Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Адам. Адамның дене мүшелері

12 қаңтар 2017, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Адам. Адамның дене мүшелері
1 - сынып
Оқу мақсаты: Барлық оқушылар: адамның негізгі дене мүшелерін және олардың атқаратын қызметін атау;
Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған орта құбылыстарына бақылау жасау.
Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар: дене мүшелерінің атауы жазылған кестелер;
үлкен көлемдегі ватман парағы..
Күтілетін нәтижелер: Оқушылар: негізгі дене мүшелерін анықтау және ажырату икемділіктерін жетілдіреді;
суреттердің көмегімен оларды атайды;
қолдың және аяқтың бөліктері қалай аталатынын білетін болады;
дене мүшелерінің атқаратын қызметін анық­ тайды.
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Адам денесі бес бөліктен тұрады: бас, мойын, тұлға, жоғарғы бөліктер (қол), төменгі бөліктер (аяқ). Әрбір бөлікте бөлімдерді ажыратады: баста — ми және беттік; тұлғада — арқа, кеуде, іш және жамбас; қолда — иық, шынтақ, білек, білезік және саусақтар; аяқта — сан, тізе, жіліншік, табан және башпайлар.

Әр бөлік өзінің қызметін атқарады. Баста ми, тұлғада жұлын орналасқан. Мойын бастың қозғалуын қамтамасыз етеді және бас пен тұлғаны байланыстырады. Аяқ — негізгі тірек мүшелерінің бірі.
Қол шынтақта бүгіле алады. Бұл оның жақсы қозғалғыштығын қамтамасыз етеді, сонымен қатар амплитудасын және қызметін жоғарылатады. Қолдың көмегімен адам түрлі іс - әрекеттер жасай алады.

Паралимпиада. Мүмкіндіктері шектеулі адам­дарға арналған халықаралық деңгейдегі спорттық
жарыс. Олимпиададан кейін өткізіледі.
Адамның қандай дене мүшелері бар?

Ойлан
Денеміздің қай мүшесі маңызды деп ойлайсың?
Біздің денеміздің қызметі
Дене мүшелері не үшін қажет?
Біздің дене мүшелеріміз қандай қызмет атқарады?
Сен білесің бе?
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Паралимпиада ойындары өткізіледі. Оған қазақстандық спортшылар да қатысып, жетістіктерге жетуде. Лондонда өткен сайыста Қабира Асқарова 65 килограмдық зілтемірді көтерді. Александр Колядин Сочида өткен Паралимпиадада оң аяғына жасанды сүйек қойылғанына қарамастан, шаңғымен 20 километрді 1 сағат 4 минутта жүріп өтті!

Кіріспе: Келген қонақтармен сәлемдесу.
Біз бақытты баламыз,
Өсті ақыл санамыз.
Қонақтармен ең алғаш,
Амандасып аламыз.
Ал енді балалар сабағымызды бастамас бұрын бір - бірімізге жылулық лебізін айтайық:
Өсеміз біз, күліп ойнап
Бес саусақтың саласындай.
Өсеміз біз, күліп ойнап
Бір адамның баласындай.

Балалар топқа бөлініп отырады. Әр топтың үстелінде адамның дене мүшелері жатады. Соны ретімен орналастырып тақтаға іледі
Берілген сұлбадан не шыққанын айтады. Адамның бейнесі.
Бас - голова - head, дене - тело - body, қол - руки - hands, аяқ - ноги - legs үш тілде атап шығу

Балаларға әр дене мүшесіне не жататыны айтқызу зерттеу жұмысын жүргізу. Жауаптарын экрандағы суретпен салыстыру.
Қол. Оқушыларға өз қолдарына мұқият қарап және топпен оның бөліктерін анықтап көруін ұсынылады. Сосын әр бөліктің атын білу үшін оқулықтағы суретке назар аудару.. Қол басын қарап, саусақ аттарын атап шығуды ұсынуға болады. Бас бармақтың басқа саусақтарға қарама - қарсы орналасуының арқасында адам бір нәрсені ұстай алатынын айту.

Аяқ. Оқушылардың назарын буындардың қоз­ғалғыштығына, аяқ басындағы бәшпай санына ауда ру. Аяқтың негізгі бөліктері қалай аталатынын айту. Оқулықтағы аяқтың барлық бөліктері (сан, тізе, жіліншік, табан және башпайлар) көрсетілген суретке назар аудару­
Осы айтылған сөздерді экран арқылы көрсету.

Сергіту сәті: Аяқпенен топ - топ әнін іс - қимыл арқылы көрсету.
Дәптермен жұмыс: Дене мүшелерінің санын ұяшыққа жазу.
Топтық жұмыс Әр топқа жеке тапсырма беріледі:
1 - топ: «Суретті толықтыр». Суретте жетпей тұрған дене мүшелерін салу.
2 - топ: «Артық затты тап». Суреттегі артық затты тауып қоршап қою.
3 - топ «Меңзермен сызып көрсету».
4 - топ «Қолмен жасалатын іс - әрекетті қорша»
Ағылшын тілінде адам мүшесіне байланысты тақпақ айтады. Іс - қимылмен көрсетеді.
Head and shoulders, knees and toes
Knees and toes, knees and toes.
Head and shoulders, knees and toes
Eyes, ears, mouth and nose.

Жұмбақ шешу: тіс шаш көз аяқ
Қатар, қатар ақ күріш
Тұрған жері қақтығыс. (Тіс)

Томпағымның басында тоқсан қыз бар. (Шаш)

Екі бала қатар тұрса да бірін - бірі көрмейді. (Көз)

Егіздер кездеспейді бір - бірімен,
Арасы екі - ақ елі бір - бірінен. (Аяқ)

Ойлан! Оқушыларға адамның дене мүшелерінің қайсысы ең маңызды екенін ойлануға ұсыныс жасату.. Олар барлығы өте маңызды және әрбіреуі өзінің қызметін атқарады деген қорытындыға келу керек. Артық дене бөлігінің болатын/болмайтынын сұраңыз. Егер сыныпта мүмкіндігі шектеулі оқушылар болса, барынша әдепті және мұқият болыңыз. Кей кезде адамда денесінің қандай да бір бөлігінің болмайтынын, ­ сондай жағдайда сол бөліктің қызметін протездер немесе арнайы құрылғылар атқаратынын түсіндіріңіз.

Сен білесің бе? Мүмкіндігі шектеулі адамдар жайлы айтқанда, Паралимпиадаға қатысушылар жайлы, оның ішінде қазақстандық Қабира Асқарова және Александр Колядин туралы айтыңыз. Бұл адамдар мақсатқа жетуде батылдық пен табандылықтың үлгісі болып табылатынын айтып өтіңіз.

Пәнаралық байланыс
Қосымша тапсырмалар

Көркем еңбек. Сұлба түсінігі.
Дене шынықтыру. Жаттығуды орындау: иілу, отырып - тұру, айналу.
Кімнің сұлбасы? Бұл тапсырманы жекелеген оқушыларға орындауды ұсыныңыз. Олар тапсыр­­ мадағы түрлі кескіндерді анықтап, әрбіреуін түрлі түсті қарандашпен қоршап қоюы керек.
Жауабы: балерина, зілтемірші, боксшы, саңырауқұлақ теруші, шаңғышы, оқушы.
Қол немесе аяқ. Оқушылар кестені толтыра алады. Оқи алмайтын оқушыларға көмектесіңіз. Өз­ ара тексеруді ұйымдастырыңыз. Ол үшін оқушылар­ кестеде көрсетілген барлық жаттығуларды орындайды.

Бағалау
Оқушылар адамның дене мүшелерін біледі.
Адамның дене мүшелерін олардың атауы­ мен біріктір. Оқушылар адамның дене мүшелерін
олардың атауымен байланыстыра алады. Оқи алмай­­ тын оқушыларға­ көмектесу.
Тапсырманы орындау барысын қадағалап, тап­ сырманы тез және қатесіз орындауға назар аударту. Әрбір дене мүшесі бір атаумен байланыс­­ қанын ескеру.
Адамның қанша дене мүшесі бар? Оқушылар әр суреттің жанына адамның­ дене мүшесінің санын жаза алады. Сандарды жаза алмайтындарға көмектесу. Егер оқушы дене мүшесінің санын анықтауға қиналса, сол дене бөлігін өзінен тауып санауына болады. Тапсырманы күрделендіру мақсатында­ жаза алатын оқушыларға әрбір суреттің атауын жазуға ұсыныс жасаңыз.
Жауабы:
қол — 2; аяқ — 2; бас — 1; мойын — 1; көз — 2, мұрын — 1.

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.
2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2: Рефлексия.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы,
№26 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі:
Нуриева Назгуль Нурлыбековна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
41 419
6
18 дауыс
Оқи отырыңыз
Ішкі, сыртқы және аралас секреция бездері
Ішкі, сыртқы және аралас секреция бездері
Ішкі секреция бездері үлкен емес: миллиграммен немесе граммен өлшенеді. Ішкі секрецияның маңызды безіне: гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, айырша без, бүйрек үсті безі жатады.
Гимнастика. Баспен тұру.
Гимнастика. Баспен тұру.
Акробатикалық және ағаш аттан секіру жаттығуларын жетілдіру. Күштілік, ептілік, икемдік қасиеттерін қалыптастыру. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, әріптестеріне дер кезінде көмекке келу қасиеттерін тәрбиелеу.
Есімшенің жасалу жолдары
Есімшенің жасалу жолдары
Есімше – етістіктің ерекше түрі. Себебі есімше сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады. Бірде ешқандай қосымшасыз тұрып, қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беріп, анықтауыш қызметін, ал кім? не? деген сұрақтарға жауап беріп,
Тірек - қимыл жүйесі
Тірек - қимыл жүйесі
Тірек - қимыл жүйесі туралы алған білімдерін дамыту, толықтыру, жинақтау. Оқушылардың өз бетімен, ұжыммен жұмыс жасау біліктерін, есте сақтау қабілеті мен ой - өрісін дамыту;
Су патшалығына саяхат
Су патшалығына саяхат
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылы,«Балауса бөбекжай - балалар бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының тәрбиешісі Азимова Бақытгүл Абылайқызы
Пікірлер (6)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
ЗАРИНА
ЗАРИНА Қонақ 19 қаңтар 2017 18:29
1
оте керемет
Шырай
Шырай Қонақ 21 қаңтар 2017 00:04
1
Осындай білімді ұстаздар көбейе берсін! Бəріне сәттілік!
Эльмира
Эльмира Қонақ 21 қаңтар 2017 03:33
1
Оте тартымды,максаты айкын.Маган оте унады.Жалпы,устаздарга былымдерын жетылдырту максатында жана адыстемелермен терендете окуына женылдыктер берылып,барлыгы осы мумкындыктерге ие болса екен деген деймын.
moka
moka Қонақ 22 қаңтар 2017 00:05
1
«Оқушының жетістігі - мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс - тәсілдерді тиімді қолдануында».
«Ұстаздық - ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М. Әуезов айтқандай, бұған лайық болу - үлкен абырой, басты борыш деп есептеймін. Мұғалім - мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет екен. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет. Қазағымның, елім мен жерімнің және ана тілімнің мерейін өсіретін ұстаздық ұлағатты істе адал болу - абыройлы іс.
moka
moka Қонақ 22 қаңтар 2017 00:07
0
«Оқушының жетістігі - мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс - тәсілдерді тиімді қолдануында».
«Ұстаздық - ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М. Әуезов айтқандай, бұған лайық болу - үлкен абырой, басты борыш деп есептеймін. Мұғалім - мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет екен. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет. Қазағымның, елім мен жерімнің және ана тілімнің мерейін өсіретін ұстаздық ұлағатты істе адал болу - абыройлы іс.Барша устаздарга саттiлiк!!!
Арай Ратбекова
Арай Ратбекова Қонақ 15 қаңтар 2019 09:32
1
Өте керемет құрылған жоспар!