Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Бау - бақшада, бақтарда

30 сәуір 2016, Сенбі
Категориясы: Бала бақша
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы,
Жаңажол ауылы, Ғ. Мүсірепов атындағы орта
мектебінің жанындағы «Балдәурен»
шағынорталығының тәрбиешісі
Төребекова Әсемгүл Айдарханқызы

Тақырыбы: Бау - бақшада, бақтарда
Мақсаты: Білімділік: Балалардың сөздік қорын заттың сапасы мен құрамын білдіретін (көлемін, түсін, пішінін) сөздермен байыту, балалардың сөздігіне көкөніс пен жеміс туралы жалпы түсінікті білдіретін сөздерді енгізу.
Дамытушылық: Сөздік қорын дамыту және дыбыстарды анық айтуға баулу
Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру
Көрнекіліктер: тіл дамыту дәптері, жемістер мен көкөністер муляждары, АКТ.
Сөздік жұмыс: бау - бақша, бақ.

Ұйымдастыру:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Жарқырайды қаламыз!
Сұрақтар:
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі екенін қайдан білеміз
- Ал бүгін аптаның қай күні
- Сәрсенбі қандай күн?
- Бәріне сәттілік тілеу:
- Балалар, күндерін сәтті өтсін!

Сабақтың барысы:
- Балалар, бүгінгі біздің оқу іс - әрекетіміз жемістер мен көкөністер туралы және олардың қайда өсетіні туралы болады.
- Қане, күз мезгілінде пісетін жемістер көкөністерді атайықшы?
- Олай болса, себеттегі жемістер мен көкөністердің біреуін алып, оның атауын айтып, түсін, пішінін айтып, әңгімелеу. Мысалы, мынау алма, оның түсі қып - қызыл, пішіні дөп - дөңгелек, дәмі тәп - тәтті т. б.

Дидактикалық ойын: «Жемістер мен көкөністерді ажырат»
Мақсаты: балаларға жемістер мен көкөністерді қайда өсетінін, оларды ажырата білуге баулу. Саусақ маторикасын дамыту
- Жемістер қайда өседі?
- Ал көкөністер ше? (егер білмесе қайталату)

Сергіту жаттығуы: «Шие»
Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін.
(Ә. Дүйсенбиев)
(«З» дыбысының дұрыс айтылуын қадағалау).
- Алманы ағаштан қалай аламыз?
Кәне, бақтағы ағаштардан жемістерді үзіп - үзіп алып жинайықшы.
- Көкөністер мен жемістерді қай мезгілде жинаймыз?
Күз! Күз! Күз!
- Кәне, енді бәріміз тәтті жемістерді жегісі келіп, дәмін татқысы келіп ұшып жүрген ара болайықшы. Ыз - ыз - ыз!!!
-«З» дыбысы бар қандай жемістер мен көкөністердің атауын білесіңдер ме?
- Балалар, бізге осындай дәмді жемістері мен көкөністерін сыйлаған асыл өлкемізге, жерімізге арналған тақпақты қайталайықшы.

Отаным менің кең - байтақ.
Жайнаған сансыз қаласы
Жайқалған жомарт даласы.
Ел - Отан біздің кең байтақ.
Отанның біздер баласы

Жұмбақ:
Аспай піскен, қайнамай түскен.
(Жеміс)
(Түсіндіру жұмысы жүргізіледі)
- Неге ол аспай, қайнамай піседі?
(Оларға күннің көзі, яғни күн пісуіне көмектеседі.)
- Жемістерді жемес бұрын не істеу керек?
- Жемістердің, көкөністердің мол болуы, үлкен - үлкен болып өсуі неге байланысты?

Жаңылтпаш:
Бес түп алма,
Бестік алғандікі.
Төрт түп алма,
Төрттік алғандікі.
Бестік алған,
Төрт түп алмайды.
Төрттік алған,
Бес түп алмайды.
(4 - 5 сандарын және алманы көрсету арқылы қайталату)

Сабақты бекіту:
Сабақ барысында аталған жемістерді интербелсенді тақта арқылы
«Бау - бақша» сөзжұмбағы бойынша пысықтау.
- Еңбек туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
«Еңбек - адамның екінші анасы»...

Қорытындылау: Балаларды мақтап, мадақтау.
8 805
2
4 дауыс
Оқи отырыңыз
Сын есім
Сын есім
Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Ақсу кенті, №2 орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі Мырзабекова Улмекен Тайыровна
Тәуелдік жалғауын пысықтау. Қазақстанның табиғаты
Тәуелдік жалғауын пысықтау. Қазақстанның табиғаты
Тәуелдік жалғауы туралы түсініктерін пысықтау. Қазақстан табиғаты тақырыбы бойынша білімдерін толықтыру. Сөздерді тәуелдеу арқылы оқушылардың логикалық ойлау өрістерін, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын, ауыз – екі сөйлеу тілдерін дамыту.
Менің мектебім
Менің мектебім
Сөз байлығын молайту, сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізуге машықтандыру, өткен ережелерге қорытынды жасауға үйрету.
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Балаларға Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату, Т дыбысын дұрыс дыбыстату, әрпін таныту. Тәрбиеленушілерді сауаттылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Күншуақ
Күншуақ
Пішін, көлем және түс бойынша түсініктерін қалыптастыру; бір және көп деген сөздерді айырып білуге үйрету, танып білуін өніктіру, сенсорлық эталонын бекіту; эмоциялық көңілді көтеру, баланың енжарлық салып сөйлеуін толықтырып, байытып және түсінетін
Пікірлер (2)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Гульмира
Гульмира Қонақ 11 мам 2016 23:01
0
Сабақ балалардың қызығушылығын арттырып, тілдерін дамытады


Сәттілік тілеймін!
Назгүл
Назгүл Қонақ 15 мам 2016 08:36
0
Сабағыңыз өте қызықты, балаларды жан-жақты дамытып, еңбексүйгіштікке баулиды. Рахмет. Еңбегіңіз жансын.