Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Мамандық иелері!

15 сәуір 2017, Сенбі
Категориясы: Бала бақша
Оқу іс - әрекет тақырыбы: Мамандық иелері!

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты үздік сабақтар бәйгесіне

Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Тіл дамыту
Мақсаты: Балаларға мамандық түрлері туралы әңгімелей отырып, олардың өмірдегі алар орны, атқаратын қызметі, маңызды рөлі туралы сөз ету. Мамандық түрлерін бағалай, құрметтей білуге баулу.

Мотивациялық қозғаушы. Шаттық шеңбері
Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
Жалықпастан қайта біз,
Достық сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық әлемді,
Әлемдегі бар елді.
Бақыттымыз осы біз,
Қасымызда досымыз.
Айтамыз алғыс қайталап,
Тыңдайды бізді шартарап.
Өмір сүру – бір бақыт,
Дос бола білу – шын бақыт.

Ұйымдастырушылық – ізденушілік
Өткенді қайталау.
- Мультимедиялық әдіс бойынша интерактивті тақтамен жұмыс жасаймыз.
- Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?
- Жыл мезгілдеріне нелер жатады?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Қыс айларын кім атайды?
- Қыста ауа - райында қандай өзгешеліктер болады?
- Балалар, қыста қар қалың жауса, жолды тазартуға тура келеді. Жолды қардан бізге кім тазартып, аршып береді?
- Олай болса, мен сендерге жұмбақтар жасырайын, жауабын тез табасыңдар ма?
- Мектептің жүрегі, білімнің тірегі.
- Сауықтырар сырқатты, жылы үнмен тіл қатты.
- Тікті әсем киімді, дүкенге әкеп ілінді.
- Зымыранды ерттеген, ай жұлдызды зерттеген.
- Тәртіп заңын сақтайды, ел сенімін ақтайды.
- Тыныштықты Отанның, күзететін адам кім?
- Өскен шашты жаратпайтын, қайшы - сы бар жалақтайтын.
- Дабылға тез жететін, жалынға сүңгіп кететін.
- Бал татыған мәзір, ол бар жерде әзір.
- Жалтылдап қалағы, салатын кім қаланы?
- Тұрады әркез сауда сатып, таразы, шотпен достасып.
- Ол көлікті тізгіндейді, жол жөнекей қасынан жолаушы бір үзілмейді.
- Балалар, осы жұмбақтардың жауап - тарын бір сөзбен қалай атаймыз?
- Бүгінгі ашық оқу іс - әрекеттің түрі: «Тіл дамыту»Ашық оқу іс - әрекеттің тақырыбы: «Мамандық иелері»
- Өмірде мамандықтың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді. Тағы да басқа мамандықтар өте көп. Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады. Адам баласына көмектесу - игілікті істердің бастамасы.

- Олай болса, келесі кезек «Полиглот», жауабы үш тілде болу керек.
- Жаңылсын апай балаларды оқытып жүр. Оның мамандығы қандай?
- Бүгінгі оқу іс - әрекетіміздің алғашқы қонағы Есбол Өмірбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шәудірова Жаңылсын Қуанышбай - қызы!
- Сәлеметсіз ба, Жаңылсын Қуанышбайқызы! Қош келдіңіз!
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
Менің мамандығым – ұстаз. «Ұстаздық ету жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, балабақша табалдырығымен санаулы айдан кейін қоштасып, үлкен кемемен мектеп көшіне бет бұрасыңдар. Сол кезде сіздердің алдарыңа кітап, қолдарыңа қаламсап беріп, білім атты дариямен дос боласыңдар. «Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатын» мектеп ұясының басты кейіпкері - біздер, яғни ұстаздар қауымы. Мен өз мамандығымды мақтан тұтамын.
Себебі, мен білімді, саналы шәкірт - терімнің жемісімен мақтанамын.
Бастауыш мамандығым - болашағым,
Білімге әрқашанда жол ашамын.
Дақ келтірмей «ұстаз» атты есімге,
Данасына ұстаздардың ұласамын.

- Рахмет сізге Жаңылсын апай! Олай болса, балалар, алдымыздағы интерактивті тақтадан Жаңылсын апайдың жұмыс сәтінен бейнебаян көрдіңдер.
- Балалар, ұстаз туралы кім қандай өлең шумақтарын біледі?
- Полиглоттың келесі тарауы:
- Ақілгек адамдарды емдеп жүр. Оның мамандығы қандай?
- Балалар, ауырсақ, жанымызға сая болатын дәрігерді, яғни Айсұлу Бердібекқызының анасы Ақілгек Арқабайқызы бүгінгі оқу іс - әрекетімізге келіп отыр.
- Сәлеметсіз бе, ақ халатты абзал жан, Ақілгек Арқабайқызы, қош келдіңіз!
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
Менің мамандығым – дәрігер. Мен өз мамандығымды мақтан етемін, себебі дәрігерлік өз қалауым. Мен науқас адамдарды емдеймін, дәрі беріп, ине шаншып, сырқат жандардың жанына сая болуға еңбегімді арнадым десем артық болмас деп ойлаймын. Мүмкін сіздердің араларыңда да болашақ дәрігерлер де отырған болар.
- Ақілгек Арқабайқызы сіздің қолыңыздағы құралдарыңызбен балаларды хабардар етсеңіз болмас па еді еді?!
- Жарайды, балалар, менің қолымда әртүрлі дәрі-дәрмектер науқас адам - дарға салынатын ине, тамыр бойымен адам денесіне тарайтын сұйықтық дәрілер, дәрумендер. Бұлар адам бала сына күш - қуат беріп, шипа - ем болады
Міне, осындай жауапты мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін.

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт - Шевченко қаласы, "Айгөлек" балабақшасының
II санатты тәрбиешісі Алипкалиева Тажигуль Ибраевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 213
1
16 дауыс
Оқи отырыңыз
Пішіндер қалашығына саяхат
Пішіндер қалашығына саяхат
Геометриялық пішіндерді ажырата білуге, оларға ұқсас заттарды таба білуге, пішіні ұқсас заттарды топтай білуге, пішіндерден бейне құрастыра білуге, түстерін айта білуге үйрету.
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықтың түрлері көп: Дәрігер, мұғалім, құрылысшы, шаштараз, жүргізуші, аспазшы т. б көптеген мамандықтар бар. Мамандықтың жаманы жоқ, тек оны дұрыс таңдай білу керек.
Ақкөжек
Ақкөжек
Табиғаттағы маусымдық өзгерістер жайлы білімдерін жетілдіру. Шығармашылық жұмыстарға қызығушылықтарын арттыру, ой қиялын іс - жүзінде көрсете білуге үйрету.
Ғарыш әлеміне саяхат
Ғарыш әлеміне саяхат
Көктем туралы білімдерін толықтыра түсу, көктем ерекшеліктерін мерекелерді естеріне түсіре отырып әңгімелету. Балалардың ғарыш туралы түсініктерін кеңейту.
Болашақ мамандық
Болашақ мамандық
Болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Meirambek
Meirambek Қонақ 22 сәуір 2017 11:18
0
Керемет жазылган Тек алга