Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Волейбол: Допты жоғарыдан беру

24 сәуір 2016, Жексенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
Дене шынықтыру 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Волейбол: Допты жоғарыдан беру
Сабақтың мақсаты: Допты жоғарыдан беруді үйрету.
Дамыту: Оқушылардың бойында күштілік, ептілік, төзімділік, шыдамдылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілік қасиетке, өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың өтілетін орны: Спорт зал.
Құрал - жабдықтар: доп, ысқырық.

І Дайындық бөлімі
1. Сапқа тұрғызу.
2. Сәлемдесу, рапорт тапсыру.
3. Қысқаша сабақтың тақырыбын түсіндіру.
4. Саптағы жаттығулар.
5. Оңға бұрыл, солға бұрыл, айналып бұрыл, алға қадам бас.
6. Аяқтың ұшымен, өкшемен жүру.
7. Әртүрлі жүгіру жаттығулары: жаймен жүгіру, оң иықты алға жіберіп секіру, сол иықты алға жіберіп секіру, тізені көтеріп жүгіру, балтырды көтеріп жүгіру, қаз жүрісі, бақаша секіру.
8. Демді бірқалыпқа келтіру жаттығулары.
9. Жалпы дамыту жаттығулары:
а) Б. Қ аяқ иықтың көлемінде, қол мықымда, басты он жаққа және сол жаққа еңкейтеміз;
б) Б. Қ аяқ иықтың көлемінде, қол мықымда, денені он жаққа және сол жаққа еңкейтеміз;
в) Б. Қ аяқ иықтың көлемінде қолды иыққа қойып, иық буындарын 4 рет алға 4 рет артқа айналдырамыз;
г) Б. Қ аяқ иықтың көлемінде, қолды айқастырып, желкеге қойып денені он жаққа және сол жаққа бұрамыз;
д) Б. Қ аяқ иықтың көлемінде, қол кеуде алдында, қолды екі жаққа жаямыз;
е) Б. Қ аяқ иықтың көлемінде, қолды алға созып отырып - тұрамыз
ж) Б. Қ он аяққа отырып сол аяққа көшу;
з) Демді басты қалыпқа келтіреміз.

ІІ. Негізгі бөлім Волейбол ойны. Допты жоғарыдан беру тәсілін үйрету. Алаңдағы ойынға әрқайсысында 6 ойыншысы бар екі команда қатысады. Әр команданың ойыншылары өз алаңына орналасады. Қарсыласынан екі ұпай артықшылықпен 15 ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. Жасөспірімдердің ойыны 3 кезеңнен тұрады. Екі қолдардың добының берiлуi үстiнде - әр түрлi жаттығуларды орындауға мүмкiншiлiк беретiн техниканың негiзгi элементтерiнiң бiрi сонымен бiрге тор арқылы ойнау. Суретте берiлу негiзгi ереже орындаудың жанында көрсетiлген. Орнықты бастапқы орын допқа қолдардың саусақтың ұштарының үзбелi жанасуды аяқ және қолы керек бағыт беруге жаза алуға үлгеруi керек.

Ойын техникасы
Ойын

Шабуылдау
Тосқауыл қою
Допты ойынға қосу
Доптың берілуі
Кері қайтару
Қабылдау
Құлау

Тордың ені 1 м. ұзындығы 9, 5 м. Тор жардығы темір бағаналарға бекітіледі.
жасөспірімдер
▪ Ер балалар: 13 - 14 жастағылар үшін – 2 м 20 см; 15 - 16 жастағылар үшін - 2 м 35 см; 17 - 18 жастағылар үшін – 2 м 43 см
▪ Қыздар: 13 - 14 жастағылар үшін – 2 м 10 см; 15 - 16 жастағылар үшін - 2 м 20 см; 17 - 18 жастағылар үшін - 2 м 24 см

Деңгейлік тапсырмалар
1. Доп пішіні қандай? - дөңгелек
2. Медаль металдарын атаңыз? - алтын, күміс, қола
3. Рефери сөзінің мағынасы? - төреші
4. Волейбол сөзі қандай ұғым береді?
5. Олимпиада ойындарының авторы кім?
6. Ми жұмысына арналған қазақтың ұлттық спорт түрін атаңыз?
7. Армрестлинк қандай спорт түрі?
8. Шахмат ойынында қанша түрлі фигура болады?
9. Әйгілі “стьэндли” кубогі қандай спорт түрінің жеңімпазына беріледі?
10. Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақта неше тас, неше отау, неше қазан болады?

ІІІ. Қорытынды бөлім 1. Сапқа тұрғызу
2. Ағзаны бастапқы қалыпқа түсіруге арналған тыныс жолдарына әсер етуші арнайы жаттығулар жасау.
3. Сабақты қорытындылау.
4. Үйге тапсырма беру.

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы,
№8 жалпы білім беретін мектептің
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Ешниязова Әсел Маратқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
19 345
1
6 дауыс
Оқи отырыңыз
Мәрелік қимыл 100 м жүгіру
Мәрелік қимыл 100 м жүгіру
Жеңіл атлетика, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді.
Эстафеталық жүгіріс 4х60 м
Эстафеталық жүгіріс 4х60 м
Эстафеталық жүгіріс 4х60 техникасын жетік меңгерту арқылы икемдік, тұтас қозғалыстың үйлесімділігін қалыптастыру.
Гимнастика. Баспен тұру.
Гимнастика. Баспен тұру.
Акробатикалық және ағаш аттан секіру жаттығуларын жетілдіру. Күштілік, ептілік, икемдік қасиеттерін қалыптастыру. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, әріптестеріне дер кезінде көмекке келу қасиеттерін тәрбиелеу.
Көңілді старттар ойыны мен ұлттық ойындар
Көңілді старттар ойыны мен ұлттық ойындар
Ойын түрлерін, мазмұнын, ережелерін, ерекшелігін меңгерту.
Спорт – денсаулық кепілі
Спорт – денсаулық кепілі
Қызылорда облысы, Шиелі кенті «№46 А. С. Пушкин атындағы мектеп - лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Cейтханова Индира Сейтханқызы
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Cәндігүл
Cәндігүл Қонақ 4 мам 2016 18:59
0
Жаңа технологияларды колдану арқылы өткізілген дене шынықтыру сабағы. Сабақ өте қызықты және жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Маған қатты ұнады. Сабақ авторына сәттілік тілеймін.