Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Жаяу жүргінші және жүргізуші

22 ақпан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бала бақша
Жаяу жүргінші және жүргізуші
Мақсаты: Шараға ата – аналармен маи қызметкерлерін қатыстыру. Балалардың жолда жүру туралы білімдерін тиянақтау. Жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру. Іс жүзінде қолдануға қызығушылықтарын тудыру. Балаларды мейірімділікке, байқағыштыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: жол белгілері, көше макеті, бағдаршам, алдын ала әзірленген киімдер, ойыншық балалар айдайтын машиналар, слайд.
Әдіс – тәсіл: ойын, сұрақ - жауап, сахналау.

Кіріспе:
Шаттық шеңбері:
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме?- деп
Амандасып аламыз.

Тәрбиеші: Балалар бүгін бізде ерекше күн болып тұр, себебі бізге МАИ қызметкері инспектор ағай қонаққа келіпті. Балалар, инспектор ағай сіздердің жол ережесін қаншалықты білетіндеріңді тексергісі келеді екен.
Ол үшін балалар, біз көшеге саяхатқа шығамыз.
Ендеше алдымен жол ережелерін қайталап алайықшы.

Жұмбақтар жасырып, жауабын экраннан көру.
1. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

Балаларға бағдаршам туралы сұрақтар қою.
2. Арқаным бар тым ұзын,
Ала - алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)

Жаяу жүргінші жүретін – ақ жолақ туралы сұрақтар қою.
3. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)

- Ал енді келесі, жұмбақтың шешуін дұрыс тапсаңдар, сол көлікпен саяхатқа шығамыз.
Бұл тұлпар су ішпейді. жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді,
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Киіп ап төрт дөңгелек дөңгелейді.(Автобус)

Балалар автобустың артқы есігінен мінеді.

Тәрбиеші:- Балалар, жүргізуші неге автобусты тоқтатты екен?
Балалар:- Себебі бағдаршамның жасыл түсі жанып тұр.
Тәрбиеші:- Дұрыс айтасыңдар, бағдаршамның жасыл түсі жанғанда барлық көліктер тоқтап, жаяу жүргіншілерге жол береді.
Автобус қала көшесінің аялдамасына келіп тоқтайды, балалар автобустың алдыңғы есігінен түседі.
Тәрбиеші:- Балалар, көшеде өте сақ болып жүруіміз керек. Осы кезде велосипед айдаған бала жолды кесіп өтпекші болады, оны жол тәртібін реттеуші ағай ысқырып тоқтатады.
Инспектор:- Сенің мұның не? Жол тәртібін неге бұзасың? Қане велосипедіңді маған бер.
Тәрбиеші:- Сәлеметсіз бе, инспектор ағай. Бұл жерде не болып жатыр?
Инспектор:- Мына бала велосипедпен жүруге болмайтын жермен өтпекші болды. Өзі жол ережесін білмейді екен. Бағдаршамға да қарамайды.
Тәрбиеші:- Инспектор ағай, сіз ол баланы бір жолға кешіріп, жіберіңізші. Біздің балалар оған барлық жол ережесін үйретеді.
Инспектор: - Жарайды. Бірақ велосипед менде қалады. Барлық жол ережесін біліп алғасын, келіп аласың.
Тәрбиеші:- Сенің атың кім?
Бала:- Менің атым – Марат. Жол ережесі, бағдаршам деген не ол? Мен велосипедіммен зырылдап жүргенді ұнатамын.
Тәрбиеші:- Балақай, олай болмайды, егер сен жол ережесін біліп, оны сақтап жүрсең, жол апатынан аман жүресің.
Марат:- Балалар, сендер барлық жол ережелерін білесіңдер ме? Ендеше маған үйретіңдерші.
Тәрбиеші:- Балақай, сен мына ақ жолақтың не екенін білесің бе?
Марат:- Жооқ, білмеймін.
Тәрбиеші:- Балалар, жолдың арғы бетіне шығу үшін не істейміз?
Балалар: - Жаяу жүргінші өтетін жолдан өтеміз. Ол үшін бағдаршамға қараймыз. Бағдаршамның жасыл көзі жанғанда, барлық көліктер тоқтайды, сол кезде ғана жаяу жүргіншілер жолымен өтеміз.
Тәрбиеші:- Бағдаршам деген не үшін керек? Қане, Маратқа айтып, көрсетіп беріңдерші. (бағдаршамның көздерінің түстерінің нені білдіретінін айту)

