Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Қырықжапырақ тәріздес өсімдіктерге жалпы сипаттама

13 сәуір 2017, Бейсенбі
Категориясы: Биология
Үздік ұстаз бәйгесіне
Биология 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қырықжапырақ тәріздес өсімдіктерге жалпы сипаттама
Сабақтыңмақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қырықжапырақ тәріздес өсімдіктерге жалпы сипаттама беріп, өсімдік туралы жан – жақты мағлұмат жасау.
Тәрбиелілік: Оқушыларды қырықжапырақ тәріздес өсімдіктерге жалпы сипаттама бере отырып, табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың қырықжапырақ тәріздес өсімдіктер туралы ой – өрісін дамыту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: белсенді тақта, слайдтар, үлестірмелер

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын талдау.
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту.
5. Бағалау
6. Үй тапсырмасы

I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысын тексеру
Ынтымақтастық атмосфераны ұйымдастыру. Бір - бірлеріне тілек тілейді. «Шаттық шеңбері». Оқушыларды топқа бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру.
«Кім жылдам?»
1. Көкек мүгі неліктен екі үйлі өсімдік?
2. Шымтезек мүгінің екінші аты қалай аталады?
3. Мүктердің аса кең тараған өкілдерін атаңдар?
4. Ақ мүк деп неге атайды?
5. Хлорофилі бар жапырағы қандай қызмет атқарады?
6. Ризоиды болмаса топыраққа қалай бекінеді?
7. Шымтезек қалай түзіледі?
8. Шымтезектің қандай пайдасы бар?
9. Жапырағындағы өлі жасушалардың атқаратын қызметі қандай?
10. Шымтезектен қандай шикізаттар алынады?

