Бәйге бөлімі


Жомарт күз

Атырау облысы,
Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
КМҚК "Айгөлек" ясли бақшасы
балабақша тәрбиешісі Қондыбаева Гүлсім Жаңабайқызы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: Сурет салу
Тақырыбы: «Жомарт күз»
Мақсаты: Балаларға табиғат туралы, күз ерекшелігі туралы түсінігін молайту.
Тәрбиешілік: Жұмысты ұқыпты әрі таза жасауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: 1. Түсіндіру әдісі.
2. Тосын жағдай.
3. Қылқаламмен сурет салу.
4. Сұрақ - жауап әдісі.
Қолданылатын көрнектіліктер:
Тәрбиеші үшін: үлгі сурет, қылқалам, су бояу.
Балалар үшін: қол сүртетін сүлгі, қылқалам, су бояу.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің барысы.
Алдымен сәлемдесу: рәсімімен басталатын сабақта балалар бір - біріне жылылық шырай таныту үшін
Біздің күлкіміз көңілді.
Жеткізсін жылу мен шаттықты
Бөліскен жақсы ғой өмірде
Қуаныш, мейірім, бақытты.

Сәлеметсіз бе?- деген жылы сөздер айтады.
Тәрбиеші: балалар сендерді шын көңілмен қуаныш шеңберіне шақырамын.
Біздің жасап тұрған шеңберіміз неге ұқсайды?
(Балалардың жауабы)
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, керегесі кең, босағасы берік, үлкен киіз үйдің шаңырағына ұқсайды екен. Демек бұл біздің балабақша. Мұнда біз ынтымақты өмір сүріп, тәлім - тәрбие алып жүрміз. Енді бір - бірімізбен дос, бауыр тату ойнайтынымызды дәлелдеп, алақандарымызды беттестірейікші. Алақандарыңызды түйістіргенде нені сезінеміз?
Балалар: жылылықты.
Тәрбиеші: Жылылық қай жерімізден шығады?
Балалар: Жүрегімізден.
Тәрбиеші: Ендеше жүрегімізден шыққан жылылықтың қуатымен: «Жақсы сөз - жарым ырыс» демекші бір - бірімізге жақсы тілектер айтайық.
Мен бастайын, сендер жалғастырыңдар.
Бәріміз күндей жарқырайық.
Мен табиғатты сүйемін.
Аспанымыз ашық болсын.
Тату дос болайық.
Тәрбиеші: Өте жақсы, қандай әдемі тамаша тілектер айттыңдар. Адамдар бір - біріне жылы сөздер айтқанда айналаның ерекше жарқырай түседі.
Енді орынымызға отырайық.
Балалар, мен жұмбақ - өлең оқимын мұқият тыңдап не туралы екенін айтып беріңдер:
Шөп сарғайып,
Өңі тайып
Дала сұры қашады.
Бай жаза алмай
Ойнай алмай
Денең мұздап тоңады.
Айтыңдаршы бөбектерім
Бұл қай кезде болады?
Қай мезгіл, кім айтады?
- Күз
- Дұрыс айтасыңдар, рахмет.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да «Алтын күз» деп аталады.
Неліктен «Алтын күз» дейміз.
Күз түскенде күн салқындайды. Шөптер, жапырақтар алтындай сап - сары болып, сарғаяды, сондықтан «Алтын күз» деп атайды.
Күздің басқа жыл мезгілімен қандай ерекшелігі бар?
- Күн қысқа, түн ұзақ. Жаңбыр жиі жауады. Күзде астық жиналады.
Тәрбиеші: Күзде неше ай бар?
(Балалардың жауабы)
Тәрбиеші: Енді балалар тыныштық сақтап 1, 2, 3 дегенде көзді жұмып күзгі орманға қиялмен серуендеп қайтайық.
Тәрбиеші: Орман іші қандай тып - тыныш.
Жапырақтан айырылған ағаштар сығандай. Аяқ асты сары жапыраққа толы. Ауасы қандай керемет. 1, 2, 3 көзімізді аштық та қайтіп балабақшамызға оралдық. Есік қағып, Күз ханшайымы қонаққа келеді.
Тәрбиеші: бізге қонақ келіп қалыпты.
Сәлеметсің бе күз ханшайым.
Балалар күз ханшайымының көңіл күйі жоқ секілді. Не себепті жабырқаулы күйде екен өзінен сұрап көрейік. Күз ханшайымы сен неге көңілсізсің?

Тәрбиеші: Балалар бүгін сендер білімдеріңді көрсетіп белсенділік таныттыңдар. Енді орындарымыздан тұрып сергіту жаттығу жасайық
Қане қанат жазайық.
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып - ұшып алайық
Орнымызға қонайық.
Тәрбиеші: рахмет балалар енді орындарымызға жайғасайық та Күз
ханшайымының талдарына жапырақтар жасайық
Жапырақтың салыну техникасын түсіндіріп, содан соң, жұмысқа кірісу.

Тәрбиеші: Аяқтаған жұмыстарды арнайы тақтаға іліп, қояды.
Ақын М. Айтовтың «Алтын күзде» шығармасынан үзінді оқиды.
Күзде дала жаурайды.
Көкте бұлттар аунайды.
Бұтағынан үзіліп
Жапырақтар саулайды.
Соңынан тәрбиеші сабақты қорытындылап, жақсы қатысқан балаларды мадақтайды.
Сендерді жүректен жүрекке шеңберіне шақырамын.
Қиын шақта достарды біз қолдайық.
Келесі көріскенше сау болайық.
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 4
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
  • winkwinkedsmileam
    belayfeelfellowlaughing
    lollovenorecourse
    requestsadtonguewassat
    cryingwhatbullyangry
Қауіпсіздік коды :

код көрінбесе қайта басыңыз

Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары
  • Бала құқықтары мен міндеттері

    Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу;
  • Балалардың құқықтары

    Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата Заңы қорғайды. ҚР - ның Конституциясы - барлық Заңдардың негізгі басты құжаты.
  • Заңды білу - заман талабы

    Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру.
  • Менің құқықтық кеңістігім

    Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру. Қазақстан Республикасы Конституциясын және құқықтық нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету, ...
  • Заңды білу – заман талабы

    Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру; Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке ...
  • Бала және оның құқығы

    Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру.
  • Air pollution

    To enable pupils to speak about ecological problems of Kazakhstan To develop pupils’ communicative activity, reading, writing, speaking skills
  • Ақпараттар өлшем бірліктері

    Ақпараттың бір өлшем бірлігінен басқа ақпаратқа аударуды жүзеге асыру
  • Жаңа Жыл - Жаңа Жыр

    Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт-береке әкелсін.
  • Кел, Жаңа жыл, жаңа жыл! (жаңа жылдық сценарий 2020 жыл)

    Міне достар, тағы да бір жылды артқа тастап жаңа жылға аяқ басып отырмыз. Бұл жыл жаман болған жоқ, біраз жетістіктерге бірге жеттік, жұмылып көтерген жүк жеңіл демекші сіз-біз болып сайтымызды ...

Өз пікіріңді білдір
Қандай конкурстар ұйымдастырған дұрыс
Сайтта кім бар
Барлығы: 6
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 6
Роботтар: 0
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика