Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Өсімдіктердің вегетативтік мүшелері арқылы көбею жолдары

27 сәуір 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Биология
Биология 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің вегетативтік мүшелері арқылы көбею жолдары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Түрі өзгерген мүшелер арқылы көбейту жолдарын түсіну, пиязшық арқылы көбейтетін өсімдіктер туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Өсімдіктердің өсімдік мүшелері арқылы көбею ерекшеліктерін түсіну.
Тәрбиелік: Өсімдіктердің пайдасын түсіне отырып, оларды қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: дамыта оқыту
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, кестемен жұмыс, тірек сызба, талдау, жинақтау, салыстыру әдістері
Сабақтың көрнекілігі: Өсімдіктердің өсу мүшелері мен көбейту суреттері, слайдтар, бөлме өсімдіктері, құмыра (горшок), қара топырақ реттері, сызбалар, кеспе қағаздар, АКТ

Сабақтың барысы:
І. ҰЙЫМДАСТЫРУ
а) оқушылармен сәлемдесу;
ә) түгендеу, оқу құралдарын тексеру
II. ОЙ ҚОЗҒАУ ( өткенге шолу )
III. АЙҚЫНДАУ ( нені білемін?)
IV. ІЗДЕНУ, БІЛУ ( нені білгіміз келеді?)
V. ОЙ ҚОРЫТУ ( нені білдік?)
VI. Оқушыларды бағалау
VII. Үйге тапсырма беру

І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу;
ә) түгендеу, оқу құралдарын тексеру

I. ОЙ ҚОЗҒАУ ( өткенге шолу )
«Зымыран сұрақтар
Өсімдіктердің мүшелерін ата
Өсімдіктерге әсер ететін факторлар қандай?
Вегетативті мүшесіне не жатады?
Генеративті мүшеге не жатады?
Сабақтың ішкі құрылысы
Гүлдің құрылысы
Гүлсерік және түрлері
Аталықтың құрылысы
Аналықтың құрылысы
Дара және қосжынысты гүл деген не
Тозаңдану дегеніміз не және түрлері қандай?
Тыңайтқыштың қандай түрі бар?
Тыныс алу дегеніміз не?

II. АЙҚЫНДАУ ( нені білемін?)
СҰРАҚ - ЖАУАП.
1. Фотосинтез дегеніміз не және оны ашқан ғалым кім?
2. Фотосинтез бен тыныс алуды салыстырыңдар
3. Су өсімдіктердің қандай тіршілік процестеріне қатысады?
4. Өсімдіктердің тыныс алуына әсер ететін жағдайларды ата
5. Өсімдіктердің экологиялық топтары дегеніміз не?
 Жаңа тақырыпты анықтау: (“Менің балалық шағымның аспаны” киносынан үзінді көрсетіледі)

III. ІЗДЕНУ, БІЛУ ( нені білгіміз келеді?)
Өсімдіктердің көбеюі – жеке санының артуы, өзінен кейін ұрпақ қалдырып, түрдің сақталуын әрі табиғатта таралуын қамтамасыз ету қасиеті.
Вегетативті көбею – вегетативтік мүшелері арқылы көбейетін өсімдіктерді айтады.
1 - сурет Өсімдіктің вегетативі көбею түрлері

Бір жылдық өсімдіктерден басқалары өсу мүшелері арқылы көбейіп, жаңа өскін береді.
Көбею тәсілдері:
І. Түрі өзгерген мүшелер арқылы көбею: а) тамырсабақ; ә) түйнек; б) пиязшық; в) мұртша.
ІІ. Өсу мүшелерінің бөліктері мен көбею (сабағы, жапырағы, тамыры).
ІІІ. Телу арқылы көбею (бүршіктерінен, көзшелерінен телу).

І. Түрі өзгерген мүшелер арқылы көбею. Алаңдарды, гүлзарларды, мектеп ауласын көгалдандыру мақсатында жыланқияқ (құртқашаш), інжугүлдердің тамырсабақтарынан көбейтеді. Тамырсабақты 2 - 3 бүршіктен қалдырып, бөліп топыраққа отырғызады. Жыл сайын гүлдеп, тамырсабақтары ұзарып өсіп, дами береді (1 - сурет).

Тамырсабақты өсімдіктер алғашында 1 - 2 түп болып өссе, жылдан - жылға көбейе береді.

Түйнек арқылы көбейтуге картоп алынады. Егер түйнек үлкен болса, әрқайсысына 1 - 2 - ден бүршіктерін қалдырады да, бірнешеге бөліп отырғызады.
Пиязшықтары мен пияз, сарымсақ, лалагүл, қызғалдақ және т. б. көбейеді. Мысалы, қыста қызғалдақ гүлдерін пиязшығынан өсіреді.
Мұртшалары мен қойбүлдірген, құлпынай көбейеді. Сабағының түбіндегі ұзын мұртшаларының топыраққа жанасқан жерінен қосалқы тамырлар шығады. Бүршігінен өркендер дамиды. Мұртшадан өрбіген жас өркендерді бөліп алып, жеке - жеке отырғызады.

Пиязшықтары арқылы көбейту
Қойбүлдіргенді мұртшалары арқылы көбейту және көзшелерінен көбейту

Картопты түйнек бөліктері (сурет)

2 - сурет Өсімдіктерді өсу мүшелерінен көбейту.
ІІ. Өсу мүшелерінің бөліктері (жас өркендері) арқылы көбейту.
Жас өркендері арқылы тал, терек, қарағаш, үйеңкі және т. б. өсімдіктер көбейеді (2 - сурет). Көбейту үшін қыстық (жапырақсыз) және жаздық өркендер (жапырақты) алынады.