Жаңа сабақ.
1 топ. Қырықжапырақ туралы сипаттама.
Қырықжапырақ тәріздестер - жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің ең ерте пайда болған тобы. Ертедегі жойылып кеткен үлкен ағаш тәрізді түрлері ылғалды тропиктік орман болып өскен.
Қазіргі кезде қырықжапырақ тәріздестердің 10 000 - нан астам түрлері белгілі. Қырықжапырақтылар тропикте ағаш, лиана(басқа өсімдікке оралып өсу) түрінде өседі. Суда өсетіндері де бар. Аустралия мен Жаңа Зеландияда ағаш болып өсетін түрлерінің биіктігі 20 метрге дейін жетеді. Қазақстанда ағаш тәрізді қырықжапырақ тәріздестерді тек ботаникалық бақтардан ғана көруге болады.
Қырықжапырақтылар - тең споралы және әртүрлі споралы өсімдіктер. Қазақстанда көпжылдық шөптекті түрлері ғана кездеседі. Олардың кең тараған өкілдерінің бірі – усасыр қырықжапырағы. Ол ылғалды, көлеңкелі жерлерде, орман шетінде және сайлар мен жыраларда өседі. Усасыр қырықжапырағы – тамырсабақты өсімдік. Тамыр сабақтарынан төмен қарай – қосалқы тамырлары, ал жоғары қарай жапырақтары өседі. Бізде шөптекті болып өсетін қырықжапырақтың жер үсті сабағы дамымаған. Оның есесіне жерасты тамыр сабағы жақсы дамыған. Сондықтан тамыр сабағын қысқарған сабақ дейді. Усасыр қырықжапырақтың жапырақтары өте баяу өседі. Мұнда үш түрлі жапырақ бар. Бірінші жылғы жапырақтар бүршік түрінде болады және тамырсабақтың ұшына жақын орналасады. Осы бүршіктерден екінші жылғы жапырақтар пайда болады. Екінші жылғы жапырақтары биіктеліп, сыртын түктер жауып тұрады. Үшінші жылы көктемде бүктелген жапырақтар жазылып, қауырсынды тілімделген нағыз жапыраққа айналады. Жапырақтары ұшынан шексіз өсетіндіктен, өте ірі болады. Олардың мөлшері бірнеше миллиметрден 30 метрге дейін жетелі.
Қырықжапырақтылардыңжапырақтары 2 түрліқызметатқарады:
1. фотосинтез үдерісінде ағзалық зат түзіледі;
2. споралар түзіліп, көбеюге қатысады.
Фотосинтез үдерісі болатын жапырақтарында сағағы мен тақтасы бар.
2 - топ. Қырықжапырақтың көбеюі.
Қырықжапырақтар өсімді, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Өсімді көбеюі тамырсабақтары және өнім бүршіктері арқылы жүзеге асады. Өнім бүршіктері қырықжапырақтардың барлығында бірдей бола бермейді. Мұндай бүршіктер жапырақтың негізгі жүйкесін бойлай орналасады. Олардан жапырақтың нышаны бар кішкентай қырықжапыраққа бекиді де нағыз қырықжапыраққа айналады.
Жыныссыз көбею жаз кезінде усасыр қырықжапырақ жапырағының астыңғы бетінде, орталық жүйкені бойлай қоңыр төмпешіктер түзіледі. Оларды сорустар деп атайды. «Сорус» дегеніміз спорангийлердің жиынтығы. «Спорангий» - споралар дамып жетілетін орын - қалта. Сорустың үстін жауып тұратын жарғақша жамылғысы болады. Спорангийлері жапырақтың астыңғы бетінде ұзынаяқшалары арқылы негізгі жүйкеге бекініп тұрады. Пісіп жетілген споралар спорангийдің қабықшаларының жыртылуы нәтижесінде жерге шашылады. Қолайлы жерге түскен споралар өніп, өскіншелер береді. Усасыр қырықжапырақ – тең споралы өсімдік.
Жыныстық көбеюі осы өскіншеде жүзеге асады. Өскінше жүрек пішінді, жасыл түсті, диаметрі 4 миллиметрдей. Ол ризоидтары арқылы топыраққа бекиді. Өскіншенің астыңғы бетінде аталық және аналық жыныс мүшелері жетіледі. Аталық жыныс мүшесінен – аталық жыныс жасушалары, ал аналық жыныс мүшесінен аналық жыныс жасушасы(жұмыртқа жасушасы) пайда болады. Екі әртүрлі жыныстық жасушалардың қосылуының нәтижесінде өсімдік ұрықтанады. Ұрықта болашақ өсімдік тамырының, сабағының, жапырағының бастамасы болады. Ұрық алғашқы кезде өскіншенің есебінен қоректенеді. Кейін ұрықтан тамыр және жапырақ жетіледі.
3 - топ. Қырықжапырақтың маңызы және қорғау.
Қырықжапырақ тәріздестерді сәндік өсімдіктер ретінде өсімдікжайда (оранжереяларда) өсіреді және жұмыс орындарын көгалдандыруға жиі пайдаланады. Кейбір түрлері дәрілік өсімдіктер болып табылады. Мысалы, усасыр қырықжапырағы дәрілік өсімдік ретінде көп уақыттан бері белгілі. Оны ішек құрт ауруларына қарсы қолданады. Жапырағынан жараларды жазатын тұнбалар, суық тигенде және ауырғанды басатын препараттар алынады. Ағаш тәрізді жойылып кеткен қырықжапырақтар тас көмірдің түзілуінде орасан зор рөл атқарған.
Бұдан 300 млн жыл бұрын қырықжапырақ тәріздестерден түзілген орманға су көп жайылған. Сөйтіп жер жиі батпақты жерге айналған. Жердің батпақтануына климаттық өзгеріп, қалың нөсердің болуы да әсер еткен. Спора арқылы ғана көбейетін, биіктігі 40 метрге жететін қырықжапырақ тәріздес ағаштар құлап, лайға батқан, құм басқан. Су қысымы үйінділер астында қалған қырықжапырақты ағаштарды нығыздап, оттегінің қатысуына мүмкіндік қалдырмаған. Миллиондаған жылдар бойы оттегі қатысынсыз нығыздалған ағаштардан таскөмір пайда болған.
Таскөмір – өте қызулы отын. Таскөмірден алынатын химиялық шикізаттар қаншама? Жанғыш газ, пластмасса,асфальт, сабын, шайыр, өзге де халық шаруашылығына қажетті өнімдер таскөмірлер алынады.
Демек қырықжапырақ тәріздестердің табиғат және адам тіршілігі үшін маңызы ерекше екенін естен шығаруға болмайды.
Қазіргі кездерде қырықжапырақтың кейбір түрлерінің саны жылдан - жылға азайып келеді. Соған байланысты оларды қорғаудың қажеттігі туындауда. Мысалы, Қазақстанда олардың сирек кездесетін, тіптен жойылуға жақын түрлері бар. Бұларға мың жыл қықырықжапырағы мен шолпаншаш сүмбілі жатады. Олардың екеуі де Қазақстанның Қызыл кітабына енген.
Әр топ постер құрып қорғайды.
Бекіту.
Әр топқа түсініп есте сақтауға арналған сөздер беріліп, талдайды.
Қысқарған сабақ
Сорус
Спорангий
Вайя
Қырықжапырақ
Тамырсабақ
Сынып оқушыларына сөзжұмбақ шешкізу
Сөзжұмбақ «Усасыр»
1. Қырықжапырақтың жапырағы неге ұқсайды?
2. Жапырақтың астыңғы өңінде түзілетін төмпешік қалай аталады?
3. Ертедегі қырықжапырақтан не түзілген?
4. Жыныссық көбеюі қалай жүзеге асады?
5. Көбеюдің қандай түрі бар?
6. Бірінші жылғы жапырақ қалай болады?

