Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Қосу және азайту 3+56, 30+24

04 сәуір 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қосу және азайту 3+56, 30+24
Мақсаты: 1. Оқушыларға қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдану арқылы қосуды үйрету. Ондықтан аттап қосу мен азайту тәсілдеріне есептер шығара білуге дағдыландыру.
2. Оқушылардың ойлауын, есте сақтауын, өз бетімен шешім қабылдап, қорытынды ой - пікірлер білдіруін, белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту.
3. Өз бетінше жұмыс жасай білуге, есептеу тәсілдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд, семантикалық карта, қиықша.
Түрі: Жаңа материалды игеру
Әдісі: Түсіндіру, ойын, сұрақ - жауап, ой қозғау, сергіту сәті, жұмбақ шешу,
"Ішіне - сыртына стратегиясы ", "Семантикалық карта" әдісі, "Бағдаршам" әдісі

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезең. Оқушылардың пәнге қатысты оқу - құралдарының толықтығын қадағалау.
Психологиялық дайындық
Математика, достарым
Ең маңызды, керекті.
Қатал да нақты пәніміз
Ол - қызықты, сүйікті
Математика пәніміз.
Мұалім: Қане, достым, тексерші,
Дайынсың ба сабаққа?
Орнында ма, бүтін бе,
Дәптер, қалам, кітабың?
Тұрма күнделік алдыңда,
Қолыңда ма қаламың?

2. Үй тапсырмасын тексеру. №5
25 пен 5 - тің қосындысына 60 - ты қос.
70 пен 9 - дың қосындысынан 40 - ты азайт
60 пен 4 - тің қосындысынан 40 - ты азайт
20 мен 2 - нің қосындысына 50 - ді қос
(Өзіндік тексеру жұмысы жүргізіледі)
25+5+60=90
70+9 - 40=39
60+4 - 40=24
20+2+50=72

3. Қызығушылығын ояту. (Жұмбақ жасыру)
- Балалар жұмбаққа назар аударайық.
1) Есепке де кіремін
Әріпте боп жүремін. (3).
- 3 саны
- Дұрыс айтасыңдар.
- 3 саны, өмірде не нәрселерге ұқсайды?
- З әрпіне, ұшып бара жатқан құсқа, т. б.
- З саны – неше таңбалы?
- Бір таңбалы.
- Қай кластарға жатқызамыз?
- Бірліктер класына
- Келесі жұмбаққа назар аударайық.

2) Әріп десең, бүйірі тоқ,
Сан десең салмағы жоқ. (0)
- 0 саны, өмірде не нәрселерге ұқсайды?
- О әрпіне, жұмыртқаға, дөңгелекке, т. б.
- О саны – неше таңбалы?
- Бір таңбалы.
- Қандай әріп?
- Бастағы З цифрының қасына О цифрын қоятын болсақ, неше болады?
- ЗО
- 30 – неше таңбалы сан?
- 2 таңбалы сан.
- Қай кластарға жатады?
- Ондықтар класына.
- Неше ондық? Неше бірлік?
- 3 ондық, 0 бірлік.
Көркем жазу. 30 цифры.
- Дұрыс айтасыңдар. Енді бүгінгі өтетін сабағымызға назар аударайық.

4. Не байқадың?
№2. 58 бет.
1) 3 пен 56 сандарының, 30 пен 24 сандарының қосындысын жаз.
3+56=58
30+24=54
2) Қосылғыштардың орындарын ауыстыр. Олардың мәндерін тап.
56+3 = 58
24+30=54
3) Не байқадың? Қосудың қандай қасиетін қолдандың?
Қортынды жаса:
- Қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдандық.
- Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан өрнектің мәні өзгермейді.

5. Жаңа мағынаны тану.
3+56, 30+24 қосу және азайту.
- 3 қандай сан?
- 1 таңбалы, бірліктер класына жатады.
- Екінші қосылғыш 56 санын разрядтық қосылғыштарға жіктейік.
- Неше мен нешенің қосындысы?
- 50 және 6
- 50 неше таңбалы сан? Екі. Неше ондыққа тең? 5 ондық
- 6 неше таңбалы сан? Бір. Неше бірлікке тең? 6 бірлікке
- Амалды орындау үшін нелерді біріктіреміз?
- Бірліктерді.
3+6 жазуы нені білдіреді? Бірліктерге, бірліктерді қосуды білдіреді? 30+24=
- Бұл жерде 30 бен 24 сандарының қосындысы берілген.
- Бұл неше таңбалы сандардан құралған?
- Екі таңбалы.
- Бұл жерде нелерді біріктіреміз?
- Ондықтарды.
- 24 санын разрядтарға жіктейік? Неше мен нешенің қосындысы?
- 20+4, 20 неше ондық? 2 ондық
- 4 неше бірлік? 4 бірлік
Қортынды жаса: Екі таңбалы сандарға қосу амалын қолданғанда бірліктерді бірліктерге және ондықтарды ондықтарға қосады.

