Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Алматы - бас қалам. Жас қала - Астанам

12 ақпан 2016, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Алматы облысы Ұйғыр ауданы
Ж. Құдайбергенов атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Ильясова Назгуль Исмаиловна

Сабақтың тақырыбы: Алматы - бас қалам
Жас қала - Астанам.
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыны Жарасқан Әбдірешовтің «Алматы - бас қалам, Жас қала - Астанам» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету. Өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау. 2) Өз бетінше жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, ойлау қабілетін арттыру.
3) Патриоттық тәрбие беру.
Түрі: Поэзия сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, іздену, топтау әдісі, топтық жұмыс.
Техникалық құралдар: Теледидар, бейне таспа, DVD.
Көрнекілігі: Венн диаграммасы, сызба, кесте, сөзжұмбақ, суреттер, кітаптар көрмесі.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері, музыка.

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Геометриялық фигуралардың көмегімен оқушыларды топқа бөлу.

- Поэзия сабағымызды Әбділдә Тәжібаевтың тіл туралы өлеңімен бастайық.
Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім менде бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

- Поэзия деген сөзді қалай түсінесіңдер?
( Оқушы жауабы)
- Поэзия пайғамбары кім?
(Оқушы жауабы)
Мұқағали Мақатаевтың «Поэзия» өлеңінен үзінді келтіру.

2. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
Авторы І. Жансүгіров туралы не білеміз?
Сызбамен жұмыс.
а) І. Жансүгіровтің «Көкшетау» атты өлеңін мәнерлеп оқыту.

«ЖҰМБАҚТАС» аңызы.
Бурабай көлі. Шөгіп жатқан бура бейнесі. ТӘҢІРДІҢ СЫЙЫ.
Ең биік жері - Көкше шоқысы 947 м. Көкшетау - орманды - көлді тау. Бұл аймаққа денсаулығын түзету мен демалу мақсатымен жыл сайын Қазақстанның түпкір - түпкірінен, сондай - ақ шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.

«Бурабайда» демалып келген оқушының бейне таспасын тамашалау.

ә) Сызбамен жұмыс. (Көркем сөз)
Қандай тау? Қандай тас?
жомарт малта
момақан маржан
шипа меруерт

- Көкшетауды тағы қай ақын жырлады?
- С. Сейфуллин. «Көкшетау» поэмасынан үзінді оқу.

б) Венн диаграммасы
• С. Сейфуллин
• Көкшетау
• І. Жансүгіров

3. Үй тапсырмасын пысықтау, қорыту кезеңі.
4. Мақсат қою кезеңі.
а) Сабақтың мақсатын хабарлау.
ә) Жаңа сабаққа даярлық кезеңі.

- Мына хатқалтада әріптер бар, сол әріптерден сөз құрау керек.
(Алматы, Астана)
- Алматы, Астана қалалары жайлы не білеміз? (Оқушыларға өз білетіндерін әңгімелету).

Марат Омаровтың «Астана» өлеңін DVD - дан тамашалау.

- Астана қаласына барып көргендерің бар ма?
Астана қаласына барған оқушыларға сөз беру.

Астана қаласында болған оқушының бейне таспасын тамашалау.
Астана қаласының көрікті жерлерін dvd - дан көру.

б) Венн диаграммасы
• ҚАЛА
• АСТАНА
БӘЙТЕРЕК
ҚАЗІРГІ
Астана
АЛМАТЫ
МЕДЕУ
БҰРЫНҒЫ
Астана

5. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
а) Жарасқан Әбдірешов - белгілі ақын, балалар ақыны, кішкетайлардың үлкен ақыны. Алғашқы жыр жинағын балаларға арнаған. Оның өлеңдері неміс, өзбек, тәжік тілдеріне аударылған.
Ж. Әбдірешовтің «Шежірелі шаңырақ» оқулығымен таныстыру.
Ж. Әбдірешовтің «Алфавит сыры», «Санамақ» өлеңдерін еске түсіру.

ә) Оқулықпен жұмыс.
«Алматы - бас қалам,
Жас қала - Астанам» өлеңін мәнерлеп, түсініп оқу.
Балаларға оқыту.

б) « Астана қандай қала?»
Кестені толтыру.
Көрікті қала, бай қала, жас қала, сұлу қала, үлкен қала, көрікті қала.
... қала
... қала
... қала
... қала
... қала
... қала

в) Картамен жұмыс.
Астана қаласы кең байтақ Отанымыздың жүрегінде.
Алматы - бас қала.

6. Түсінгендерін тексеру кезеңі.
- Өлең мәтініне сүйеніп, мына сұрақтарға жауап берсеңдер, қызыл түсті торкөзден «Астана»деген сөз шығады.

Сөзжұмбақ шешу.
- Қарт Алатауды автор кім дейді? (Қара)
- Ақын Алматыны қандай қала деп атайды? (Бас)
- Елге несі бар қала жарасады дейді? (Тауы)
- Алашаны еске түсіретін қай өлке? ( Сарыарқа)
- Астана қандай даланың сәні?(Керілген)
- Сарыарқада қазақтың несі бар дейді? (Болашағы)

Дәптермен жұмыс.
Күн ретін жазу
Алматы - бас қалам,
Жас қала - Астанам. (Ж. Әбдірешов)
а) Астана қаласы туралы эссе жазу.
ә) Өздеріне ұнаған әсем қаланың суретін салу.

7. Қорыту.
а) Өлең мазмұнын әңгімелету.

ә) Сұрақ - жауап.
ҚР неше елмен шектеседі? (5)
- «Бәйтерек» монументінің биіктігі неше метр? Неліктен 97 м?
Өтіп жатқан тарауымыз қалай аталады?
Туған жерін, Отанын жырлаған ақындарды ата.
М. Мақатаевтың «Қазақстан» өлеңін жатқа айт.
Қ. Аманжоловтың «Туған жер» өлеңін жатқа айт.
Алматы, Астана туралы қандай ән білесіңдер?

Мына мақалды аяқта.
Өз елім - өлең....(төсегім).
Әркімнің өз жері -....(жұмақ)
Ел аралаған...(сыншы)

«Ұйқасын тап» ойыны.
Ана тілін білмейтін адам......
(Ештеңені сезбейтін надан)

8. Үйге тапсырма беру кезеңі.

А) Өлеңді жаттау.
Ә) Астана, Алматы қалалары туралы мәліметтер жинау.

Бағалау.
- Сабағымызды Д. Әбіловтің «Астанаға ақ батасымен» аяқтайық.
2 601
0
89 дауыс
Оқи отырыңыз
Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы байланыс
Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы байланыс
Ойын ережесі Ойынды бастамас бұрын банктен 25 пайыздық жылдық үстемемен 2000 теңгеден несие аласыңдар. Жыл соңында, яғни сабақ аяқталарда банкке несиелеріңізді үстемесімен қайтаруларың керек.
Төлеген Айбергеновтың “Ана”өлеңі
Төлеген Айбергеновтың “Ана”өлеңі
Атырау қаласындағы химия - биология бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Текеева Жанша Тажибаевна
Көп мағыналы сөз, омоним, синоним, антонимнен өткенді қайталау
Көп мағыналы сөз, омоним, синоним, антонимнен өткенді қайталау
Омоним, синоним, антонимдер туралы түсініктерін тексеру, өткен тақырыптарға мысалдар келтіру.
Компьютерлік графика және оның түрлері
Компьютерлік графика және оның түрлері
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №42 жалпы білім беретін мектептің информатика пәні мұғалімі Сатыбалдиева Индира Калдыбековна
Қарлығаш пен дәуіт
Қарлығаш пен дәуіт
Дәуіт – шегірткеге ұқсас, алдыңғы екі аяғы ұзын жәндік. - Қарлығаш балапанын қалай басып шығарады? - Ұяда қанша балапан бар дейді? - Бір күні қарлығаш ұяға жақындап қалған нені көрді? - Қарлығаш жыланнан қалай құтылады?
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.