Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Ыбырай Алтынсарин “Салақтық”

14 сәуір 2017, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Ыбырай Алтынсарин “Салақтық”
Үздік ашық сабақ бәйгесіне
Қатысатын категория: бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 2 сынып
Сабақтың мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің “Салақтық” атты әңгімесімен таныстыру. Мәтіннің мазмұнын меңгерту, көркем шығармаларды оқуға қызығушылығын ояту. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, қиялы мен ойлау шеңберін дамыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
Оқушыларды топтасып жұмыс істеуге үйрету.
Табыс критерилері: Сыни тұрғыдан ойлау арқылы мәтіннің идеясын түсінуге машықтану. Топ мәдениетін үйрену.
Оқушылар адам бойындағы жағымсыз іс - әрекеттерге талдау жасайды. Оқушылар ой талқысына түсе отырып, өзара пікір алмасады, іс - әрекеттерін талдайды;
Күтілетін нәтиже: Өз бетінше жинақтауға, қорытындылауға, сыни тұрғыдан шешім қабылдауға, қарым – қатынас диалогына қатысуға, сұрақ қоя отырып, жауап алуға, өзін – өзі бағалауға, талдау жасауға, өз білімін өмірде қолдана білуге үйренеді.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, өзін өзі тану, қазақ тілі, бейнелеу
Сабақтың ресурстары Тірек – сызбалар, топтастырулар, плакаттар,
маркер, стикер.

1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.
2. Психологиялық дайындық
3. Аюдың әні өлеңін айту, би қимылын қайталау.
4. Туылған күндері бойынша топқа бөлу.
1 - топ Қыста туылғандар
2 - топ Көктемде туылғандар
3 - топ Жазда туылғандар
4 - топ Күзде туылғандар

Кіріспе
Үй жұмысы «Ұтқыр ойлы» сұрақ жауаптар арқылы орындалып, бармақ белгілері арқылы бағалану.
Қызығушылығын ояту, «Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым» бөлімі бойынша сұрақтар қою.
Cөзжұмбақ шешу. Мақал - мәтел жарысы.
1. Ғылым таппай......
2. Асық ойнаған.....
3.....- тозбайтын тон,
Білім - таусылмайтын кен.
4. Әдепті бала -..... бала.
5...... түбі - тірлік.
6....... инемен құдық қазғандай.
7....... бала - арлы бала.
8...... бала талпынған құстай.
9. Тазалық -..... кепілі.
10. Ұрлық түбі -.......
- Осы мақал - мәтелдерге ортақ қандай тақырып беруге болады?

1 - топ Туған жер, Отан туралы.
2 - топ Еңбек туралы
3 - топ Жақсы, жаман істер туралы
4 - топ Ерлік, батырлық туралы

Ыбырай Алтынсарин кім?
«Пікір ағашы» ойыны
- Ы. Алтынсарин бізді қалай оқуға шақырған?
- Ендеше, бүгін біз Ыбырай Алтынсариннің «Салақтық» деген шығармасымен танысамыз.
Салақтық — тазалық сақтамаушылық, ұқыпсыздық. Түп тамыры еріншектіктен бастау алады. Себебі бойды және айналаны таза ұстап, ұқыпты жүру үшін еңбектенуге, сергек жүруге тура келеді. Бұл қарекеттер табанды болуды талап етіп, жүйкеге салмақ түсіреді.
Оқулықпен жұмыс
— Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіру, оқушыларға іштей, тізбектей оқытып, түсінгендерін сұрау.
«Инсерт» әдісі.
Тапсырма
— Берілген мақал - мәтелдерден осы мәтіндегі оқиғаға сай келетін нақыл сөзді кім табады?
— «Тазалық – денсаулық кепілі»
Топтық жұмыс.
1. Салақтық сөзіне қарама - қарсы сөз, дыбыстық талдау жасау.
2. Салақтыққа байланысты мақал - мәтелдер, нақыл сөздерді айт.
3. Тақырыпқа байланысты сурет салу.
4. 4 жолды өлең шығару

— Жақсы қасиеттерге нелер жатады?
— Жаман қасиеттерге ше?
— Мәтіннен қандай ой түйдіңдер?
- Балалар, сонымен бүгін не үйрендік, не білдік?
Бағалау парақшасындағы жинаған балдары бойынша бағалау.
Үйге тапсырма «Cалақтық» мәтінін оқу

Рефлекция
Оқушыларға кері байланыс жаздыру

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы
Қарақай ауылдық округі, Кетебай ауылы
Ә. Молдағұлова атындағы №21 жалпы орта
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Изтурганова Жадыра Жолдасқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 248
1
7 дауыс
Оқи отырыңыз
Ыбырайтану әлеміне саяхат
Ыбырайтану әлеміне саяхат
Биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мен Ы. Алтынсариннің 175 жылдығы қатар келіп отыр, соған байланысты топқа бөлуді, жалпы бүгінгі сабағымызды осы қос мерекемен байланыстырамыз.
Ыбырай Алтынсарин – шағын әңгіме шебері
Ыбырай Алтынсарин – шағын әңгіме шебері
Ыбырай - қазақ әдебиетіндегі көркем проза саласының негізін салушы, Европалық үлгідегі шағын көркем шығарманы қазақ оқырманына тұңғыш әкелуші. Төменгі сыныптарда біз Ыбырайдың біраз әңгімелерімен танысқанбыз.
«Сабырсыз, арсыз, еріншек» Абай Құнанбаев
«Сабырсыз, арсыз, еріншек» Абай Құнанбаев
Ұлы ақын А. Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету. Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу.
Тарқаған өкпе. Толымбек Әбдірайым
Тарқаған өкпе. Толымбек Әбдірайым
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Белес жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш пәні мұғалімі Гайсина Дамели Бактыгалиевна
Ыбырай Алтынсарин «Өзен»
Ыбырай Алтынсарин «Өзен»
Оқушыларды қазақтың педагог – ағартушысы Ы. Алтынсариннің өмірі және шығармашылығымен таныстыру, өзеннің адам өміріндегі маңызы жайлы түсінік беру, оқу дағдыларын жетілдіру, мәнерлеп оқуға үйрету.
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Думан
Думан Қонақ 17 сәуір 2017 23:57
0
өте керемет