6. Пысықтау жұмысы. (тақтамен жұмыс)
32+6
32+60
87 - 5
87 - 50

7. Ойын: «Қоянға көмектесейік»
Оқушылар қолындағы сандар текшесімен жауабын көтереді. Сол арқылы кім шапшаң, қатесіз дұрыс орындай алатынын байқаймын.
Қызықты есептер:
Көлден ұшты 50 қаз
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі
Кәне кім шешеді?
(30 қаз)
100 асықтың 30 - ын
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалды?
(70 асық)
2 түйе, 2 жылқы
2 сиыр, 3 ешкі
2 қоян, 4 түлкі
Таба алмасаң бол күлкі
(14 )
Табақта бес алма,
Қолымда үш алма,
Інімде екі алма,
Қосқанда барлығын.
Болады неше алма? (10 алма)

8. Оқулыпен жұмыс.
4 есеп. Берілген тапсырманы оқыта отырып талдатып, қайсысы есеп екенін анықтау. Бірінші тапсырманың сұрағы жоқ, есепке жатпайды. Екіншісі есеп.
Сатып алынғаны – 15 кг.
Жіберілгені – 10 кг.
Қалғаны –? кг.
Шешуі: 15 - 10=5
Жауабы: 5кг ұн қалды.

9. «Көршілерін тап» ойыны.
•••30••• •••29••• •••15•••
•••27••• •••25••• •••9••• 10.

10. Топтық жұмыс. ( өзіндік тексеру)
1 - топ: 54 - а=4 ----------- 2 - топ: а+5=25 ------------- 3 - топ: 12 - а=10
а=54 - 4 ---------------------- а=25 - 5 ----------------------- а=12 - 10
а=50 -------------------------- а=20 --------------------------- а=2
54 - 50=4 -------------------- 20+5=25 ----------------------- 12 - 2=10
4=4 ----------------------------- 25=25 ------------------------- 10=10

Сергіту сәті.
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз

11. Шығармашылық жұмыс.
(Ауызша орындай отырып, жауабын тақтадан тексеріп отыру. Өзіндік бағалау)
1 метр 1 дециметрден неше сантиметр артық
1 метр 1 дециметрден неше сантиметр артық
1 дециметр 1 сантиметрден неше сантиметр артық?
1 минут 1 сағаттан неше минут кем?
1 сағат 1 тәуліктен неше сағат кем?

12. «Ішіне - сыртына стратегиясы» бойынша теңдіктің мәнін табу.
Ішіне ---------- Сыртына
8+4 --------------- 4
9+4 --------------- 12
12 - 4 ------------- 13
13 - 4 ------------- 12
4+8 ---------------- 9
4+9 ---------------- 8
12 - 8 ------------- 13
13 - 9 -------------- 12

------------------ 9 -------- 8 ----------- 7
4+х=11 ----------------------------------+
4+х=12
4+х=13

13. «Үйдің нөмерін тап» ойыны.
- Балалар мынау сендердің үйлерің.
- Ендеше кім нешінші үйде тұрады екен?
Тауып көрейік.
- Қане кім қай үйдікін тапты?
Жұптық тексеру. 1) 94, 2) 64, 3) 85, 4) 60, 5) 6, 6) 14, 7) 58.

14. Қорытындылау. "Бағдаршам" әдісі
Сабақты қандай деңгейде түсінгенін білу үшін"Бағдаршам" әдісін қолдандым.
Қызыл түс – түсінген жоқпын;
Сары түс – әлі де практика қажет /сұрақтар бар;
Жасыл түс – барлығы түсінікті.

15. Үйге тапсырма.№5, №6 59бет.
16. Бағалау.
- Ал, әр кім қанша жүрек алды санап беріңдер, сол бойынша бағалауды жүргіземін.

Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы,
№6 Хромтау гимназиясының
бастауыш пәні мұғалімі
Кысырауова Шынар Андебековна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 694
0
3 дауыс
Оқи отырыңыз
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Ағынтай батыр ауылы Златогор орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Мағзұм Нұрланбек
Тапқырлар тартысы
Тапқырлар тартысы
Оңтүстік Қазақстан обылысы, Мақтарал ауданы, Атакент кенті, "Мақтарал" мектеп - гимназиясының математика пәні мұғалімі Хожаева Жазира Орынбековна
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
412+279 және 691 - 279 түріндегі жазбаша қосу және азайту
412+279 және 691 - 279 түріндегі жазбаша қосу және азайту
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Бекболат ауылы, 1 Май орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Джанкенова Анаргуль Куанышевна
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есім жекеше, көпше түрде айтылады. Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: биші, аға, тау, өзен. Кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз: бишілер, ағалар, таулар,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.