Бәйге бөлімі


Аласа таулы өлкелер

8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Аласа таулы өлкелер
Сабақтың мақсаты: Қазақстан аумағындағы аласа таулы өлкелердің ерекшеліктерімен таныстыру. Ішкі және сыртқы күштердің, таулардың жер бедерін өзгертудегі рөлін түсіндіру. Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын одан әрі дамыту.
Жабдықтары: Интерактивті тақта, ҚР физикалық, тектоникалық картасы
Негізгі ұғымдар: Тау, таулардың биіктігі бойынша бөлінуі.
Түрі: Жаңа сабақты баяндау, өз беттерімен іздену,
Сабақты өткізу әдісі: ACTIVstudio бағдарламасы бойынша

Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру
Сынып оқушыларының сабаққа қатысын тексеру
ІІ. Жаңа сабақ
Д/ж таулар туралы видеоролик көрсетіледі.
1. Тау дегеніміз не?
2. Биіктігіне қарай таулар
нешеге бөлінеді?
3. Қандай тауларды білеміз?

Сабақтың тақырыбы: Аласа таулы өлкелер
Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау
Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын оқушыларға тапсырмалар береді.
Тапсырма: Сарыарқа тауының физикалық - географиялық орнын анықтап көруге тырысайық.
• Оқушылар Сарыарқа тауының физикалық – географиялық орнына картаны пайдалана отырып сипаттама береді.
Мұғалім: Енді оқушылар, Сарыарқаға саяхат жасап қайтайық. (Сарыарқа туралы шағын видео ролик көрсетіледі)
Тапсырма: Келесі Мұғалжар тауының Физикалық - географиялық орнын анықтап көруге тырысайық.
• Оқушылар Мұғалжар тауының физикалық – географиялық орнына картаны пайдалана отырып сипаттама береді.
Мұғалім: Енді оқушылар, Мұғалжар тауына саяхат жасап қайтайық. ( Мұғалжар туралы шағын видеоролик көрсетіледі)
Тапсырма: Келесі Маңғыстау тауының Физикалық географиялық орнын анықтап көруге тырысайық.
• Оқушылар Маңғыстау тауының физикалық – географиялық орнына картаны пайдалана отырып сипаттама береді.
Мұғалім: Енді оқушылар, Маңғыстау тауына саяхат жасап қайтайық. (Маңғыстау туралы шағын видеоролик көрсетіледі)

Мұғалім жаңа тақырып бойынша мәтіндік, бейне құжаттарды және Интернет ресурстарын қолдана отырып қорытындылап өтеді.

ІІІ. Қызықты деректер:
Флипчартта орналасқан Жер атауларын түрткен кезде сілтемелер арқылы суреттер мен қызықты мәліметтер ашылады.
Шерқала - бір қарағанда - киіз үйге, бір қарағанда жасырынып жатқан аңға ұқсайды екен. Оған міну киын, ал түсу тіптен киын. Оның үңгірлеріне кіруге көп адамның жүрегі дауаламайды екен. Сол жердің қарттарының айтуы бойынша ішінде елестер бар дейді. Ол талай ақын, суретшілердің еңбектеріне арқау болған. Шерқала аты аңызға айналған қасиетті жартастың қасында тұлғасы қазақстандық тарихы үшін маңызды болған Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының бекінісі орналасқан деп саналады. Шерқала түрік тілінен «арыстан тауы» дегенді білдіреді.

Шайтан көл - Жұмбақ көл. Жергілікті тұрғындардың айтуы бойынша, түрлі адамдар бұл көлден елес көрген. Көлдің орта тұсы қап - қара болып иірімденіп жатады екен. Көл шағын болғандықтан арғы беттегі адамдар кейде көрініп, ал кейде көрінбейді екен. Шайтан алып кетті ме қайда кетті деп, атауы осыдан шыққан дейді. Жағасына туристер өте көп келеді. Бірақ бұл жерде түнде ешкім қалмауға тырысады екен.
Археологтар Мұғалжар тауынан палеолит дәуірінде өмір сүрген адамдардың 40 шақты орындарын тапқан. Онда алғаш адамдардың тұтынған көптеген заттары табылған. Зерттеулер жүргізген кезде бұл заттарға шамамен млн жыл болғандығы анықталған. Сонда Қазақстан жерінде алғаш адамдар кәзір айтып жүргеннен әлдеқайда бұрын қоныстанған. Батыстан табылған ен алғаш Тасқа жазылған таңбалары бар.
Олар әр түрлі біреулері адамның табаны сияқты болса, енді біреулері жылан тәріздес.

Оқжетпес туралы атақты географ саяхатшы Ш Уәлиханов 15 түрлі аңыз әңгімелер жинаған екен. Соның біреуі: Қазақтар көшіп - қонып жүрген кезеңде осы тауда бір бүркіті өмір сүреді. Ол сұлтандардың жағымсыз қылығына қырғи көзбен қарап отырады екен. Оны жаратпаған сұлтандар атайын десе оқтары жетпепті содан Оқжетпес атанған дейді.

Таудың Ұлытау аталуына мынадай оқиға себеп болған екен.
Тәуке хан 1389 жылы «Жеті жарғы» заңын бекіту үшін атақты биді шақыртады. Төле би бас би болады. Әйтеке би, т. б билер келеді. Әр жүздің міндет??? ы? тарын, байлықты бөлу мәселесін қарастырады. Онда үш жүзді жауластырмай, басқа шапқыншылардан қазақ халқын қорғау мәселесі шешіледі. Міне осы Ұлытау деген маңайында қазақ халқы үшін ұлы мәселелер шешілген деседі.
Мұғалжардағы «Екі ағайынды»тауы - Өте әдемі тау. Бұлай аталу себебі туралы аңыз көп. Біреулері екі мемлекетте орналасқан тау болғандықтан десе, енді біреулері екі атауы болғандықтан дейді. Ал кейбір деректерге сүйенсек бұл тауға соғыс кезінде екі ағайынды ұшқыш мінген самолет құлаған деседі.

Жұмбақтас - Демалып жатқан тынығушылар қайықпен, катамаранмен көлдің ортасына орналасқан “Жұмбақтасқа” барып, оның кереметіне таңқалуда. “Жұмбақтасты” бір қырынан қарасаң — бұрымды жас қызға балайсың, екінші қырынан қарасаң орамал тартқан келіншекке балайсың, үшінші қырынан қарасаң — бетіне әжім түскен кемпірге балап таңқаласың.
Бекіту тапсырмалары:(Интерактивті тақта мүмкіндіктері пайдаланылды )

1 - тапсырма. Оқулықты және картаны пайдалана отырып кестені
Таулы өлке ----------- Оған кіретін тау жоталары ----------- Ең биік нүктесінің аты, биіктігі
Сарыарқа
Мұғалжар
Маңғыстау

2 - тапсырма
50 беттегі тектоникалық картаны пайдаланып, Сарыарқаның қай кезеңде пайда болғанын анықтау:
Жауабы: Полезойлық қатпарлықта, солт - батыс бөлігі каледон, шығыс бөлігі герцин қатпарлығында қалыптасқан.
Мұғалжардың қай кезеңде болғанын анықтау:
Жауабы: Батысы жас полеозой платформалардың шөгінді қабығы, батысы герцин қатпарлығының аймақтары
Жауабы: Маңғыстаудың қай кезеңде болғанын анықтау:
жас полеозой платформаларының шөгінді қабығы

3 - тапсырма. Геодиктант
1. Сарыарқа - Қазақстан жеріндегі ең... тау.
2. Мұғалжар... тауының оңтүстігіндегі Қазақстан жеріндегі жалғасы.
3. Маңғыстау тауларының оңтүстігінде... ойысы орналасқан.
4. Мұғалжардың ең биік нүктесі...
Сарыарқа Қазақстанның.... орналасқан.

4 - тапсырма. Сандар сөйлейді:
1565 м -
657м -
556м -
- 132м -
1936 ж -
1992ж 2 наурыз -
4 - 5 белдеу -
2724, 9 -
3000км -
1394 км -
12 балл -

5 - тапсырма. «Шетелде тұратын досыма хат»
Өз еліміз, оның көркем табиғаты, жер бедері туралы сипаттап досына хат жазу
(Оқушылар тапсырма орындап жатқанда жағымды әуен қосылып тұрады)

6 - тапсырма. ACTIVote – ты пайдаланып тест жүргізу:
1. Сарыарқа батысында шектеседі:
А) Торғай үстірті, Тұран ойпаты
Б) Сауыр Тарбағатай
Б) Тянь - Шань
2. Абсолют Сарыарқаның биіктігі:
А) 500 - 600 б) 700 - 800 в) 900 - 1000
3. Мұнара, Қорған, Жеке Батыр, Салт атты, Жұмбақ тас қай таулы өлкеде:
А) Мұғалжар ә) Сарыарқа б) Маңғыстау
4. Мұғалжар солт - тен оңт - ке қанша км?
А) 450 б) 900 в) 1000
5. Маңғыстау тауларының жоталары
А) Баянауыл, Қарқаралы б) Қаратау, Ақтау
В) Ақтау, Баянауыл
6. Қарақия ТМД да тереңдігі жөнінен нешінші орында
А) 1 ә) 4 б) 5
7. Аласа тауларды көрсет:
А) Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау
Б) Сарыарқа, Тянь - Шань, Мұғалжар
В) Маңғыстау, Алтай, Сауыр - Тарбағатай
8. Сарыарқаның солтүстігінде:
А) Батыс Сібір жазығы б) Жалпы сырт қыраты
В) Каспий маңы ойпаты

- Оқушыларды бағалау
Форматифті бағалау
- Үйге тапсырма беру: Тақырыпты оқып келу, Қызықты деректерді ақпарат құралдарынан қарап іздену.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы,
«№123 жалпы орта мектебі» КММ
География пәні мұғалімі Абдыхадыров Шоқан Жұмаханұлы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 4
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
  • winkwinkedsmileam
    belayfeelfellowlaughing
    lollovenorecourse
    requestsadtonguewassat
    cryingwhatbullyangry
Қауіпсіздік коды :

код көрінбесе қайта басыңыз

Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары
  • «Теңдеулер шешу» тақырыбына ұсынылатын есептер

    Ғылыми жұмыстың мақсаты: теңдеулердің өмірмен байланысын сезіну, оларды шығару, толық баяндау, шешу әдістерін қарастыру және мысалдармен бекіту.
  • Қарағандылықтар да Отан үшін шайқасты

    Орталық Қазақстанда Қызыл Тулы 72 - гвардиялық Красноград атқыштар дивизиясы, 387 - Перекоп атқыштар дивизиясы жəне Ленин орденді 310 - Новгород Қызыл Тулы атқыштар дивизиясы жасақталды.
  • Тұлпар аунаған жерде түк қалады

    Ақжан Жақсыбекұлы 1906 жылдың 2 қарашасында Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. "Тұлпар аунаған жерде түк қалады” дегендей, Ақаң аты­шулы Машан бидің немересі.
  • Мұқағали Мақатаев – қайталанбас дара тұлға

    Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев - Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі. Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді.
  • Киіз үй

    Киіз үй – көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болған. Арғы Сақ, Ғұн заманынан бері қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келді.
  • Өзіңді – өзің тексер

    Сөйлем мүшелері, құрмалас сөйлем және бірыңғай мүшелер туралы алған білімдерін тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, пысықтау және қайталау.
  • Бақылау диктанты

    Оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілеттерін, ақыл - ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ...
  • Сын есімнің салыстырмалы шырай жұрнағы

    Оқушыларға сын есімнің салыстырмалы шырай жұрнағы туралы түсінік беру, оған қатысты жаттығулар орындату;
  • Болымды және болымсыз етістік

    Етістік бойынша алған білімдерін пысықтау және сөйлем ішінен етістіктерді тауып талдай білуге, ажырата білуге дағдыландыру.
  • Зат есімнің тәуелденуі

    өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

Өз пікіріңді білдір
Қандай конкурстар ұйымдастырған дұрыс
Сайтта кім бар
Барлығы: 5
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 5
Роботтар: 0
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика