Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Су патшалығына саяхат

13 ақпан 2016, Сенбі
Категориясы: Бала бақша
Алматы облысы, Райымбек ауданы,
Кеген ауылы,«Балауса бөбекжай - балалар бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының тәрбиешісі
Азимова Бақытгүл Абылайқызы

Білім беру саласы: «Таным», «Денсаулық»
Оқу іс - әрекеті: Валеология, дене
Тақырыбы: Су патшалығына саяхат
Мақсаты: Су асты әлемі туралы білімдерін тереңдету. Дене шынықтыру жаттығуларының түрлі жолдарымен таныстыра отырып, оның адам денсаулығына тигізер пайдасы жайлы әңгімелеу. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Су асты әлемі туралы балаларға түсінік беру
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, жаттығулар жасату
Көрнекіліктері: Глобус, слайд, плакат
Қажетті құралдар: Глобус, доптар, арқан, кедергілер, орындықтар, слайд

Барысы:
Балалар саппен залға кіреді, қонақтармен амандасады.
Ұйымдастыру - оятушылық:
- Балалар біз үлкен жер шарында тұрамыз, ол неге көк? (Глобусты көрсетіп) Өйткені жер шарында теңіздер, көлдер көп.
Жұмбақ:
Кескен болам, кесілмейді, кесілсе де, бөлінбейді
(Су)
- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Судың адам өміріндегі маңызына баға жетпейді. Сусыз тамақ піспейді, тазалық та болмайды. Су жолымен адам қатынайды, қайық, кеме жүзеді. Судың күшінен электр қуатын да алады, өсімдіктер де су арқылы топырақтан қоректік заттар алады.
Сусыз тіршілік жоқ.
Сусыз жануарларда өмір сүре алмайды.
«Су патшасы» өте бай, оның қол астында неше түрлі балықтары мен жәндіктері бар. Су патшасы өз байлығын ешкімнен жасырмайды. Қалай балалар, су астындағы ғажайып әлемді көруге барамыз ба?
- Барамыз апай.
Ол үшін біз көмекке Дидар ағайымызды шақырайық. \амандасу, сап түзеу\
- Балалар жолда қауіпсіздік ережелерін сақтаймыз.
(Баяу музыка әуенімен)
Ұйымдастыру - ізденушілік:
1. Енді балалар бір - бірлеріңе артқа қарап отырыңдар.
2. Кәне балалар судың астына сүңгиміз. («1, 2 - 3, 4» Дене шынықтыру нұсқаушысы көрсетуімен)
- Жарайсыңдар балалар!
Міне, біз судың астына да түстік.
2. Судың астында аяқтарын алшақ басып шаян келе жатыр.
(«1, 2 - 3, 4» Дене шынықтыру нұсқаушысы көрсетуімен)
- Жарайсыңдар балалар!
- Қасынан Дельфиндер жүзіп бара жатыр, олар ойнағанды жақсы көреді. Бізде дельфиндермен бірге қыдырып қайтайық.
(«1, 2 - 3, 4» Дене шынықтыру нұсқаушысы көрсетуімен)
- Дельфиндердің алдынан теңіз жұлдыздары кездесіп амандасты.
Ал, енді амандасайық.
- Жарайсыңдар балалар!
Қасынан теңіз кірпісі өтті. Ол сондай инелі. Оны қолмен ұстау мүмкін емес.
(«1, 2 - 3, 4» Дене шынықтыру нұсқаушысы көрсетуімен)
Тағыда ирелең - ирелең етіп балық өтті, бірақ ол балық емес, су жыланы. («алдыға, артқа 1, 2 - 3, 4» Дене шынықтыру нұсқаушысы көрсетуімен)
Ұсақ тастардың ортасынан тасбақалар жүзіп жағаға кетіп барады
(«1, 2 - 3, 4» Дене шынықтыру нұсқаушысы көрсетуімен )
Қайдан шыққаны белгісіз аш акулалар кездесті. (төрт аяқтап жүру)
Теңіз шегірткелері шықты (екі қолдары артта, төрт аяқтап жүру) Жарайсыңдар балалар!
Қазір біз( каракатец ) теңіз жануарлары сияқты жүземіз (құйрықпен жүру)
Енді қараңдар, сегіз аяқ та оянып, аяқтарына жаттығу жасап жатыр.
Теңіздің түбінде, теңіз гүлі өседі екен? Ол теңізбен қосып тербеледі.(тіземен тік отырып тербелу)
Ал енді біз солтүстік мұзды мұхитына барамыз, ол жақ өте суық. Ол жерде ит балықтар мекендейді(қолдарын ұстап шеңбер бойымен тізерлеп айналу)
Қараңдар ит балықтың қасында пингвиндерде бар екен. Олар жұмыртқаларын аяқтарының ортасында ұстайды екен.
(допты екі бұттың ортасына қысып жүру)
Олардың аналары алысқа азық іздеп кетеді. Жолдары ауыр, терең қар, үлкен таулар. (аяқ іздері, бір адамдық жол, кедергілер)

1. Теңіздің үстінен, өте төмен ақ шағала ұшып жүр, олар үлкен толқынның алдында, өз азығын балықтарды аулап жүр (қолдарын жайып тербеле жүру)
- Жарайсыңдар балалар, біздің ұзақ та ауыр саяхатымыз аяқталып қалды. Енді теңіздің ауасымен дем алып, дем шығарайық.

Сұрақ - жауап.
- Балалар су асты әлемі сендерге ұнады ма? - Қандай жәндіктермен таныстыңдар?
- Сендерге теңіздегі тіршілік қызықты болды ма?

Қауіпсіздік ережелері
- Балалар су қауіпсіздігіне байланысты судан сақтану ережелері де болады. Оны әрдайым жадыларыңда ұстап жүрулерің керек
• Суда арнайы жерлерде ғана шомылу керек!
• Таныс емес жерде сақ болу керек!
• Егер суда малту білмесең, құтқаратын баллон немесе кеудешені қолдану керек.
• Қайықпен жүзген кезде, түзу отыру керек, қайық аударылып кетуі мүмкін.

Балаларды мақтап - мадақтау.
Дене пәні нұсқаушысы: Сапқа тұрғызу, қоштасу.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Су – табиғат сыйы. Сусыз тіршілік жоқ екенін біледі.
Игереді: Әр - түрлі жаттығуларды қызығушылықпен жасауды игереді
Меңгереді: Қауіпсіздік ережелерін сақтауды меңгереді.

Слайдын жүктеу
3 034
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері
Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ақсан ауылы, Баянауыл аудандық білім бөлімінің Ақсан жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Информатика пәнінің мұғалімі Абылкасова Балкен Көкенқызы
Алматы - бас қалам.  Жас қала - Астанам
Алматы - бас қалам. Жас қала - Астанам
Жарасқан Әбдірешовтің «Алматы - бас қалам, Жас қала - Астанам» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету. Өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау. 2) Өз бетінше жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, ойлау қабілетін арттыру.
Динара Мыңжасарқызы «Мектептен жырақ жол»
Динара Мыңжасарқызы «Мектептен жырақ жол»
Мәтінді түсініп оқуға, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрету; қазіргі таңда ғаламторлық ойындардың адам денсаулығына зиянын тигізетінін оқушыларға жете түсіндіру.
Күй сандықты ашамыз
Күй сандықты ашамыз
БҚО, Ақсай қаласы №3 МДБҰ Жоғары санатты музыка жетекшісі Нуралиева Галия Аленовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.