Бағдаршам туралы тақпақ айту.
1. Үлкен жолдың үстінде,
Әмірші де, күшті де.
Бағдаршам екенін,
Есте сақта достарым!
Бұл сақшының үш көзді
Үш көзден, ұқ үш сөзді
Ашса бұл, дәу үш көзін
Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
Топырлама таласып.

2. Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға,
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба.

Тәрбиеші:- Жолдан өтер кезде алдымен қайда қараймыз?
Жол тәртібін білеміз,
Сол жағымен жүреміз.
Қарсы келе жатқан көп,
Машинаны көреміз.
- Ал, мына белгі нені білдіреді екен? (жақын маңда аурухана бар)
- Балалар, қараңдаршы бұл қандай белгі? (бұл жерде велосипед тебуге болмайды)
- Ал, мына жол жаяу жүргіншілер жүретін жол. Жолды кесіп өту үшін тек осы ақ жолақпен өту керек. Қане, балалар жолдың арғы бетінде ойын алаңы бар екен сол жерге барайық. (жолды кесіп өту)
- Ал, мына белгі не дегенді білдіреді? (жақын маңда асхана бар)
Тәрбиеші:- Балалар сендермен бірге қызықты ойын ойнайық.
Ойын шарты: әр бала өз көліктерінің түсіне сай автотұраққа көліктерін орналастыру.
Тәрбиеші:- Марат, біздің балалардан жол ережесін үйрендің бе? Енді жол ережесін сақтап жүресің бе?
Марат:- Иә, достар сендер жолда жүру ережелерін жақсы біледі екенсіңдер. Мен бәрін түсіндім. Енді жол ережесін сақтап жүретін боламын.
Тәрбиеші:- Балалар, біздің бүгінгі шарамызға ата – аналарымызда қатысып отыр екен, олай болса ата - аналарымызға да сұрақтар қойып көрейік.

Ата – аналарға арналған сұрақтар:
1 - сұрақ. Жолаушылар дегеніміз кімдер?
Жауап: Кез - келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.
2 - сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не?
Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қоғалысын реттейді. Бағдаршамның түстерінің қызметін атаңыз.
3 - сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады?
Жауап: Жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.
4 - сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек?
Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама - қарсы бағытта жүрген жөн.

Тәрбиеші:- Марат балақай, біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз болды.
Енді жол ережесін мұқият сақтап жүр.
Марат:- Инспектор ағай, кешіріңіз мен енді жол ережесін сақтап жүремін. Велосипедімді қайтарасыз ба?
Инспектор ағай, біздің балаларымыздың жол ережесін қаншалықты білетіндерін көрдіңіз ғой, сіз не айтар едіңіз?
Тәрбиеші: Ал, балалар енді автобусқа мініп, балабақшамызға оралайық.

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
КМҚК "Жауқазын" ясли бақшасы тәрбиешісі
Аманова Марал Жанахметқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 203
0
4 дауыс
Оқи отырыңыз
Қыс қызығы
Қыс қызығы
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Айгөлек" ясли бақшасының музыка жетекшісі Қартбаева Күнайхан Құсайынқызы
Қыс қызығы
Қыс қызығы
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Бірлік ауылы, №5 «Айгөлек» МКҚК балабақшасының тәрбиешісі Бисенова Жансая Ғлажадинқызы
Жомарт күз
Жомарт күз
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Айгөлек" ясли бақшасы балабақша тәрбиешісі Қондыбаева Гүлсім Жаңабайқызы
1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау
1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК "Айгөлек" ясли бақшасы балабақша әдіскері Талапкер Асылай Мұхамбетқызы
Су патшалығына саяхат
Су патшалығына саяхат
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылы,«Балауса бөбекжай - балалар бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының тәрбиешісі Азимова Бақытгүл Абылайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.