Қыстық өркендерді күзде дайындайды. Жапырақтарын түсірген кезде немесе көктемде бүршігін жармай тұрғанда ұзындығы 20 - 30 см 1, 2, 3 жылдық өркендерін алады. Көктемге дейін құмға көміп, көктемде топыраққа отырғызады.

Телу арқылы көбейту. Телу дегеніміз бір өсімдіктің бүршігін алып, екінші өсімдікке будандастыру. Дәмді, суыққа төзімді, зиянкестерге шыдамды, іріктемелер шығаруға телу әдісін қолданады.

Суыққа төзімді жеміс алу үшін мәдени өсімдіктердің бүршігін жабайы өсімдікке телиді. Суыққа төзімділік қасиеті жемістерге беріледі. Телудің көбірек қолданылып жүргендері – жанастыра телу, кесінділеп телу, көзшелеп телу.

Жанастыра телу – қатар өскен екі өсімдікті біріне - бірін жанастырады. Жанасар жағындағы қабығын азғана сүрегімен қоса сыдыра тіліп тастайды. Жөке немесе кендір жіппен байлап қояды. Ұласу мерзімі 1 - 2 жыл.
Кесінділеп телу – бір өсімдік өркенінен бүршігі бар бөлігін кесіп алып, екінші өсімдікке ұластырады.
Көзшелеп телу – бір өсімдіктің бүршігін аздаған сүрек бөлімімен қоса кесіп алады. Екінші өсімдіктің қабығын сүрегіне дейін «Т» әрпі тәріздендіріп тіледі. Бүршікті қабыққа кигізе жанастырып, жөкемен байлап қояды.

Сұлатпа өркендерден көбейту
Традесканцияны жас өркендерден көбейту
Қарақатты өркендерінен көбейту

3 - сурет. Өсімдіктерді өсу мүшелерінен көбейту

№16 зертханалық жұмыс
 Бөлме өсімдіктерін қалемшелеу
 Қажетті құралдар: биология кабинетінде өскен өсімдіктер, топырақ, құм немесе ұсақ тастар, құмыралар (горшок), өткір ұстара.
 Орындалатын тапсырмалар:
 1) Аглаонема, Хлорофитум, Фиалка өсімдіктерінен қалемше дайындау
 2) Гүл құмырасын дайындау, ол үшін түбіне 2 - 3 см құм, бетіне қара топырақ салу.
 3) Гүл құмырасындағы топырақты ылғалдап, жас өркенді (қалемшені) отырғызу
 Тапсырма: Зертханалық жұмысты орындай отырып, төмендегі кестені толтыру

Өсімдіктің аты
Вегетативті көбейтудің түрі
Көбейтуді жүргізудің кезеңдері
Техникалық қауіпсіздік

IV. ОЙ ҚОРЫТУ ( нені білдік?)
1) «Сызықтық диктант»
Әр оқушының алдына параққа жазылған сызықтық диктант беріледі. Сөйлем дұрыс жазылса «+», қате болса «-» белгісін қояды.

● Түрі өзгерген мүшелер арқылы көбеюге пиязшық арқылы көбею жатады
● Картоп мұртшалары арқылы көбейеді
● Қызғалдақ түйнек арқылы көбейеді
● Көзшелеп телуде бір өсімдік өркенінен бүршігі бар бөлігін кесіп алып, екінші өсімдікке ұластыру
● Інжугүлді пиязшық арқылы көбейтеміз
● Жас өркендері арқылы тал, терек, қарағаш, үйеңкі көбейеді.

V I. Оқушыларды бағалау
V I I. Үйге тапсырма беру
 Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелер арқылы көбею жолдары
 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) глоссарий жазу.

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
"№21 жалпы білім беру орта мектебі" КММ - нің
биология пәні мұғалімі Тұрашева Кәмшат Селбайқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
27 226
1
9 дауыс
Оқи отырыңыз
Бунақденелілер
Бунақденелілер
Бунақденелілердің жануарлардың тобына жататындығын және өздеріне тән тіршіліктерімен танысу. Олардың көп түрлілігін салыстыра отырып, пайдасын, зиянын және тіршілік ету ерекшелігін түсіну.
Cабақ және оның қызметі
Cабақ және оның қызметі
Тірі организм өседі, дамиды, өледі. Өсімдіктер тұқымнан өседі, өскен сайын өзгеріп отырады. Тірі организмдер күн көзінің жарығын, жылуын пайдаланады. Өсімдікте күн сәулесін пайдаланып қоректік зат алады.
Қанайналым мүшелері. Жүрек және қан тамырларының құрылысы.
Қанайналым мүшелері. Жүрек және қан тамырларының құрылысы.
Ағзаның ішкі ортасы, жүрек - қан тамырлар жүйесі тараулары бойынша алған білімдерін тереңдету арқылы негізгі ұғымдарды қалыптастыру және тиянақтап қорытындылау;
Жалғау
Жалғау
Қосымшалардың қызметтері әр түрлі болатынын байқату. Сол арқылы жалғау туралы түсінік беру. Жұрнақ пен жалғауды ажырата білуге үйрету. Оқушыларға жұрнақ пен жалғаудың түбір сөзге жалғану заңдылықтарын аңғартып, жалғаудың қызметі туралы білімдерін
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Жадыра Біржанқызы
Жадыра Біржанқызы Қонақ 3 мам 2016 14:57
0
Сабақ жоспары жүйелі түрде, логикалық реті жағынан өте жақсы құрастырылған. Тапсырмалары оқушылардың жас ерекшелігі ескеріле отырып құрастырылған.