Бәйге бөлімі


Қос сөздер

Қос сөздер
Мақсаты: 1. Қос сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; қос сөздердің екі түрлі сөздің өзара қосарлануы арқылы жасалып, жаңа ұғым тудыратынын ұғындыру; сөйлем ішінен қос сөздерді таба білуге, оның мағынасын ажырата алуға үйрету.
2. Оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерін дамыту. Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін арттыру. Көркем жазуға баулу.
3. Ұқыптылыққа, сауаттылыққа үйрету. Қайырымдылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: әңгімелесу, салыстыру, оқулықпен жұмыс
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу
Көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық даярлық
Қонақ күту салтымыз,
Оқып - біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге,
Сәлем бердік жалпымыз.
Бір, екі, үш
Сынып іші тып - тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.

Поэзия минуты. (интербелсенді тақтада)
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым бақытым, дара тілім

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Өтілген материалды тексеру, қайталау.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
6 - жаттығу. Адам, жер - су, аң - құс атауларына байланысты біріккен сөздер құрап келу.
- Оқулықтағы тапсырманы бәрің орындап келді деп сенемін. Шығармашылық жұмыс бойынша кім өз бетінше ізденіп берілген тапсырманы орындап келді? Кім көп сөз жазып келді?
Оқушыларға оқыту. Талдықорған, Ақсу, Үштөбе, Үшарал, Ақмола, Ақтау, Ақтөбе, Жезқазған, Байқоңыр, Жаңатас
Аққу, түйеқұс, жолбарыс, қараторғай, қарақұйрық, қосаяқ, қарақұлақ, жұпартышқан, таутеке, арқар

а) Интерактивті тақтадағы суреттерден біріккен сөздер құрату.
Айнабұлақ, түйеқұс, Ботагөз, жолбарыс, Айгүл (сөйлем құрату)

- Осы сөздердің бәрі қандай сөздерге жатады? (Біріккен сөздерге)
- Сонымен біріккен сөздер дегеніміз не?
- Ал күрделі сөз дегеніміз не?
- Күрделі сөздер қалай жасалады?
- Дұрыс айтасыңдар күрделі сөздер түбірлердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы жасалады екен. Күрделі сөздердің біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер, тіркес сөздер болып төртке бөлінеді екен. Соның ішінде біз біріккен сөздермен таныстық. Жарайсыңдар өтілген тақырыпты жақсы түсініпсіңдер, үй тапсырмасына да жақсы дайындалып келіпсіңдер.

Күрделі сөздер

Біріккен сөздер → жолбарыс, Сарыағаш
Қос сөздер → Ата - ана, дүркін - дүркін
Қысқарған сөздер
Тіркесті сөздер

ІІІ. Жаңа сабақ
1. Сөз жұмбақ шешу
Олай болса бәріміз сиқырлы сандар сөзжұмбағын шешейікші. Сандарға сәйкес әріптерді тауып жасырылған сөзді табайықшы. Қане кім жылдам екен? Кім айтады қандай сөз шықты? (Қос сөздер) Дұрыс айтасыңдар. Қос сөздер.
- Балалар «қос» деген сөзді қалай түсінесіңдер? ( екі )
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – Қос сөздер. Бұл сабақта біз қос сөздер дегеніміз не екенін, олардың қалай жасалатындығын үйренеміз. Сонымен қатар сөйлем ішінен қос сөздерді таба білуді, олардың мағынасын ажырата алуды үйренеміз.

Күн ретін, көркем жаздыру.
Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді, өтілетін тақырыбымызды жазып қояйық. Көркем жазуға Қ әрпін жазамыз. Әріптеріңді көркем етіп. Жолдан шығармай, созбай, қисайтпай жазып шығамыз. Қ әрпіне қатысты сөздер жазып қойыңдар.

2.(Интерактивті тақтада сөйлем жазылады)
Сенің білім алудағы, еңбектегі табыстарың – ата - анаң үшін зор бақыт.
Жағалай - жағалай – тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым.
Орман іші тып - тыныш.

- Сөйлемдегі басқа түспен жазылған сөздердің құрамы қандай?
- Қалай жасалып тұр?

4. Оқулықпен жұмыс.
1 - жаттығу. Қосарланып жасалған күрделі сөздердің құрамындағы мағынасы мен жаңа сөз жасалғаннан кейінгі мағыналарын оқушылар салыстыра отырып түсіндіреді.
Жасалу жолына, арасына қойылған дефиске назар аудару.
Екі сөздің қосарланып айтылуынан жасалған сөздің қос сөз деп аталатынын оқушылардың өздеріне қорытындылап айтқызу.
Қос сөздер

Бір сөздің қайталануы арқылы → жиі - жиі, биік - биік
Екі түрлі сөздің қосарлануы арқылы → бір - екі, жоғары - төмен
Сөздің алдынан күшейткіш буын қосу арқылы → үп - үлкен, дөп - дөңгелек

Мағынаны таныту
2 - жаттығу. Дәптермен жұмыс.
Сөйлемдерді көшіріп жазып, қос сөздердің астын сызу.
Мәтін интер. тақтада жазылады. Бірнеше оқушы тапсырманы тақтада орындайды?
Интер. Тақтамен тексеріледі.
1. қазы - қарта, жал - жая, қазанда бұрқ - бұрқ қайнайды. 2. Үйге кірмеген жігіт - желең, кәрі - құртаңдар – өз алдына бір топ. 3. Балконның есігін ашып еді, еденде тыпыр - тыпыр етіп жатқан әлдебір құсты көрді. 4. Арбамыз толған азық - түлік, киім - кешек, құрал - сайман еді. 5. Бақа шыбын - шіркей, құрт - құмырсқаны тілімен қағып жейді.

