Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер.

12 қаңтар 2017, Бейсенбі
Категориясы: География
Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер.

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты үздік сабақтар бәйгесіне

Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер, олардың пайдасы мен зияны, зардаптары жөнінде мағлұматтармен таныстыру.
Дамыту: Оқушылардың зейінін, ойлауын, пәндік стильде сөйлеу мәдениетін, картамен жұмыс істеу дағдысын танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Табиғат құбылыстарына қырағы болуға, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: АКТ(ақпараттық коммуникациялық), сын тұрғысынан ойлау, тірек - сызба, топтастыру, сандық бақылау, картамен жұмыс, өзекті сұрақ қою т. б
Пәнаралық байланыс: сурет, археология, әдебиет, тарих.
Сабақтың көрнекілігі: Дүниежүзінің физикалық картасы, слайд, оқу фильмі, кестелер, кескін карта, тірек сызбалар, түрлі үлестірмелер, ватман, маркер.

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Сергіту
ІІІ. Мағынаны тану.
IV. Ойтолғаныс.
V. Қорытындылау.
VI. Бағалау.
VIІ. Үйге тапсырма беру.
VIІІ. Кері байланыс.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (2 минут). Оқушылармен сәлемдесу. «Тәуелсіздікке тілек» арқылы психологиялық қолайлы ахуал туғызу,(Бірнеше оқушы өз тілектерін айтады: (Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Халқымыз гүлдене берсін! Тәуелсіздік құтты болсын! Үнемі биіктен көрінейік! Баршаңызға сәттілік тілеймін!)
«Жұлдыздары жарасқан» принципін басшылыққа алып, топтарға (көк, қызыл сары, қара, жасыл) жайғастыру. Назарларын сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ. Қызығушылықты ояту. (8 минут) «Тәуелсіздікке тарту».
Шарты: Оқушылар үй тапсырмасы «Жер қыртысының қозғалысы» тақырыбы бойынша 3 теңге бірлігі (2 000, 5000, 10 000 теңгелер) жазылаған конверттен таңдауымен сұраққа жауап береді. Сұрақтың қиындық деңгейі оның бағасына негізделген.
Қорытындылау: Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына ең «бағалы» сый жасаған білімді топты бірлесе анықтаймыз.
Сергіту сәті: (2мин) Ақын аға ізімен...
Ерте, ерте, ертеде
Өскемен деген өлкеде,
Иық бұрмай тек білімнен басқаға
Қатар өсті жиырма үш бірдей жас бала.
Қатар жүріп сан өнерге машықты,
Бірге оқып, бірге өнерге асықты.
Жиырма үшіне назар бұрды ел ерек,
Өйткені олар арманшыл еді керемет.
МӘҢГІ ЛАУЛАП ЖАНУ ҮШІН ҒАЛАМДА,
ҮЛКЕН БАҚЫТ ТАБУ ҮШІН ҒАЛАМДА,
ҮЛКЕН БОЛЫП ҚАЛУ ҮШІН ҒАЛАМДА,
ҮЛКЕН АРМАН КЕРЕК ЕКЕН АДАМҒА
СОЛ АРМАНҒА ЖЕТУ ҮШІН БІРАҚ ТА
ОҚУ МЕНЕН БІЛІМ КЕРЕК ӘМАНДА!!!.

ІІІ. Мағынаны тану: (8 мин) «Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер». АКТ әдісі (слайд).
Негізгі ұғымдар:
1. Жанартау
2. Жанартау көмейі
3.“Кратер” (грекше “тостаған”)
4. Лава
5. Сөнген жанартау
6. Сөнбеген жанартау
7. “Ұйқыдағы” жанартаулар.
8. Арасан суы
9.”Гейзер” (исландша”- шапшу, лақ ету )
Оқу фильмі (2 мин)
(Жаңа тақырып слайд бойынша түсіндіріледі).
1. Жанартаудың пайда болуы мен оның құрылысы.
2. Сөнген және сөнбеген жанартаулар.
3. Жер бетін қалыптастырудағы жанартау әрекеттерінің маңызы.
4. Ыстық бұлақтар мен гейзерлер. Арасан суы. Аймақтық компонент.

IV. «Ой толғаныс». (15мин)
1 - тапсырма. «Сандық бақылау».(4 мин) Ереже оқылады, топтағы оқушылар сағат тілі бағытымен нұсқаларға бөлініп, жауапты белгілейді.

Ұғымдардың оқылу реті: 1. Сөнген жанартау. 2. Арасан 3. Гейзер 4. Лава 5. Кратер 6. Жанартау.
Жауабы: 1 - нұсқа: 354 - 621 2 - нұсқа: 156 - 423 3 - нұсқа: 423 - 156
«Сандық бақылау» мәтіні.
1. Атқылауы жөнінде ешбір мағлұмат қалмаған жанартау.
2. Температурасы 100ºС – қа дейін, құрамында алуан түрлі тұздар мен газдар кездесетін су.
3. Оқтын - оқтын ыстық су мен бу атқылап тұратын су көзі.
4. Жер бетіне шыққанда ұшпа заттарынан айырылатын магма.
5. Жанартау көмейінің жоғары жағындағы тостаған тәріздес ұңғы.
6. Көмейінен ыстық газ, бу, күл, тас, т. б атқылап тұратын және жер бетіне отты қоймалжың зат лава тасып төгілетін конус формалы тау.
2 - тапсырма: Картадан жанартаулардың географиялық координатасын анықтап, кескін картаға белгілеңдер. (3 - мин)
1 - топ көк: Котопахи, Этна
2 - топ қызыл сары: Килиманджаро, Фудзияма
3 - топ қара: Ключи шоқысы, Орисаба
4 - топ жасыл: Везувий, Кракатау
3 - тапсырма. (4+4 - мин) Адамзаттың жердің ішкі энаргиясын пайдалануы.(ватман, 4 түсті маркер беру)
Шарты: Әр топ өз білгенін 1минутта бір түсті маркермен жазады. Нәтижесінде ең білімді топ анықталады. Әр топтан бір оқушы қорғайды.
1 - топ. Жанартау, ыстық бұлақтардың пайдасы
2 - топ. Жанартау, ыстық бұлақтардың зияны
3 - топ. Жанартауларды зерттеудің маңызы.
4 - топ. Зардаптардың алдын алу.

V. Қорытындылау.(1 мин) Оқушыларға тәуелсіздігіміз ұзақ та баянды болуы, экономиканың қарқындап дамуы – білімді азаматтарына байланысты екенін айту.
VІ. Бағалау. (3 мин) Өзін - өзі бағалау, топаралық бағалау арқылы жиынтық баға қою.
VІІ. Үйге тапсырма: (2мин) § 22 оқу. 79 - 84 - беттер. 3 - қадам тапсырмасы.
VІІ. Кері байланыс: (2 мин) Оқушының сабақ туралы пікір, ұсынысы.

Шығыс Қазақстан облысы , Өскемен қаласы әкімдігінің
«Ахмет Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебі» КММ
география пәні мұғалімі Жандыкенова Жайнагүл Мағатайқызы
(құжатта: Жайнагул Магатаевна)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 556
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Африканың аймақтарына шолу
Африканың аймақтарына шолу
Африка материгі бойынша өткен тақырыптарды, географиялық орнына, зерттелу тарихына, жер бедері мен климатына және ішкі сулары мен табиғат зоналары, елдері мен халқына сипаттама бере отырып еске түсіру, оның табиғаты үшін маңызын түсіндіру.
Тәуелдік жалғауын пысықтау. Қазақстанның табиғаты
Тәуелдік жалғауын пысықтау. Қазақстанның табиғаты
Тәуелдік жалғауы туралы түсініктерін пысықтау. Қазақстан табиғаты тақырыбы бойынша білімдерін толықтыру. Сөздерді тәуелдеу арқылы оқушылардың логикалық ойлау өрістерін, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын, ауыз – екі сөйлеу тілдерін дамыту.
Африка материгін қайталау
Африка материгін қайталау
Африка материгі туралы алған білімдерін жинақтап, өткен сабақтан алған білімдерін жүйелеу. Оқушылардың ойлау қабілетін, зейінін, танымдық қабілеттерін дамыту.
Батудың (Батый) орыс жеріне жорығы
Батудың (Батый) орыс жеріне жорығы
Алтын Орда туралы білімдерін толықтыра отырып, Батыйдың орыс жеріне жорығына толығырақ тоқталу, Орыс жерінің не себептермен монғол - татар әскерлерінен жеңілгендіктерін ашып түсіндіру.
Биосфера тақырыбын қорытындылау
Биосфера тақырыбын қорытындылау
Түркістан қаласы Ә. Науаи атындағы №13 мектеп - гимназия география пәні мұғалім: Рахимова Н.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.