Сабақтың тақырыбы: «Наурыз» С. Сейфуллин
«Үздік ұстаз» конкурсына
Әдебиеттік оқу 4 сынып
Сабақтың мақсаты: С. Сейфуллинің «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу. Оқушылардың топтасып, бірге жұмыс істеуге үйрете отырып, наурыз айында болатын өзгерістер жайлы білімдерін дамыту. Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: «Оқушыға сұрақ қою айдары», «Бес жол өлең», «Венн диаграммасы», «Екі түрлі түсініктеме күнделігі», «Сөзжұмбақ», «ЭСЕЕ немесе ой толғаныс стратегиясы».
Күтілетін нәтиже: Өлеңді мәнерлеп оқи алады. Өлеңнің мазмұны бойынша ой қорыта алады.
Көрнекіліктер: Бейнеклип, Ақын жазушылардың портреттері, Наурыз мейрамының суреттері, Топ ереже, Бағалау парағы, Кері байланыс парағы.
Ұйымдастыру кезеңі
1) Топқа бөлу:
Әр оқушы парақтағы жасырынған көктем ай атары бойынша топқа бөлінеді.
Наурыз, сәуір, мамыр.
2) Топ ережесін шығару:
- Топтағы оқушылардың пікірін тыңдау.
- Ойымызды еркін, тиянақты баяндау.
- Уақыты үнемді пайдалану.
3) Топ жетекшісін сайлап, бағалау парағын тарату.
4) Топ атын қорғау:
Қызығушылықты ояту кезеңі
«Наурыз» мейрамы туралы бейнеролик көрсету.
- Бейнеролик қандай мейрам туралы?
- Бүгінгі сабақтың тақырыбы не жайлы?
Мағынаны ажырату
кезеңі Тапсырма:
- 1, 2, 3 топтарға өлеңді іштерінен оқыту.
- Мәнерлеп оқу.
- «Оқушыға сұрақ айдары» әдісі.
Сұрақ жауап.
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы әкімдігінің «№26 орта мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Шакенова Медина ЕренгаиповнаТолық нұсқасын жүктеу