Бәйге бөлімі


Сын есім

Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін еске түсіру, кеңейту.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой - өрістерін танымдық қабілеттерін, сөздік қорын. Шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Тиянақтылыққа, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кестелер, сызбалар, тест.
Әдісі: Сұрақ - жауап, нақыл сөз, ой - толғау, сөйлем құрастыру.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен математика.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларға жұмбақ шешкіземін
Қабат - қабат қаттама
Ақылың болса аттама (кітап)
Балалар кітаптан біз не оқып білеміз?
Ендеше бір - бірімізге күш - жігер беретін тілектер айтып сабағымызды бастайық.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
4 – жаттығу. Нақыл сөзді көшіріп, болымсыз етістіктің астын сызу.
Жаманшылық жақсылықтан аса ма,
Жақсы адам жақсы істен қаша ма?
Жақсы адам болғың келсе, батырым,
Жамандыққа жамандық жасама.
(Жанқұтты шешен)

III. Жаңа сабақ
Сөзжұмбақты шешу.

1. Жылт - жылт етеді
Жылғадан өтеді
2. Үй үстінде алтын тас,
Алайын десем табылмас
3. Қардай аппақ
Сондай тәтті - ақ.
4. Аппақ дала қара дән,
Дәнін сеуіп, түсінуге жараған
5. Өзі жап - жас мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар.
6. Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
7. Айдалада ақ отау,
Аузы - мұрны жоқ отау.
С
Ы
Н
Е
С
І
М
Балалар қай сөз табы шықты?
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы балалар сын есім.
Алма → түсі, сапасы, дәмі, көлемі
Сонымен сын есім дегеніміз не?
Қандай сұрақтарға жауап береді?

IV. Бекіту
Оқулықпен жұмыс.
1 - жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар және сын есімдерді тауып, астын сызып көрсетіңдер.
Гүлнұр – әдепті қыз. Ұстаз – құрметті адам. Көмір пайдалы қазбаларға жатады. Бүркіт ұясын биік қияға салады.
2 - жаттығу (ауызша).
Ақыл, ой, білім, өнер.
Біл, жүз, тап, тер.
Осы сөздерден сын есім жасап айтыңдар.
“Сиқырлы сандар” ойыны.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
а о қ ң ю с щ ы л р

Оқулықпен жұмыс жасау.
3 – жаттығу Өлеңді көшіріп жазып, сын есімдерді табу.
Жаңа жауған ақша қар
Ауаны әбден тазалар.
Ат бауырлар қалың қар,
Оған жүрдек шаңғым бар.
Түйіршегі үлбірек,
Бұл жеп - жеңіл үлпек қар,
Көшелерге бір - бірлеп,
Серуендеуге күнде бар.
Ой толғаныс
Бес жолды өлең жазу
Зат есім (1) Кірпі
Сын есім (2) Тікенді, баяу
Етістік (3) жүгіреді, домаланады, қоректенеді
Сезімді білдіретін (4) Неткен түрпідей тікенек жануар!

V. Қорытындылау
Тест.
1. Қандай? Қай? сұрақтарына жауап беретін сөз табы
А Зат есім
Ә Етістік
Б Сын есім
2. Сын есімдерді тап.
А қызыл, әдемі, көркем
Ә келді, оқыды, жаз
Б ата, жейде, көңіл
3........ бала – арлы бала,
....... бала – сорлы бала. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой.
А жақсы, жаман
Ә ақылды, ақылсыз
Б көрікті, көріксіз
4. Сын есімнің сұрақтарын тап
А Кім? Не?
Ә Не істеді? Не қылды? Қайтті?
Б Қандай? Қай?
5. Қандай сұрағына жауап беріп тұрған сөздерді тап.
А тәтті, сары, салқын
Ә қақты, жаз, күлді
Б ана, көгершін, таға

VІ. Үй тапсырмасы: 4 - жаттығу. 53 бет.
Сын есімдерді зат есімдермен тіркестіріп жаз.
Әдемі.........., қою........, кең........, қоңыр....., таяз......., қалың........,
биік........
VІІ. Оқушыларды бағалау.

Қостанай облысы, Қостанай ауданы
Талапкер селосы, "Талапкер бастауыш мектебі" ММ
бастауыш пәні мұғалімі Баймағанбетова Әсел Әлімханқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 2
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
  • winkwinkedsmileam
    belayfeelfellowlaughing
    lollovenorecourse
    requestsadtonguewassat
    cryingwhatbullyangry
Қауіпсіздік коды :

код көрінбесе қайта басыңыз

Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары
  • Үлгі бойынша санау

    Мақсаты: Үлгі бойынша санауға және дәл сондай заттар санын айтып білуге үйрету. Екі топтағы заттарды салыстыру. Кеше, бүгін, ертең түсініктерін айыра білу және осы сөздерді дұрыс қолдануға үйрету. ...
  • Жол тәртібін сақтаймыз!

    Арманға алдап күткен асығамыз, Біз қалай шап қанаттай басыламыз. Жол жүру ережесін жақсы біліп, Сақтық пен алға ұмтылған жас ұланбыз!
  • Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі

    Оқу мақсаты: 7. Т4. Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау 7. А5. Диалогқа қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші - ...
  • Жабайы жануарлар әлемі

    Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі баланың коммуникативті дағдылары мен білігін дамыту. Жабайы аңдар туралы түсінік беру, білімдерін кеңейту, олардың тіршілігін сипаттап, сөздік қорын байыту. Жабайы ...
  • Жолда – абай бол!

    Мақсаты: Білімділігі: Жалпы жол белгілерімен балаларды таныстыруды жалғастыру, жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру. Дамытушылығы: Іс жүзінде қолдануға қызығушылықтарын тудыру.
  • Үй жануарлары

    Мақсаты: Білімділік: балалардың үй жануарлары, олардың пірлері, адамға тигізетін пайдасы туралы білімдерін кеңейту.
  • Ел ертеңін ойлаған Елбасы

    Сабақтың мақсаты: 1. 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. 2. ...
  • Түрлі - түстер әлеміне саяхат

    Мақсаты: Балалардың түстер және пішіндер туралы білімдерін бекіту. Үлкен - кіші ұғымдарын ажыратуға үйрету, пирамиданы жинауды орындата отырып, ұсақ қол моторикасын жетілдіру. Балалардың ойынға деген ...
  • Жемістер мен көкөністер

    Мақсаты: 1. Білімділік: Балаларға жемістер мен көкөністер жайында білімдерін кеңейту. Қимылды ойындар арқылы сезім мүшесі мен ойлау қабілетін ұштастыра отырып, жемістер мен көкөністерді бір - бірінен ...
  • Айналайын Ақ мамам

    Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз - аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата - анаға деген құрмет ...

Өз пікіріңді білдір
Қандай конкурстар ұйымдастырған дұрыс
Сайтта кім бар
Барлығы: 2
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 2
Роботтар: 1
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика