Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Шаңырақ жарастығы

12 қаңтар 2017, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Шаңырақ жарастығы

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты үздік сабақтар бәйгесіне
3 сынып
Құндылық: сүйіспеншілік.
Қасиеттер: сыйластық, өзара құрмет, мейірімділік, адамгершілік, кішіпейілділік, ізеттілік
Сабақтың мақсаты: Балаларға «Махаббат», «сыйластық» құндылықтары туралы түсінік беру.
Міндеттері:
Білімділік: Шаңырақ жарастығы, сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру;
Дамытушылық: Жағымды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
Тәрбиелік: Өзара сыйластыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) интербелсенді тақта, оқулық, дәптер, үлкен ватман қағаз, түрлі түсті суреттер, себет, үнтаспа.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Сабақтағы жағымды күйге келу.
Тыныштық сәті: "Ғажайып табиғат" (Баяу ән жүреді)
Ыңғайланып, терең тыныс алып жайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмсаңдарда болады.
Көз алдымызға сондай керемет табиғат көрінісін елестетейік. Хош иісті гүлдер, сылдырап аққан бұлақ, әнші құстар. Осынау ғажайып бақтың ортасымен бір өзің ғана табиғаттың әсем көрінісіне көзің тоймай жүріп келесіз. Кенет, бір талдың түбінде жатқан жаралы киікті көрдіңіз, ол жаныңызға қатты батты. Қуанышқа толы көңіл - күйіңіз су сепкендей басылды. Осы кезде сіздің айналаңызға өмірдегі ең жақын жандарыңыз ата – анаңыз, бауырларыңыз, достарыңыз келіп, біз біріксек қандай қиыншылық болса да жеңеміз деп, демеу көрсетті. Осылайша сіз жаралы киікті бірнеше күнде емдеп жаздыңыз. Бәрінің көңіл - күйлері өте тамаша. Сізде отбасыңыздың, достарыңыздың, жақындарыңыздың жаныңыздан табылғаны үшін өмірге ризасың. Осылайша сіз әсем табиғат аясында өзіңе жақын жандарыңызбен тату әрі әдемі ғұмыр кешіп жатырсыз.
Ендеше көзімізді ашып, бұрынғы қалпымызға енейік. Рахмет!
Топқа бөлу: Оқушылар қоржыннан суреттерді таңдап алу арқылы төрт топқа бөлінеді.
1 - топ: Ата – ана.
2 - топ: Ана.
3 - топ: Әке.
4 - топ: Бала.

Үй тапсырмасын сұрау. Өткенді еске түсіру: «Гүл тілегі»
Мұғалім әр топ мүшелеріне себеттен гүл таңдап алуды ұсынады. Гүлді таңдаған топ мүшесі сұраққа жауап береді. Жауап бере алмаса топ мүшелері көмектеседеі.
• Өзгелерді аялау үшін адамдарда қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыз?
• Жанашырлық дегенді қалай түсінесіз?
• Табиғатты қалай аялауға болады?
• Сізді кімдер аялайды? Ал өзің ше?
• Табиғат бізді қалай аялайды деп ойлайсыз?
• Адамгершілік, жанашырлық, қамқорлық қандай адамдарда болады деп ойлайсыз?

Әңгімелесу
• Бір шаңырақта тұратын адамдар арасындағы сыйластық қандай болады?
• Өз отбасыңның сыйластығы туралы не айтар едіңіз?
— Бір шаңырақ астында тұратын адамдарда махаббат, сыйластық, бауырмалдық, ынтымақ, татулық, бірлік, сүйіспеншілік болуы керек.

Дәйексөз.
«Шаңырақ сәні – сыйластық»
Халық даналығы
- Шаңырақтағы сыйластық, сүйіспеншілік, бірлік, ынтымақ, бауырмалдық, қамқорлық, өзара түсінісу шаңырақтың сәнін кіргізіп, жарастық орнатады.

Мәтінмен жұмыс.
Оқушыларға оқулықтың 48 бетіндегі Абдрахман Асылбековтың «Сүйіспеншілік» мәтінін тыңдату.
Сүйіспеншілік
• Сіздер болсаңыздар қайсысын шақырар едіңіздер? Неге?
• Әйелдің дұрыс әрекетін қайдан бақылауға болады?
• «Сүйіспеншілік бар жерде – байлық пен сәттілік бар» дегенді қалай түсінесіздер?
Қорытынды: – Шаңырақ жарастығының негізін сүйіспеншілік, яғни бір үйде тұратын адамдардың бір - біріне деген махаббаты құрайды. Сол себепті бір шаңырақ астында тұратын адамдардың бір - біріне сүйіспеншілігі басым болса, ол үйде бақ та, сыйластық та, ынтымақ та, береке де байлық та болады.

Ойын. «Мақалдарды жалғастыру»
1. Балалы үй - базар.
2. Ата - бәйтерек,
Бала - жапырақ.
3. Ата - асқар тау,
Ана - бауырындағы бұлақ,
Бала - жағасындағы құрақ
4. Ата - ананың қарызы,
Ұрпақтың өмірлік парызы.
5. Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.
6. Ананың сүті - бал,
Баланың тілі - бал.
7. Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер.

Шығармашылық жұмыс. «Отбасы ағашы»
Тапсырма: Оқушылар өз шаңырақтарында жарастық орнау үшін не керектігін және адамдардың бойында қандай қасиеттер болуы керек екенін жапырақтарға жазады және «отбасы ағашына» іледі.

Топтық жұмыс. Топпен ән айту
«Жанұям» әні
Ой ойлатқан талай - талай өтті күндер алыс,
Міне бүгін бізде үй - жай, олда біздің парыз.
Өз үйіміз бір отан береке,
Қандай қызық бір қыдырсаң жанұяңмен бірге

Қайырмасы:
Аман болсын ата - анамыз бізді өсіріп баптаған,
Аман жүрсін бауырымыз алыстағы аңсаған.
Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған,
Ең керегі тату - тәтті болсын менің жанұям.

Адал жаным сен қолыма гүл боп біттің менің,
Тосу менен өтті талай күнім менен түнім.
Шаршап келсем жұмыстан мен үйге,
Жадырап сен қарсы аласың нұрын шашқан күнім
Қайырмасы:

Жанұяның бір қызығы арадағы бала,
Онсыз үйде болған емес құт - береке сірә.
Жастайымнан еркелетіп өсірген,
Аман болшы теңдесі жоқ Ата менен Ана!
Қайырмасы:

Үй тапсырмасы.
1. «Сүйіспеншілік» мәтінін оқу, мазмұндау.
2. Дәптермен жұмыс (дәптердегі 1 – тапсырманы орындау)
3. Шығармашылық жұмыс: «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбына сурет салу.

Қорытындылау.
Отбасы - шаңырақтан түзеледі. Отбасы – тәрбие бастауы. Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы. Ұрпақтың жақсылығы мен жамандығы отбасында қалыптасады. Отбасындағы бір – біріне деген сүйіспеншілік – ең басты құндылық. Отбасы жарастығы осы сүйіспеншіліктен құралады.

Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды көңіл – күй суреттерімен бағалау.

Кері байланыс: Рефлексия
 Ерге сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаңыз, кейіпкерлерді жасыл түске бояңыз;
 Егер сабақты белгілі бір қиындықты кездестірген болсаңыз, кейіпкерлерді сары түске бояңыз;
 Егер сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, кейіпкерлерді қазыл түске бояңыз.

Мұнайлы ауданы, №6 жалпы білім беру орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалім Кабакова Жайна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 697
1
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Ниет тазалығы – имандылық мұраты
Ниет тазалығы – имандылық мұраты
Адамгершілікке, адалдыққа, жақсы ой ойлауға, айнала қоршаған ортаға ізгі ниет тілей білуге үйрету арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Мінез – адам көрсеткіші
Мінез – адам көрсеткіші
Мінез адам көрсеткіші екендігін түсіндіре отырып, Ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу. Оқушылардың көңіл тазалығы туралы түсініктерін кеңейту
Біздің мейірімділікке жеңіл қадамымыз
Біздің мейірімділікке жеңіл қадамымыз
Мейірімділік, жақсылық, қамқорлық қасиеттері туралы түсінік беру; өзара сыйластық қарым - қатынастарын, жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;
Күн және ауа. Су
Күн және ауа. Су
Жер бетіндегі тіршілік атаулының негізгі қайнар көзі күн және ауа жайлы түсінік беру. Дәрігер салауаттың қауіпсіздік мектебінен алған ақыл - кеңестерін айтып, қауіпсіздік ережесң туралы білімдерін дамыту.
Сөздік қорды байытқан менің отбасым
Сөздік қорды байытқан менің отбасым
Модуль бойынша алған білімдерін саралау. Әңгімелей білу дағдыларын байқау; дамытушылық – модуль бойынша білімдерінің олқылықтарын байқап, қайталау, пысықтау жұмыстарын жасау;
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Шуга
Шуга Қонақ 7 ақпан 2017 16:50
0
мақала жариялау қанша