айдары бар,
Иегінде сақалы бар(Әтеш )

Алшаң - алшаң басады,
Бір - бірін көрсе қаңқылдасады.(Қаз)

Жаңылтпаш:
Үйір - үйір үйректі,
Үйірге кім үйретті?
Үйір - үйір үйректі
Үйірге өзім үйреттім

«Етек - етек» ойыны:
- Әуен ойнап, қарақұс бейнесіндегі бала топтың ішінде бір айналып ұшып кетіп қалады. Тауық: «Қыт - қыт балапандар, қарақұс кетіп қалды. Ал тез соңыма келіңдер, етектен ұстаңдар».
Кім айрылса етектен, шығып қалса жетектен.
Соны ұстайды қарақұс, сол болады құсқа жем.
- Қарақұс балапандарды ұстай бергенде, бүркіт ұшып келіп, қарақұсты жаралап, ортаға тастап кетеді. Балалар шеңбер жасап, қарақұсты ортаға алады.
- Қарақұс: «Мені кешіріңдерші! Енді сендерді қорқытпаймын. Ешқашанда балапандарға тиіспеймін»,- дейді.
Мен: «Балалар, қарақұсты кешіреміз бе?». Балалар: «Біз дауыстаймыз, кім екенімізді қарақұс танып айтса, сонда кешіреміз». Дауыстан таныған кезде олар қарақұсты кешіреді.
- Қарақұс: «Мен сендердің дауыстарыңды таныдым. Сендер маған балапанның мүсінін жасап бересіңдер ме? Мен оны өзімнің балапандарыма апарып көрсетейін деп едім. Сендермен дос болғанын қалаймын» Балалар қатты қуанып келіседі де ермексаздан балапанды мүсіндеп, оны Қарақұсқа сыйға береді.
Қарақұс балаларға рақметін айтып, өзінің балаларға әкелген сыйлықтарын таратып береді де қоштасады. Балалар Қарақұспен достасқандарына қуанады.

БҚО, Шыңғырлау ауданы, Ақсуат ауылы,
Ақсуат жалпы білім беретін негізгі орта мектебінің
шағын орталық тәрбиешісі: Иралиева Мира Маратовна
4 608
0
27 дауыс
Оқи отырыңыз
Күншуақ
Күншуақ
Пішін, көлем және түс бойынша түсініктерін қалыптастыру; бір және көп деген сөздерді айырып білуге үйрету, танып білуін өніктіру, сенсорлық эталонын бекіту; эмоциялық көңілді көтеру, баланың енжарлық салып сөйлеуін толықтырып, байытып және түсінетін
Еңбек – бәрін жеңбек
Еңбек – бәрін жеңбек
Еңбек адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Қыс қызығы
Қыс қызығы
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Айгөлек" ясли бақшасының музыка жетекшісі Қартбаева Күнайхан Құсайынқызы
Жомарт күз
Жомарт күз
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Айгөлек" ясли бақшасы балабақша тәрбиешісі Қондыбаева Гүлсім Жаңабайқызы
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Алматы облысы, Райымбек ауданы Кеген ауылы, «Балауса»бөбекжай - балалар бақшасының тәрбиешісі Алпысбай Алмагүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.