3 - жаттығу. Интер. Тақтадағы суреттерден қос сөздер құрату. 1 - 2 сөйлем құратып, сөйлем мүшесіне талдату.

Қызықты әңгімелер мен жаңалықтарды газет - журналдардан оқимыз.
Мен анама ыдыс - аяқ жинауға көмектесемін.
Айдостың әкесі құрал - саймандар сататын дүкенде жұмыс істейді.

Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып
Бір тынығып алайық.

Келесі тапсырма: Терме диктант. Қос сөздерді тауып, тыныс белгісін қойып, теріп жазыңдар.
Ертеде Атымтай деген адам болған екен. Оның кедей - кепшікке, жетім - жесірге барынша көмек көрсетуімен, қайырымдылығымен аты шығыпты. Атымтай жомарт бай болса да, күнде - күнде бір мезгіл үстіне ескі - құсқы киім киіп, отын кесіп, шөп тасып, жұмыс қылады екен.

4 - жаттығу. Сөздерді мағынасына қарай өзара үйлесімді сөздермен тіркестіріп, қос сөз жасату
Сәйкестендіру стратегиясы «Менің бағытым»
(Жолдас, жылы, ұят, мұны, төмен, шашын)
1. жыл -
2. жора -
3. жауын -
4. жоғары -
5. Ар -
6. оны -

ІҮ. Қорыту
Жұмбақ шешу.
Үш қөзді батыр,
Жолды аңдып жатыр. (бағдаршам)
Асүйден табылады,
Керегіңе жарап.
Байқамасаң шағылады? (Ыдыс - аяқ)

Венн диаграммасы
Біріккен сөз: бағдаршам
Қос сөз: ыдыс - аяқ
Екеуі де күрделі сөз

Ү. Үйге тапсырма. 5 – жаттығу. Қос сөздері бар мақал - мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш жазу.

Бағалау
«Төрт» дегенің – жақсы баға
Алады оны жақсы бала.
«Бес» дегенің – үздік баға
Оқитын бол үздік қана.

Алматы облысы,
Талдықорған қаласы, №19 орта мектеп - гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі Дюсенбинова Гүлнұр Қызайбекқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 1
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
  • winkwinkedsmileam
    belayfeelfellowlaughing
    lollovenorecourse
    requestsadtonguewassat
    cryingwhatbullyangry
Қауіпсіздік коды :

код көрінбесе қайта басыңыз

Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары
  • STEM- білім беру бағдарламасының жаңа тренді

    STEM ағылшын тілінен аударғанда 4 сөздің қосындысы. Олар: ғылым, технология, инженерия және математика. Білім саласы бір орында тұрмайды. STEM Дүниежүзілік білім саласындағы жаңа тренд.
  • "Қолөнерді дамыту арқылы, ұлттық рухымызды көтеру" мақала

    Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдар әсемдігі, өрнегі тұрмысқа мән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген.
  • "Ою-өрнек арқылы ұлттық тәрбие берудің негіздері" атты баяндама

    «Ұлттық тәрбие» деген термин кез – келген ұлтқа байланысты айтылатын ұғым. Өйткені, қандай ұлт болса да тәрбиесін өз тілінде ұлттық тәлім тәрбие тәжірибесіне байланысты жүргізеді.
  • 5 сынып Ақпараттың өлшеу бірліктері

    Сабақтың мақсаты: 1. Ақпараттың өлшеу бірліктерін білу 2. Ақпараттың өлшеу бірліктерін бір өлшем бірліктен екінші өлшем бірлікке айландыру. 3. Ақпаратты тасымалдау құралдарының сыйымдылығын анықтау.
  • Процессор мен қатты диск

    Сабақтың мақсаты: Барлығы: Процессор мен қатты дискінің қызметін түсіндіру Басым көпшілігі: Жүйелік блок пен процессор айырмашылығын түсіндіру Кейбіреуі: Қатқыл дискі мен диск жетекшісінің ...
  • Медициналық қобшида

    Білімділік: Медициналық дәрі қобдишасымен таныстырып, оқушыларды жарақат алған кезде көрсетілетін алғашқы көмектің негізгі әдіс - тәсілдерімен таныстыру.
  • Решение текстовых задач

    Цели урока: познакомить учащихся со способом решения логических задач с помощью кругов Эйлера - Венна способствовать развитию логического мышления, памяти, самостоятельности и инициативы при ...
  • Числовая последовательность

    Цель урока: Сформировать навыки применения знаний по числовой последовательности к задачам реальной ситуации через групповое обучение.
  • Вариационные ряды

    Цели урока: добиться усвоения учащимися содержания понятий: среднее значение, мода выборки, медиана выборки. Закрепить знания учащихся о содержании понятий, изученных на предыдущем уроке.
  • Перпендикуляр, наклонная и её проекция

    Цели обучения, которые достигаются на данном уроке (ссылка на учебную программу): 7. 1. 2. 8 усвоить понятие перпендикуляра, наклонной и проекции наклонной; 7. 1. 2. 9 доказывать и применять теорему ...

Өз пікіріңді білдір
Қандай конкурстар ұйымдастырған дұрыс
Сайтта кім бар
Барлығы: 2
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 2
Роботтар: 1
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика