Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Бәйтерек – өмір ағашы

13 сәуір 2017, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Үздік ұстаз бәйгесіне
Дүниетану 1 сынып
6. Салт - дәстүр және ауыз әдебиеті
Тақырыбы: Бәйтерек – өмір ағашы
Сабақтың оқу мақсаты: 1. 3. 5. 3 Қазақстан астанасы туралы шығармашылық жұмыстарды таныстыру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар жасай алады:
• Сабақтың тірек сөздерін есте сақтайды;
• Байтерек туралы аңызбен танысады
Көпшілік оқушылар жасай алады:
• Өздерінің бақылау жазбаларын жасау дағдыларын жетілдіреді;
• сұраққа жауап таба біледі;
• аңызды мазмұндайды.
Кейбір оқушылар жасай алады:
• сабақта алған білімін қолдана алады;
• тірек сөздерді үш тілде де есте сақтайды;
• «Байтерек» монументін сипаттай алады.

Тілдік мақсат: Оқушылар түркілердің аңыздарын біледі және«Бәйтерек» ескерткіші туралы білімдерін толықтырады. Сабақтың негізгі идеясы оқушыларға ежелгі адамдардың дүние туралы таным - түсініктерінің қандай болғанын және сол түсініктің қазіргі заманға қалай кіріккенін түсіндіру болып табылады. «Бәйтерек» ескерткішін сипаттай отырып, оқушылар қатынас тілінің дағдыларын дамытады. Алған ақпараттары негізінде өз ойларын жеткізу мен сұрақ қоюды үйренеді.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Тірек сөздер:
монумент - монумент - monument
астана – столица - capital
елбасы – президент - president
тәуелсіздік – независимость - Independent

Сабақта диалог/жазуға қолданылған тіл:
Талқылауға арналған сұрақтар: Бәйтерек деген не? Қазақстандықтардың өмірінде Бәйтеректің қандай маңызы бар?
Жазуға арналған сөздер: Бәйтерек, монумент.

Алдыңғы білім
Оқушылардың аңыз, әңгіме, миф, ертегі және мақал - мәтелдер туралы түсініктері бар. Сондай - ақ олар Астана туралы, «Бәйтерек» монументі туралы біледі.

Сабақтың басы 0 - 5 минут
Жағымды психологиялық ахуал туғызу (Ұ) Дөңгеленіп тұрайық
Шеңберді біз құрайық.
Қол ұстасып бәріміз,
Ақ тілекті жолдайық.
Әлемде нұр тыныштық,
Әрбір бейбіт күн ыстық.
Қайырлы таң мектебім,
Қайырлы күн достарым.
Достарымды көргенде,
Қуана қарсы аламын,
Сәлем, сәлем, сәлем!
Геометриялық фигуралар арқылы топтасу.
(Т, Қ) Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін «Таңғажайыптар алаңы» ойынын ойнаймыз.
Б – Ежелгі адамдардың баспанасы. (үңгір)
Ә – Атақты сақ ханшайымы. (Томирис)
Й – Аңыздардың басты кейіпкері. (батырлар)
Т – Қазақстанның туының түсі. (көгілдір)
Е – Ертедегі ақпарат беру тәсілдерінің бірі. (сурет)
Р – Алтын адам монетасының оң жағында не бейнеленген?(қанатты аттар)
Е - Аңыз бойынша Алтын адамды қалай атаған? (Алтын Айдар)
К - Алтын адам қай облыстан табылған? (Алматы облысы)
Ендеше, бүгінгі тақырыбымыз «Бәйтерек – өмір ағашы» деп аталады.

Сабақтың ортасы 11 – 20 минут
«Көне жазбалар сыр шертеді» әдісі
(Т, Қ) Балалар сендер топтасқан кездегі геометриялық фигуралардың екінші бөлігінде көне таңбалар жазылған. Сол таңбалар арқылы топ атауларын құрастырыңдар және өз атауларыңды үш тілде айтыңдар.
1 - топ: «Тәуелсіздік» - независимость - Independent
2 - топ: «Астана» - столица - capital
3 - топ: «Бәйтерек» - Байтерек - Baiterek
4 - топ: «Елбасы» - президент - president
«Мұғалім сыйы» Оқулықпен жұмыс.

«Бәйтерек» әлемдер тоғысқан жерінде Әлем өзені ағып жатыр деген ежелгі көшпенділердің танымын көрсетеді. Оның жағасында аспанмен тірескен, тамыры тереңге жайылған Өмір ағашы – Бәйтерек (қазақша Бәйтерек «терек», «тірек, қорғаушы» деген мағынада) өсіп тұрады. Бұл ағаштың тамырлары, сәйкесінше, жер асты әлемінде, ағаштың өзі, оның діңі – жерде, ал жапырақтары – аспан әлемінде болған.
Әр жылы қасиетті Самұрық құс ағаштың ұшар басына жұмыртқа салады екен. Жұмыртқа – Күнді өмір ағашының түбінде өмір сүретін айдаһар Айдархан жұтып қояды. Бұл жаз бен қыстың, күн мен түннің ауысуын, Жақсылық пен Жамандықтың күресін білдіреді.
«Бәйтерек» жас, мықты, өсіп келе жатқан ағаш деген сөз. Ол тарихи түп - тамырларын сақтай отырып, мықты тірегі бар және болашақ өркендеуге ұмтылатын мемлекетті білдіреді. Монумент 1997 жылы астананың Алматы қаласынан Ақмолаға ауыстырылуының нышаны ретінде президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен бой көтерген. Кешен авторы – ағылшынның белгілі сәулетшісі Норман Фостер. Монумент биіктігі 97 метр.
Бәйтерек туралы фильм көрсету. «Бәйтеректің» шары күн сәулесінен түсін өзгертіп тұратын «хамелеон» (құбылғы) әйнегінен жасалған екенін байқадыңдар.
(Т, Қ)
1 топ «Аңызшылар» аңыздың соңын болжайды.
2 топ «Суретшілер» бәйтеректің суретін салады.
3 топ «Есепшілер» мына 97, 22 сандар нені білдіретінін табады және есеп шығарады.«Бәйтеректің» жұмыс уақыты: 10. 00 - нан 22. 00 - ге дейін. «Бәйтеректің» неше сағат жұмыс істейтінін есептеңіздер.
4 топ «Жыршылар» тобы фотолардан Астана қаласын жарнамалап постер құрастырады. Астана қаласы жайлы өлең шумақтарын айтады.
«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.

Сергіту сәті
Бәйтерекке ұқсайық,
Қолды көкке созайық.
Самұрық болып ұшайық,
Ұямызға қонайық.
Әр топ жұмыстарын қорғайды.
- Балалар, аңызда қандай кейіпкерлер кездесті?
- Қандай кейіпкерлер кездесті?
- Қандай кейіпкерлер мейірімді, ал қандай зұлым? Неліктен?
(Ж, Қ) «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі

Дәптермен жұмыс
Аңыз кейіпкерлерін бояу.
Қажетті сөздерден Самұрық құс пен Айдаһарды сипаттайтын сөздерді таңдайды. Оларды тиісті бағанға көшіріп жазады.
«Қазақстан - 2050» Мәңгілік ел бейнетаспасын көрсету.
«Халық өмірі оның келесі ұрпағымен жалғасып отырады. Сондықтан Халықтың Мәңгілігі туралы арманнан асқақ арман жоқ. Мәңгілік Ел – бұл ертеңгі күнге есік ашатын, болашаққа сенімді арттыратын идея, бұл – кері қайтпайтын және берік тұрақтылықтың символы...»
Мәңгілік елдің құндылықтарының бірі: « Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана» екенін білдіңдер. Мәңгілік елдің ұрпағы ретінде біз көпшілікке қалай таныламыз?
«Ғажайып сөздер» әдісі:
Б - БІЛІМДІ
Ә - ӘДЕПТІ
Й - ИНАБАТТЫ
Т - ТАЛАПТЫ
Е - ЕРЖҮРЕК
Р - РИЗАШЫЛ
Е - ЕҢБЕКҚОР
К - КЕЛЕШЕКПІЗ

Сабақтың соңы 35 - 40 минут
Рефлексия «Ойлаудың алты қалпағы»
Кері байланыс

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы
«Жезқазған қаласының білім бөлімінің №8 гимназиясы» КММ
бастауыш пәні мұғалімі Жанулова Гульшат Мухамбетрахимовна

Толық нұсқасын жүктеу
19 440
0
4 дауыс
Оқи отырыңыз
Кестелер, кестелерді құру
Кестелер, кестелерді құру
Оқушыларды кестелердің негізгі мүмкіндіктерімен таныстыру, Microsoft Office Word программасында кестелерді құрудың түрлі әдістерін қарастырып, деректерді енгізуді үйрету.
«Getting from A to B. Travel and transport» «А - дан Б - ге жету. Саяхат пен көлік
«Getting from A to B. Travel and transport» «А - дан Б - ге жету. Саяхат пен көлік
- саяхат түрлері мен көліктерді сипаттай алады; - көліктің түрлерін ажыратып, олардың атқаратын қызметтерін атап береді.
Спортпен айналысамыз
Спортпен айналысамыз
Берілген материалдың мағынасын түсінеді, сөздерді жіктейді, есімдіктерді, демеулік шылауларды атап, мысалдар келтіре алады.
Step 1. Food and drink
Step 1. Food and drink
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) *Жеміс, сусын, көкөністің ағылшынша аттарын айта алу *countable/ uncountable зат есімдерді айыра алуы *Қазақтың ұлттық тағамдары туралы ағылшын тілінде айтуға дағдылану
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.