№19 Зертханалық жұмыс. Қырықжапырақ тәріздестердің сыртқы құрылысымен танысу. Әр оқушы зертханалық дәптерімен жұмыс жасайды..
Кері байланыс
Рефлексия
Үйге:§38 оқу, мазмұндау.

Алматы қаласы,
№13 мектеп - гимназиясының
биология пәні мұғалімі Калтаева Дина

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
17 245
0
10 дауыс
Оқи отырыңыз
Зат есім
Зат есім
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға сөз таптары, оның ішінде зат есім, зат есімнің жалпы есім, жалқы есім түрлері туралы тереңірек білім беру. Дамытушылық: Сөз таптары бойынша бастауыш сыныптарда меңгерген білімдеріне сүйене отырып, зат есім
Өсімдіктің өсіп - өнуі үшін не қажет?
Өсімдіктің өсіп - өнуі үшін не қажет?
Балаларға өсімдіктердің тұқым арқылы өсіп – өнуі тәсілдері туралы түсінік беру. Өсімдіктердің тұқымнан өсу, даму кезеңдермен таныстыру. Өсімдіктерге сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу
Өсімдіктердің вегетативтік мүшелері арқылы көбею жолдары
Өсімдіктердің вегетативтік мүшелері арқылы көбею жолдары
Түрі өзгерген мүшелер арқылы көбейту жолдарын түсіну, пиязшық арқылы көбейтетін өсімдіктер туралы түсінік беру. Өсімдіктердің өсімдік мүшелері арқылы көбею ерекшеліктерін түсіну.
Аласа таулы өлкелер
Аласа таулы өлкелер
Қазақстан аумағындағы аласа таулы өлкелердің ерекшеліктерімен таныстыру. Ішкі және сыртқы күштердің, таулардың жер бедерін өзгертудегі рөлін түсіндіру. Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын одан әрі дамыту.
ҰБТ - ға дайындау барысында биология пәнінен өткен тақырыпты қайталау
ҰБТ - ға дайындау барысында биология пәнінен өткен тақырыпты қайталау
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Орлы селосы, Н. С. Манаев атындағы жалпы орта мектебінің биология пән мұғалімі Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.